Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қаржы бөлімі

2016 жылдың  31 желтоқсанына  Қордай ауданы бюджетінің орындалуы туралы

 2016 жылдың 31 желтоқсанына аудан бюджеті жалпы түскен кірістер бойынша есепті кезеңнің жоспардағы 11590897 мың тенгенің орнына 11784543,9 мың теңгеге немесе 101,7 пайызға қамтамасыз етіліп, 193646,9 мың теңге  артығымен орындалды. 2015 жылмен салыстырғанда түсімдер 767294,4 мың теңгеге көбейген (соның ішінде трансферттердің сомасы 1995071,8 мың теңгеге көбейген, керісінше өз кірістер 1227778,5 мың теңгеге азайған), түсімдердің орындау көрсеткіші 7,1 пайызға азайды.

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі нақтыланған жоспардағы 12541941 мың теңгенің 12535577,8 мың теңгесі немесе 99,9 пайызға игерілді. Шығындар бойынша игере алмаушылық жалпы 6363,2 мың теңгені құрады, соның ішінде республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен сәйкесінше  1698,3 және 38,2 мың теңге, аудандық бюджеттен 4626,7 мың теңге игерілмеген. 2015 жылмен салыстырғанда аудан бюджетінің шығыс бөлігінің игеру көрсеткіші 0,1 пайызға төмендеді, игерілмей қалған қаражаттардың сомасы 6043,5 мың теңгеге көбейді (2015ж 31-ші желтоқсанына  бюджет шығыстары 100 пайызға орындалып, 319,7 мың теңге игерілмеген).

Есепті кезеннің соңындағы бюджеттік бос қалдықтардың сомасы 200544,4 мың теңгені құрады.