Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Ішкі саясат бөлімі

Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің

2017 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының туралы

АҚПАРАТ

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген, бүгінгі таңда жұмыс жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды.

Мәселен, бөлім тарапынан 7 қаңтар ауданда «Рождество Христово» діни мерекесіне орай «Әулие Георгий Победоносец» шіркеуіндегі жұртшылықты мерекемен құттықтауы, 14 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына күніне арналған митинг, осы шара аясында ауданның барлық ауылдық округтерінде әр түрлі тақырыптарда іс шаралар өтті.

Наурыздың 7 күні «8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын мен мерекелік концерттерттік бағдарлама өтті.

8  наурыз аудан әкімінің көп балалы аналарды және әртүрлі салада үздік қызмет атқарып жүрген азаматшалармен кездесуі ұйымдастырылды.

Ауданда Ұлыстың ұлы күніне орай – Наурыз мейрамының өткізілуі ұйымдастырылды.

15 наурыз – «Құрмет күніне» орай аудан бойынша бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері соғыс және тыл ардагерлеріне, ауыл еңбеккерлеріне ерекше құрмет көрсету ұйымдастырылып, ардагерлерді көктемнің келуімен құттықтаулар айтылды.

16 наурыз – «Ынтымақ күніне» орай  аудандық мәдениет үйінде «Ахысха» түрік этномәдени бірлестігінің ашылуы күнін мерекелеуі ұйымдастырылып, 300 адамның қатысуымен этномәдени бірлестіктердің концерті өткізілді.

19 наурыз – «Қамқорлық күні» мерекесі қарсаңында аудан бойынша  әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларға, көмекке мұқтаж мүгедек жандарға, тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жалпы 150 адам қамтылды.

20 наурыз – «Қуаныш күніне» орай перзентханаларды аралау ұйымдастырылды, жаңадан сәбилі болған аналарға қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар атынан құттықтаулар мен сыйлықттар тапсырылды.

22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні мейрамына орай орталық алаңда (барлық ауылдық округтерде) көпшілік серуені ұйымдастырылды, құрылғын қазақ үйлер мен шатырларда аудан тұрғындарына Наурыз көже таратылып, дастархан жайылды.

22 наурыз  – «Шаттық күніне» орай аудан бойынша (барлық ауылдық округтерде) көңілді мәре ұйымдастырылды. Әртүрлі спорттық жарыстар өткізілді (қазақ күресі, кір тасын көтеру, армрестлинг, арқан тарту, тоғыз құмалақ  т.б.)

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлік күні  мерекесіне орай ауқымды іс шаралар ұйымдастырылды және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдерінің аудан әкімімен кездесуі өткізілді.

7 мамыр –Отан қорғаушылар күніне орай ауданда бірқатар іс шаралар мерекелеу ұйымдастырылды, 2038 әскери бөлімінің қызметкерлері мен аудан жастарының кездесуі, орталық аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай концерттік бағдарлама өткізілді.

9 мамыр – Жеңістің 72 жылдығына орай орталық алаңда мерекелік концерт ұйымдастырылып, барлық ардагерлерге қайырымдылық көмектер мент құттықтаулар берілді.

31 мамыр – Саяси құрғын-сүргін  құрбандарын еске алу күніне орай орталық алаңдағы қуғын сүргін құрбандарына арналған Стелла монументі маңында митинг өткізілді.

1 маусым – Бүкіләлемдік балаларды қорғау күніне орай Қордай ауылының жасыл саябағында мерекелік концерт ұйымдастырылып, спорттық жарыстар және қолөнер байқаулары өткізілді.

6 шілде  – Астана күніне орай аудан орталығы мен ауылдық округтерде  ауқымды іс-шаралар өткізіліп, мерекелік концерттік бағдарламалар әзірленді.

30 тамыз  – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай іс-шаралар жоспары әзірленіп, барлық ауылдық округтер мен аудан орталығында мерекелік бағдарламалар ұсынылды.

22 қыркүйек Тіл күніне орай ауданда бірқатар іс шаралар ұйымдастырылды.

