Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай ауданы бойынша «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Үдемелі индустриалды – инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламарын іске асыру туралы 2016 жылғы I-тоқсанның қорытындысы.

Қордай ауданы бойынша «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Үдемелі индустриалды – инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламарын іске асыру туралы 2016 жылғы I-тоқсанның қорытындысы.

Жамбыл облысы әкімінің 2015 жылғы 5 наурыздағы №40 қаулысына сәйкес 2015-2019 жылдарға арналған өңірлік индустриаландыру картасына еңгізілген ауданда 4 жоба жүзеге асуда:

  1. «Ветро Инвест» ЖШС-і – жел электр энергиясын өндіру;
  2. «Алатау Қордай» ЖШС-і – 75 пайыздық алтын-күміс концентратын шығару кіші-зауыт салу;
  3. «Первомайские деликатесы» ЖШС-і – шұжық өндіретін цехын жаңарту;
  4. «Aurum Deutschland AG» (Аурум Дойчланд АГ) ЖШС-і – тау-кен металургиялық комбинатының құрылысы және құрамында алтыны бар кенді игеру.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде ауданымызда жалпы құны 10 233,4 млн. теңгені құрайтын 41 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілген, оның ішінде:

2011 ж. – 3 жоба жүзеге асырылды;

2012 ж. – 7 жоба жүзеге асырылды;

2013 ж. – 5 жоба жүзеге асырылды;

2014 ж. – 7 жоба жүзеге асырылды;

2015 ж. – 18 жоба жүзеге асырылып жатыр;

2016 ж. – 1 жоба жүзеге асырылып жатыр.

            Субсидиялау бойынша – жалпы құны 10 019,2 млн. теңгені құрайтын 29  жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілген.

2011 ж. – жалпы кепілдік сомасы 96 млн. теңгені құрайтын 1 жоба;

2012 ж. – жалпы кепілдік сомасы 401,3 млн. теңгені құрайтын 6 жоба;

2013 ж. – жалпы кепілдік сомасы 2025,7 млн. теңгені құрайтын 4 жоба;

2014 ж. – жалпы кепілдік сомасы 3805 млн.теңгені құрайтын 5 жоба;

2015 ж. – жалпы кепілдік сомасы 3683,2 млн.теңгені құрайтын 12 жоба;

2016 ж. – жалпы кепілдік сомасы 8,1 млн.теңгені құрайтын 1 жоба.

«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» тетігі бойынша, жалпы кепілдік сомасы 51,6 млн теңгені құрайтын 7 жобаға қолдау көрсетілді.

 «Жетіспейтін инфрақұрылымды тарту» бойынша – жалпы құны 162,9 млн. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асты.

«Гранттық қаржыландыру» бойынша – Қордай ауданы бойынша жалпы соммасы 3 млн. теңге құрайтын 1 жоба мақұлданды.

«Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бағыты бойынша ағымдағы жылы 72 кәсіпкерлік субъектісіне  сервистік қызмет көрсетілді.

«Бизнес-кеңесші» компоненті бойынша 51 астам адам оқытылды.

«Бизнес- өсу» компоненті бойынша 19 астам адам оқытылды.

«Іскерлік байланыстар» тетігі бойынша 2 кәсіпкер оқытылды.