Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімі

Қордай ауданы бойынша орта және шағын кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері туралы  ақпарат.

 

Шағын және орта бизнес.

Аудан экономикасының дамуында басым бағытты шағын және орта бизнес алып тұр. Қазіргі таңда, шағын және орта бизнес тіркелген субъектілері аудан бойынша 7382 бірлікті құрайды, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,8% төмен (7598 бірлік).

Жеке кәсіпкерлік.

Шағын және орта бизнес тіркелген субъектілерінің басым көпшілігі жеке кәсіпкелерге тиесілі – 66%, былтырғы жымен салыстарғанда саны 5117-ден 4777 бірлікке яғни 340-қа азайған. Жеке кәсіпкерлікдің азаю себебі ағымдағы жылы аудандық статистика басқармасымен жеке кәсіпкерлердің жұмыс істейтіндігі туралы сауалнама жүргізіліп, жұмысы тоқтап тұрған жеке кәсіпкерлер тіркеуден алынды.

Шаруа қожалықтар.

Шағын және орта бизнес тіркелген субъектілерінің 25% шаруа қожалықтарына тиесілі, былтырғы жымен салыстарғанда саны 1815 бірліктен 1914 бірлікке яғни 99-ға артық көтерілген.

Заңды тұлғалар.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің ең аз үлесі 9% заңды тұлғаларда, былтырғы жымен салыстарғанда саны 666-дан 691 бірлікке яғни 25-ке артық көтерілген. Соның ішінде жұмыс істейтіндері – 450 немесе 65,1%.

2017 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің өндірілген өнімдер мен қызметтер көлемі 48681,7 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 107,7 пайыз артық, жалпы шағын және орта бизнесте 32891 адам жұмыс істейді. 

Өнеркәсіп.       

2017 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен 7173,4 млн. тенгенің өнімдері өндірілді, нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңге 107,3 пайыз құрады. Оның ішінде 9 айдың қорытындысы бойынша ірі кәсіпорындармен өндірілген өндіріс көлемі:

«Central Asia Gold Production» ЖШС-гі – 1024,8 млн. теңгеге 76,7 кг алтын және 9 кг күміс өндірілді, кәсіпорынның өткен жылдың тиісті кезеңімен 153 пайызын құрайды, өндірілген өнім көлемінің 10,0 пайызын осы кәсіпорынның үлесі құрап отыр.

«Куликов и К» ЖШС-гі – 63,1 млн. теңгеге  55 тонна өнім өндірілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім өндірісі 9 тоннаға ұлғайды немесе 119,6 пайыз құрайды, өндірілген өнім көлемінің 0,8 пайызын осы кәсіпорынның үлесі құрап отыр.

– «Ақтас» ЖШС-гі – 1468,4 млн. теңгеге 528,8 мың тонна әктас және 44,7 мың метр куб тас шағыл өндірілді. Зауыттың өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда  137,2 мың тонна өнім өндірісі ұлғайды немесе 131,4 пайыз құрайды, өндірілген өнім көлемінің 16,9 пайызын осы кәсіпорынның үлесі құрап отыр.

«МВТ» ЖШС-гі – 58,8 млн. теңгеге 30,4 мың тонна әктас өндірілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 пайыз құрайды, өндірілген өнім көлемінің 0,8 пайызын осы кәсіпорынның үлесі құрап отыр.

«Central Asia Gold Corp» ЖШС-гі – 1276 млн. теңгеге 200 мың тонна кен рудасы өндірілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13 мың тоннаға ұлғайған немесе 106,8 пайыз құрайды, өндірілген өнім көлемінің 7,6 пайызын осы кәсіпорынның үлесі құрап отыр.

2017 жылдың 9 айының қорытындысының болжамы бойынша ауданның өнеркәсіп өндірісінің, нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңге 100 пайызға шығуы күтілуде.

Инвестиция тарту.

2017 жылдың 1 қыркүйегіне негізгі капиталға салынған жалпы инвестиция көлемі 12788,1 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 138,6 пайыз. Оның ішінде: бюджет  қаражаты есебінен 5636,9 млн. теңге, жеке қаражаты есебінен және басқа да қарыз қаражаттар есебінен 7151,2 млн. теңге. Оның ішінде:

– өнеркәсіп кәсіпорындарымен 2204,1 млн. теңге;

– ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен 1159,4 млн теңге;

– сауда және басқа кәсіпорындарымен 3787,7 млн. теңге құрады.

2017 жылдың 9 айының қорытындысының болжамы бойынша негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 13985,8 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 128,6 пайызға шығуы күтілуде.

Бүгінгі күнге 2015-2019 жылдарға арналған өңірлік индустриаландыру картасына еңгізілген Қордай ауданда жалпы жобалық құны 47 млрд. 528 млн. теңге құрайтын жүзеге асуда 4 жоба:

1) «Первомайские деликатесы» ЖШС-ішұжық өндіретін цехын жаңарту. Іске асыру мерзімі 2014-2017 жылдар, жоба құны 223 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 3000 тонна ет қайта өңдеу. Кәсіпорын жылдық қуаттылығын екі есеге ұлғайтып, жиырмадан аса шұжық түрлері өндіретін болады. 70 тұрақты жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, жобаның ресми ашылуы ағымдағы жылдың 29 тамыз күні облыс әкімінің орынбасары Т.Жанкенің қатысуымен өткізілді.

Мемлекеттік қолдауы: «Даму өндіріс-ІІ» бағдарламасы шеңберінде 6 пайызбен жеңілдетілген несие алды.