1 қазан – Қарттар күніне орай 100 қартқа қайырымдылық ас ұйымдастырылды, аудан әкімінің 100 жастан асқан қарттарды құттықтауы, сонымен қатар, қарттар мен аудан жастарының кездесуі, жалғызбасты қарттардың үйлеріне үй жұмыстарын жасауға көмек көрсетілді.

10 қазан – мүгедектер күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық ас, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, сыйлықтар тапсырылды.

Барлық атаулы мерекелерге аудан орталығы мен ауылдық округтерде тақырыпқа сай баннерлер орналастырылды.

Өздеріңізге мәлім, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жылсайынғы жолдауын жолдайды.

Мәселен, ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын ұсынды.

Қордай ауданы әкімдігінің 2017 жылдың 31 қаңтарындағы                           №40 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 30 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылуы барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жолдауды аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында 10 адамнан тұратын облыстық ақпараттық түсіндіру топтары құрылған, топ мүшелері облыстық іс шаралар жоспарына сәйкес,  ауылдық округтерде ай сайын ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізуде.

Сонымен қатар,  Жолдауды аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында құрамы 18 адамнан тұратын 3 аудандық ақпараттық түсіндіру тобы құрылды.

Топтың құрамында ауылшаруашылық, әлеуметтік, спорт, қоғамдық кеңес, депутат, үкіметтік емес ұйымдар (этномәдени бірлестіктер, қоғамдық бірлестіктер), ветеринария, құрылыс, жер, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, мәдениет, білім саласы қызметкерлері бар.

Сондай – ақ 2017 жылдың 31 қаңтар күні ауданның барлық мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарында өз ұжымдарымен Жолдауды талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» отырыстары мен кездесулер ұйымдастырылды.

Аудан әкімінің ресми веб сайтында Жолдаудың қазақша, орысша мәтіні орналастырылды, аудандық БАҚ-та Жолдаудың 2 тілдегі мәтіні жарық көрді.

Аудандық «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» қоғамдық саяси газетінде Жолдау туралы 15 қазақ тілінде, 15 орыс тілінде мақала жарық көрді.

Сондай-ақ ауданның әр сала басшылары, қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер тарапынан 17 қазақ тілінде, 16 орыс тілінде Жолдауға қатысты пікірлері жарияланды.

Қазақстан Республикасының Президентінің конституциялық реформалар туралы үндеуі бойынша облыстық ішкі саясат басқармасымен келісіліп, бекітілген желілік кестеге сәйкес қаңтар айының 26 күні мен наурыз ауының 18-не дейін үндеуді қолдау, талқылау бойынша 85 әртүрлі іс шаралар (дөңгелек үстел, жиналыс, конференция, флеш моб және т.б.)  ұйымдастырылып, жалпы 10 мыңға жуық аудан тұрғындары қамтылды.

Үндеуді түсіндіру бойынша аудандық мобильді топ құрылып, барлық салалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімінің ресми веб сайтында Үндеудің қазақша орысша мәтіні орналастырылды.

Аудандық «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» қоғамдық саяси газетінде және «Вестник предпринимателя и потребителя» газеттерінде Үндеудің толық мәтіні екі тілде жарық көрді және іс шаралар өткізу барысы, депутаттардың сапары, аудан тұрғындарының Үндеуге пікірі тұрақты жарияланып ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп отырды.

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласынның орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар:

Мәселен, Қордай ауданында Мемлекет Басшысының бағдарламалық мақаласын іске асыру және ілгерілету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Бағдарламаны іске асыру бойынша сәуір айында 10 адамнан тұратын жұмысшы топ құрамы, іс-шара жоспары, медиа-жоспар  және желілік кесте бекітіліген.

Жұмысшы топтың тарапынан бүгінгі күнге дейін 14 отырыс өткізілді. Отырыс барысында тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.

2017-2019 жылдарға арналған 37 тармақтан тұратын аудандық іс-шаралар Жоспары бекітіліп, бүгінгі күнге оның 15 тармағы іске асырылды.

