Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Бөлім басшысы

20151225_103306

        Мен, Тұрғынбай Сманалы Жұмабайұлы, 1954 жылдың 7 қазанында Қарғыз ССР, Ленинполь ауданы, Красный Октябрь ауылында дүниеге келдім, білімім жоғары, 1975 жылы Қарағанды кооперативтік институтының экономикалық факультетін бітірдім. Еңбек жолымды 1975 жылы Амангелді аудандық тұтынушылар бірлестігінің бас экономисті лауазымында бастадым.

1975 жылдың қараша айынан 1976 жылдың қарашасына дейін Кеңес әскери қатарында борышымды өтеп,  1976 жылдың желтоқсан айынан 1977 жылдың тамызына дейін Жамбыл қаласындағы мейрамханалар мен асханалар тресінің нормалаушы, 1977 жылдың тамызынан сол жылдың желтоқсанына дейін Жамбыл облысы атқару комитетінің еңбек бойынша бөлімінің уәкілі, 1977 жылдың желтоқсанынан 1979 жылыдың қараша айына дейін Қордай аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы қызметін атқардым.

1979 жылдың қараша айынан бастап 1982 жылдың мамырына дейін Қордай аудандық қаржы бөлімінің штаттар бойынша инспектор-тексеруші, 1982 жылдың мамырынан 1992 жылдың қарашасына дейін сол бөлімінің меңгерушісінің орынбасары-бюджет инспециясының бастығы, 1992 жылдың қараша айында аудан әкімшілгі басшысының ұсынысы бойынша Жамбыл облысы қаржы басқармасы бастығыңың бұйрығымен аудандық қаржы бөлімінің басшысы болып тағайындалдым, осы орында бүгінгі күнге дейін қызметті атқарудамын.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілім – 40 жыл.

1992 жылы Үкімет тарапынан, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша, Ел басының қабылдауында болып, 3 ай бойы Қазақстандық 12 қаржыгерлердің құрамында Туркия Республикасының экономикасын,бюджетінің қалыптасуы және атқарылуы бойынша тәжиребесін зерттедім.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясында дайындықтан өттім.

Қызметті атқару барысында екі жолы облыс әкімінің, сондай-ақ облыс маслихатының атынан грамоталармен,қаржылық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша инспекциясы тарапынан «Үздік қызметкер» төсбелгісімен (№37). 2011 жылы Қаржы министрлігі тарапынан қаржы саласындағы қызметкерлердің ішінен «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен (№85) 20 жылдың ішінде Жамбыл облысы бойынша  бірінші болып марапатталдым. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс, Ел басының жарлығы бойынша 2002 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жылдығына (№12745), 2005 жылы Қазақстан Конституциясына 10 жылдығына (№002103), 2006 жылы Қазақстан Республикасының Парламентіне  10 жылдығына (№00317),  2011 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жылдығына (№23898), Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 03.12.2015ж. жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалмен(№9211) марапатталдым.

Ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысамын, 1992 жылдан бастап аудандық аумақтық сайлау комиссияны басқарып отырмын. Осы салада атқарған жұмыс үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасының атынан екі рет алғыс хат алдым (2005,2011жж).

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесімін.

Жалпы жұмыс істеу барысында коррупциялық құқықбұзушылықтарға жол берген жокпын, жауаптылыққа тартылған емеспін.

Үйленгенмін, 4 балам, 4 немерем бар. Әйелім мұғалім, балаларымның 3-уі мемлекеттік қызметте, кенже ұлым ҚРІІМ Қарағанды қаласындағы полиция Академиясының 3-ші курс курсанты.