Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


2017 жылдың  1 желтоқсанына Қордай ауданы бюджетінің орындалуы туралы

2017 жылдың  1 желтоқсанына  Қордай ауданы бюджетінің орындалуы туралы

 

 

2017 жылдың  1-ші желтоқсанына аудан бюджетінің кірістері нақтыланған жоспардағы 12901184 мың тенгенің орнына 13058426,5 мың теңгеге немесе 101,2 пайызға қамтамасыз етіліп, өзіндік кірістер 157242,5 мың теңге артығымен орындалды. 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түсімдер 2309890,3 мың теңгеге көбейген (соның ішінде трансферттердің сомасы 1559832 мың теңгеге, өз кірістер 750058,3 мың теңгеге көбейген).

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспардағы 13096637 мың теңгенің 13009284,6 мың теңгесі немесе 99,3 пайызға игерілді, соның ішінде республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер сәйкесінше 97,1 және 95,2, аудандық бюджет 100 пайызға. Шығындар бойынша ағымды игере алмаушылық жалпы 87352,4 мың теңгені құрады, соның ішінде республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен сәйкесінше  28932,2 мың теңге  және 55134,7 мың теңге, аудандық бюджеттен  3285,5 мың теңге.

2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда аудан бюджетінің шығыс бөлігінің игеру көрсеткіші 3,2 пайызға өсті (2016ж 1-ші желтоқсанына  бюджет шығыстары 96,1 пайызға орындалып, 445,5 млн теңге игерілмеген).