Сондай-ақ, желілік кестеге сәйкес, бүгінгі күнге 36 іс-шара өткізіліп, кестеден тыс 6 орта мектепте, 1 колледжде кездесулер өткізілді, барлығы 2300 –ге жуық адам тартылды.

Жалпы, аудан бойынша Елбасы мақаласын түсіндіру бойынша 56 іс-шара өткізіліп, оған 7000 мыңға жуық адам қамтылды.

Рухани жаңғыру бағдарламасын насихаттау мен жүзеге асыру жұмысына азаматтық қоғам институттары белсенді тартылуда.

Мәселен, желілік кестеге сәйкес 36 іс-шара ұйымдастырылса, оның                               18 іс-шарасына аудандағы үкіметтік емес ұйымдар белсенді қатысты.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын аудан көлемінде жүзеге асыру мақсатында аудан әкімінің 2017 жылғы 23 маусымдағы №57-ө өкіміне сәйкес өңірлік жобалық офис (5 адамнан) құрылды. Жобалық офис аудан әкімдігінің ғимаратында орналастырылды.

Жобалық офис бойынша:

«Рухани жаңғыру» Бағдарламасын облыста жүзеге асыру мақсатында өңірлік реестрге 4 кіші жоба енгізілді.

Кіші жобалар «Тәрбие және білім», «Рухани қазына»,  «Атамекен» және «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары бойынша әзірленді.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша – 1 кіші жоба;

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша – 3 кіші жоба;

«Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша – 1 кіші жоба.

«Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы – 1 кіші жоба

Бағдарлама аясындағы кіші жобалардың іске асырылу барысы.

«Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша:

«Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыру бойынша Қордай ауданынан облыстық реестрге 1 кіші жоба енгізілді.

Жобаны 2017-2020 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда («Өндірісі өрге басқан ауыл Ноғайбай» атты Ноғайбай ауылының инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған жоба)

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша:

Бағдарламаны ауданда ілгерілету бойынша 3 кіші жоба ұсынылған, оның 3-уі де 2018-2022 жылдары жүзеге асырылатын болады («Екі Кенен тумайды Алатауға ексең де» атты айтыс,  «Текті сөздің төресі – терме» аудандық байқауы, «Екі жұлдыз» жобасы).

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша:

Аталған кіші бағдарламаға ауданнан облыстық реестрге 1 кіші жоба енгізілді. Жобаны 2018-2022  жылдар аралығында іске асыру жоспарлануда («Қозғалыстың жас инспекторы» атты оқушылар арасындағы байқау).

«Ақпарат толқыны» бағдарламасы аясында бағдарламалық мақаланы ақпараттық сүйемелдеу және аудан тұрғындарына кеңінен жеткізу бойынша аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендерде, білім беру мекемелерінде, қоғамдық орындар мен көшелерде барлығы 50 көрнекі ақпарат құралы орналастырылды.

Сондай-ақ, аудандық медиа-жоспар әзірленіп, «Қордай шамшырағы» газетінде 3 айдар ашылды («Рухани жаңғыру», «Туған жер», «Бабалар мұрасы»).

«Қордай шамшырағы» газетінде 42, «Кәсіпкерлер жаршысы» газетінде 2 мақала жарияланды, оның 23-і өткізілген іс-шаралар туралы материалдар

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ресми сайтында ашылған «Рухани жаңғыру» айдарында 2, «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты айдарда 1 материал орналастырылған.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қатысуымен өткізілген                      7 кездесу мен 1 флешмоб инстаграмм әлеуметтік желісінде жарияланған.

  1. «Туған жер» жобасы аясында Қордай ауданында жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен тұрғын үйлер бой көтеріп, спорттық жабдықтар сатылып алынды.

Атап айтсақ, Қордай ауданының Құрметті азаматы С.Салыбаев өз қаражаты есебінен, 17 млн теңге көлемінде аудандағы жағдайы төмен отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға 4 бөлмелі 4 тұрғын үй салып берсе, ағымдағы жылдың қараша айында тағы құны 9 млн 900 мың теңгеге аудандағы жағдайы төмен 1 отбасыға арналған  4 бөлмелі үйдің құрылыс жұмыстары аяқталады.