2) «BioVet KZ» ЖШС-і – ветеринарлық препараттарды өндіру биокомбинатының құрылысы. Іске асыру мерзімі 2015-2017 жылдар, жобаның құны – 2 млрд. теңге, құаттылығы – жылына 25 млн. доза вакцина өндіру. Жобаның құрылысы кезінде 85 жұмыс орны, ал іске асыру кезінде 55 тұрақты жұмыс орын ашылады. Қазіргі кезде зауыт ғимараты тұрғызылып, сыртқы және ішкі құрылыс монтаж жұмыстары жүргізулуде, құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер компания «Актуал Констракшн» ЖШС-гі, құрылыс жұмыстарына 35 адам жұмысқа тартылды. Комбинат жабдықтары Түркия Республикасынан тапсырыспен алынатын болады. Негізгі капиталға 1130,0 млн. теңгеге инвестиция тартылды.

Мемлекеттік қолдауы: 1,8 га жер бөлініп берілді. «Бизнес жол картасы 2020» бағдарласы аясында 206,8 млн. теңгеге инфрақұрылым (оның ішінде: су құбыры, насосты станция, резервуар, электр қуаты желісі – 3 км және трансформатор 4000кВа)  тартуға 2016 жылдың 15 шілдедегі Аймақтық Үйлестіру кеңесінің қолдауын алды. Қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасы тарапынан биокомбинат ғимаратына сыртқы инженерлік желілер жүргізуге 2017 жылдың 14 шілдесінде ашық конкурс жариаланып, мердігер компания «Тараз Даниял и К» ЖШС-гі белгіленді.

3) «Алатау Қордай» ЖШС-і – Қордай ауданы Қарасай ауылдық округінде орналасқан «Қыргау» алтын кен орнында 75 пайыздық алтын-күміс концентратын шығару кіші-зауыт салу. Іске асыру мерзімі 2015-2018 жылдар, жоба құны – 280 млн. теңге, құаттылығы – жылына 1500 кг. концентрат өндіру. Құрылыс кезінде 45 жұмыс орны, ал іске асыру кезінде 15 тұрақты жұмыс орын ашылады. 2016 жылдың 20 қаңтарында Инвестиция және даму министірлігі және «Алатау Қордай» ЖШС-і арасында болған тікелей келісім создер арқылы «Қыргау» алтын кенін барлау жұмыстарын жүргізу үшің контрактқа отыру құқығын алды, бюджетке 2,3 млн. теңге салық-бонус төленді. Бірақ бүгінгі күнге контрактқа қол қойылмады, себебі жобаның бас құрылтайшысы аусыуына байланысты болып отыр. Қазіргі таңда компания тарапынан келіп түскен хатына байланысты жобаның мерзімін 2020 жылға ұзартуға ұсыныс берілді.

Осыған байланысты жобаның іске асыру мерзімін ұзартуға ұсыныс беріледі.

Мемлекеттік қолдауы: 28,6 га жер бөлініп берілді.

4) «Aurum Deutschland» (Аурум дойчланд) ЖШС-і – тау-кен металургиялық комбинатының құрылысы және құрамында алтыны бар кенді игеру. Іске асыру мерзімі 2014-2021 жылдар, жоба құны 45,025 млрд. теңге, құаттылығы – жылына 5100 кг. алтын өндіру. Жобаның құрылысы кезінде 350 жұмыс орны, ал іске асыру кезінде 800 тұрақты жұмыс орын ашылады. 2016 жылдың 18 қаңтарында Қаратас-Майбұлақ алтын кенін барлау жұмыстарын жүргізуге контрактқа қол қойылды, 62,3 млн. теңге бюджетке салық-бонус төленді. 2016 жылдың 30 наурызында «Aurum Deutschland» ЖШС-гі геологиялық барлау жүргізу үшін «Латон-Геосервис» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, барлау жұмыстарын бастады.  Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде осы жоба бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді. Қазіргі таңда негізгі капиталға 1152,1 млн. теңге инвестиция тартылды.

Мемлекеттік қолдауы: Көлемі 130,0 га жер телімі бөлініп берілді.

Сауда айналымы.

Бөлшек сауда тауар айналымы қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша 10647,0 млн. теңге құрады, физикалық көлем индексі 120,1 пайыз құрады. 9 ай қорытындысы бойынша Бөлшек сауда тауар айналымы қаңтар-қыркүйек қорытындысы болжамы бойынша 11190,3 млн. теңгені құрайды, физикалық көлем индексі болжам бойынша 100,0 пайыз құрайды.

Көтерме сауда тауар айналымы  қаңтар-тамыз қорытындысының болжамы бойынша 4320,8 млн. теңге құрайды, физикалық көлем индексі 89,5 пайызға, 9 айдың болжамы бойынша 4805,9 млн. теңгені құрады, физикалық көлем индексі болжам бойынша 90 пайыз құрайды.

«Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасының орындалуы бойынша:         Бағдарламаның жүзеге асырылуынан бастап (2011 жылдан бері) барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 12011,2 млн. теңгені құрайтын 68 жоба іске асырылды. Оның ішінде:

– субсидиялау бағыты бойынша – 48  жоба – 11486,7 млн. теңгеге;

– жетіспейтін инфрақұрылымды тарту бойынша – 7  жоба 425,1 млн. теңгеге;

– несиелерге кепілдік беру бойынша – 12 жоба-96,4 млн. теңгеге;

– гранттық қаржыландыру бойынша 1 жоба- 3 млн. теңгеге.

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша бағдарламаның екі құралдары бойынша жалпы соммасы 227,2 млн. теңге құрайтын 15 жоба іске асырылды.

         Пайыздық ставкаларын субсидиялау бойынша:

         2017 жылдың қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша жалпы соммасы 178,4 млн. теңге құрайтын 9 жобаның  пайыздық  ставкалары субсидияланды.

         Кепілдік беру бойынша:

2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша 6 жобаға жалпы соммасы 48,8 млн. теңгеге кепілдік берілді.