Сонымен қатар, 2017 жылы мамыр айында жеке кәсіпкер А.Жұмабаевтың демеушілігімен  1 млн 800 мың теңгеге спорттың 9 түрінен көше жаттықтырғыштары Қордай ауылының орталық саябағында орнатылып, қазіргі таңда аудан тұрғындары көше жаттықтырғыштарымен жүйелі түрде шұғылдануда.

Сондай-ақ, биылғы оқу жылынан бастап аудандағы барлық мектептердің 8 – сынып оқушылары үшін  «Туған жер тарихы», 7 сынып оқушылары үшін «Өлкетану» сабақтары қосымша вариативтік компоненттен енгізілді.

  1. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында мақсатында ауданық туристик маршруттың жобасы әзірленді. Ол «Кенен Әзірбаев» атындағы мемлекеттiк әдеби-мемориалдық музейiнен басталып, Қордай ауылындағы «Георгиевск» қалашығы, Қарасу ауылдық округіндегі «Өтеген батыр» кесенесі, Масанчи ауылдық округіндегі «Тоспалы жартас» жазулары, Қаракемер ауылдық округіндегі «Кенесары хан» мемориялы арқылы өтіп, Қарасай ауылындағы «Қарасай батыр» ескеркішімен аяқталады. Туристердің аталған нысандар туралы ақпарат алу үшін жол бойына 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) нұсқаулық-бағдарлар орналастырылды.

Жалпы ауданда ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп ҚР «тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау» Заңына сәйкес жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Аудандағы тарихи – мәдени ескерткіштердің аумағына жастардың сенбіліктері ұйымдастырылып тұрады.

Сондай-ақ, аудандағы тарихи орындарымен таныстыру мақсатында мектеп оқушылары мен аудан жастары арасында 3 жолы экскурсия және аудандық тарихи – өлкетану музейінде 20 ға жуық сабақтар өткізілді.

Ауданның тарихи-мәдени орындары туралы аудандық облыстық «Ақ жол» және «Знамя труда» газеттерінде 2 мақала, «Қордай шамшырағы» қоғамдық – саяси газетінің «Рухани жаңғыру» айдарында 5 мақала, «Кәсіпкерлер жаршысы» газетінде 3 мақала жарық көрді.

  1. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша:

Жобаны ақпараттандыру және азаматтар аудиториясын жоғарылату жұмыстарына  аудандық БАҚ жұмылдырылды.

Ағымдағы жылдың тамыз айынан «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы туралы «Қордай шамшырағы» газетінде логотиппен бірге                            4 хабарландыру жарияланды. Аудан әкімдігінің ресми сайтында «100 жаңа есім» атты арнайы айдар ашылған.

Аталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

 

2.Үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктермен атқарылған жұмыстар:

Ауданда үкіметтік емес ұйымдардың саны жыл өткен сайын артуда, мәселен, 2014 жылы – 14 ҮЕҰ, 2015 жылы 16 ҮЕҰ болса, 2016 жылдан түрік және күрд этномәдени бірлестіктері өз жұмыстарын бастады.

Қазіргі таңда 20 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 18-і белсенді жұмыс атқаруда, 20 ҮЕҰ-ның 8-і этномәдени бірлестіктер болса, 12 әртүрлі бағытта қызмет атқаратын қоғамдық бірлестіктер. Этномәдени бірлестіктер ауданымызда болып жатқан барлық әлеуметтік-саяси іс-шараларға белсене араласады.

Ауданда атқарушы органдармен ҮЕҰ арасында өзара ынтымақтастық қарым қатынас қалыптасқан.

ҮЕҰ – дың басым бөлігі ауданда шоғырланған.

Қордай ауданы әкімдігі жанында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл жасау жөніндегі комиссия құрылған.

Комиссия мүшелерінің басым бөлігі үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері болып табылады.

Комиссияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген, жұмыс жоспарына сәйкес, тоқсанына 1 рет комиссия отырысы тұрақты өткізіліп отырады.

Ауданда үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру мақсатында 2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде аудандық бюджеттен 3,0 млн теңге бөлініп, 6 лот ойнатылып, әртүрлі форматтағы 50 іс шара ұйымдастырылып өткізілді.

Ал 2017 жылы аудандық бюджеттен 3 млн 90 мың теңге бөлініп, 6 лот ойнатылды, бүгінгі таңда аудан көлеиінде 40-қа жуық іс шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Жыл соңына дейін 20 іс шара өткізілетін болады.

 

  1. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру мақсатында атқарылған жұмыстар

Аудандағы халық саны 140 365 болса, оның ішінде әйелдер – 70515 адамды құрайды. Олар мемлекеттік басқару жүйесі, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік саласында еңбек етеді.

Аудан бойынша 17 аудандық мәслихат депутатының 6-ы әйел адам болса, ауданнан сайланған облыстық 4 мәслихат депутатының 1 –і әйел. Аудан бойынша жалпы 210 мемлекеттік қызметкер болса, оның 69-ы әйел азаматшаларды құрап отыр. Әртүрлі салаларда басшылық лауазымда отырған әйелдердің саны -10. Ауыл әкімінің орынбасары қызметінде -1.

Аудан әкімдігі жанында әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрылған.

Комисиия құрамында аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, этномәдени бірлестік жетекшілері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары (әйел азаматшалары) бар.

Комиссияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген, жұмыс жоспарына сәйкес комиссияның 3 отырысы өткізілген.

Ауылдық округтерде әйелдер кеңесі құрылып, бекітілген іс-шара жоспарлары бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

 

4.Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Қордай ауданында атқарылған жұмыстардың ақпараты

Қордай ауданы бойынша Астана қаласындағы халықаралық көрмені жергілікті тұрғындар арасында насихаттау және  түсіндіру бойынша  бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Аудан бойынша жалпы халық саны – 140 365 мың адам. Оның ішінде: экономикалық белсенді халық саны – 79 596 адамды құрайды.

Халық санын ескере отырып, Қордай ауданы бойынша «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге жалпы саны 12500 дана билет және                 280 турпакет алу жоспарланып, нәтижесінде 1575(561% ) тур пакет және 7603 (61%)  билет сатылды.

Облыстық ішкі саясат басқармасынан жолданған тақырыптық эскиздерден халықаралық ЭКСПО 2017 көрмесіне орай аудан бойынша  (Қордай-5, Қақпатас-1, Сортөбе-1, Үлкен Сұлутөр-1) билбордтар орналастырылған.

 

  1. Діни жұмыстары туралы мәлімет.

Қордай ауданы облыс бойынша діни бірлестіктер ең көп шоғырланған өңір.

Жалпы, ауданда 7 конфессиядан құралған 60 діни бірлестік пен олардың филиалдары ресми тіркелген, оның ішінде – 54 ислам бағытында, христиандық бағытында – 6 (1 орыс-православ, 5 протестанттық).

Бүгінгі күнге Қордай ауданы бойынша 8 намазхана және 1 табыну үйі бар.(Үлкен Сұлутөр – 1, Алға ауылы – 1,Масаншы ауылында – 1, Күнбатыс             1ауылында – 1, Бәйтерек ауылында-1, Керу ауылында – 1, Сортөбе ауылында – 1, Қарасу ауылында – 1 және Қайнар ауылында – 1 «Табыну үйі»).

Мешіттердің 51-де имамдар Бас муфтидің бұйрығымен тағайындалып, жұмыстарын атқаруда, ал 3 мешіттің имамы жоқ. (Ноғайбай ауылы, Отар ауылы, Беріктас ауылы)

Бүгінгі күнге аудандағы 54 мешіттің 51-де бейнекамералар орнатылды. Ал қалған 2 мешітке (Ноғайбай ауылы, Қарасу ауылы) бейнекамералар орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде, ал 1 мешітте (Беріктас ауылы, Мұхамедиан мешіті) бейнекамера орнатылмаған.

Қордай ауданы имамдарының 5 % жоғары діни білім бар,                          65 %- бастапқы діни білім болса, 30 % білімдерін жетілдіруде. Сондай-ақ                1 имамда магистрлік дәрежесі бар.

Қазақстан Республикасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес, аудан, ауылдық округ әкімі аппараттары жанынан құрамы 5 адамнан тұратын дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары құрылған, оның ішінде аудандық 1 топ (10 адам) және ауылдық 19 топ жоспарға сәйкес                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            жұмыстарын жүргізуде.

Ауылдық округ әкімі аппаратымен тұрғындар арасында діни экстремизм және радикалды діни ағымдардың ықпалына түсудің жолын кесудің алдын алу бойынша аудандық ақпараттық-түсіндіру тобымен аудандық 24 іс-шара, ауылдық ақпараттық түсіндіру топтарымен 152 іс-шара өткізілді.

Облыс әкімі К.Көкрекбаевтың тапсырмасына сәйкес, 2016-2018 жылдарға арналған діни экстремизмге мен терроризмге қарсы және діни ахуалды тұрақтандыру бойынша аудан көлемінде  желілік кесте әзірленді.

Жалпы 3 жылға арналған желілік кестеге сәйкес, жалпы саны 1002 іс-шара жоспарланған.

2017 жылдың 9 айында желілік кестеге сәйкес 200 іс-шара өткізіліп, аталған іс-шараларға ауыл тұрғындары, ҰОС және еңбек ардагерлері, аз қамтылған, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі жандар, арнайы және орта білім жастарымен,  мемлекеттік қызметкерлер қатыстырылды.

Жыл баснынан діни тақырыпта 10 билборд ілінген.

2016  жылы аудандық бюджеттен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде              500,0 мың теңге қаржы бөлініп, бірқатар іс-шаралар өткізілсе, 2017 жылы аудандық бюджеттен 515,0 мың теңге бөлініп, 10-ға жуық ауқымды іс шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Діни экстремизм  мен терроризмнің алдын алу және деструктивті діни ағымдарға қарсы үгіт насихат жүргізу мақсатында «вконтакте», «facebook»  әлеуметтік желілерде Қордай ауданы әкімдігі дін істері жөніндегі сектордың парақшасы ашылып, фото, видео және аудио түрінде материалдар жарияланып отырса, интернет желісінде 300-ге жуық күдікті сайт анықталып, Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-не  жолданды.

Аудандағы діни ахуал туралы сұрақ аудан әкімдігінің алқа мәжілісінде (ағымдағы жылы) қаралды.

Бүгінгі таңда жалпы ауданда діни ахуал қалыпты жағдайда.

 

  1. Мемлекеттік рәміздерді қолдану және орналастыру бойынша жүргізілген жұмыстар:

Аудан әкімдігі жанында мемлекеттік рәміздерді орналастыру, қолдану және насихаттау жөніндегі комиссия құрылған.

Комиссияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, бүгінгі таңда жұмыс жоспарына сәйкес комиссияның 3 отырысы өткізілген.

Бөлім тарапынан тоқсанына 1 рет аудан орталығындағы бөлім, мекеме, ауылдық округтердегі мемлекеттік мекеме ғимараттарындағы мемлекеттік рәміздерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп отырады.

Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, бөлімге қателіктерді жою бойынша атқарылған жұмыстардың ақпараттары (фотосуреттерімен) жолданып отырады.

Аудан әкімдігінің қараша айында өтетін алқа мәжіліснде аудандағы мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша атқарылған жұмыстар туралы сұрақ енгізілетін болады.

 

  1. Мемлекеттік жастар саясаты бағдарламаының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар:

Қордай ауданында Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиясын, Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңын, «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мемлекеттік жастар саясатын  жүзеге асыруымен мүдделі жергілікті атқарушы органдармен, мекемелермен, білім ордаларымен бірлесе аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі айналысады.

Қазіргі таңда, орталықтың құрамы 59 штаттық бірлікті құрайды.

Яғни, 1 директор, 4 сектор меңгерушісі, 8 инспектор, 1 бас есепші,                19 ауылдық округте 19 жастар ісі жөніндегі және 19 спорт инспекторлары және 7 техперсоналды қызметкерлер қызмет атқарады, олар қажетті құрал жабдықпен толық қамтамсыз етліген.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қордай ауданында 14 пен                         29 аралығында 35461 жас бар, бұл бүкіл аудан халқының үштен бір бөлігін құрап отыр.

Ауданымызда 4 колледж орналасқан (2 мемлекеттік, 2 жеке меншік) техникалық және кәсіби орта арнаулы оқу орындарында 2059 жас білім алуда.

Ағымдағы жылыколледж бітірген түлектер саны- 587 адамды құрайды («Қордай» ауылшаруашылық колледжі-147, №7 Бетқайнар кәсіптік колледжі – 153, «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжі – 159, «Қордай» гуманитарлық экономикалық колледжі – 128).

197 жас, Отан алдындағы әскери борышын өтеуде.

Үстіміздегі жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша                   100 маманға 15883,0 мың теңге көлемінде қаржы қаралса, тұрғын үй сатып алуға маманға 146350,0 мың теңге (бір маманға  3403,4 мың теңге) қаржы қаралған.

Жастарды уақытша жұмысқа тарту мәселесі де жыл санап өсуде.                  2017 жылы «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың сәуір, мамыр айларында абаттандыру жұмыстарына 98 жас жұмысқа тартылды.

Қордай ауданы бойынша жергілікті және республикалық бюджеттен «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы 2017 жылдың 9 айында 85 жас маман тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Ақылы қоғамдық жұмыстар арқылы 53 жас жұмыспен қамтылды.

2017 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша қайырылғандар саны                  319 жас, тұрақты жұмыспен қамтылғандар 114.

Ауданымызда жастардың спортпен жүйелі түрде шұғылданатын                   52 спортзалдары мен 2 спорт мектептері жұмыс жасауда, аталмыш мекемелерде жасы 14-29 аралығындағы 6985 жас тұрақты түрде спортпен шұғылдануда.

Аула клубтарында 2339 ға жуық жас тұрақты түрде түрлі үйірмелерге қатысуда (шахмат, дойбы, үстел теннисі үйірмелері).

Жастар саясаты бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2016 жылы 35698,0 мың теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде аудандық бюджеттен 28887,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 6811,0 мың теңге бөлінді. 2017 жылға 39464,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде:

  • Жастар ресурстық орталығының қызметін қамтамасыз етуге 34516,0 мың теңге;
  • Аудандық деңгейдегі іс – шаралар өткізуге 2276,0 мың теңге;
  • «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруға 2672,0 мың теңге;

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың                     2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының жолдауын аудан жастарына насихаттау мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерінен құралған үгіт насихат тобы 2017 жылдың наурызы мен сәуірі аралығында барлық ауылдық округте (Беқайнар, Қарасай, Өтеген, Ауқатты, Сортөбе, Сарыбұлақ, Қордай) орналасқан  2038 әскери бөлімінің заставаларына «Жолдау қуаттылығы жастардың қолында!» ұранымен жастар автокеруені шығып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың                          2017 жылдың 12 сәуірінде жолданған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын мектеп оқушылары мен студенттерге түсіндіру бойынша 14 рет кездесу өткізілді.

Аудан әкімдігі жанынан құрылған жастар ісі жөніндегі Кеңес тұрақты түрде өзінің жұмысын жүргізуде.

Кеңестің ережесіне және жоспарға сәйкес жылына 2 Кеңес отырысы өткізіледі.

Жалпы атқарылған іс–шаралар туралы мақалалар 2 тілде, суреттерімен аудандық «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» қоғамдық саяси газеті және «Кәсіпкер жаршысы» атты аудандық газет беттеріне үнемі жарияланып отырады, 2017 жылдың 9 айында жалпы жарияланған мақала саны – 37.

Ақпараттық материалдар «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік желілерінде тұрақты жарияланды (Instagram, Вконтакте, Facebook), жарияланған мақала саны – 74.