Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

Жамбыл     облысы    Қордай    ауданы    әкімдігінің    тұрғын    үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесімен 2017 жылдың 09 айында атқарған жұмыстары бойынша

АҚПАРАТ

 

 

Жолдар мен жобалық сметалық құжаттамалар

«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша облыстық және аудандық бюджеттен 319 млн. 919 мың теңге бөлінді, оның ішінде:

  • қыс мезгілінде облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 13 млн. 954 мың теңге, қаржы толығымен игерілді.

Жолдарға ағымды және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 305  млн.     965 мың теңге, оның ішінде:

  • Масаншы ауылындағы жаңа мектепке кіреберіске жолға орташа жөндеуге (2,4 шақырым)37 млн. 382 мың теңге. Келісім-шарт «СК и Б» ЖШС-мен жасалған. Жұмыстар аяқталды.
  • Қарасай-Еңбек 3 шақырым жолға орташа жөндеуге (3 шақырым) 42 млн. 129 мың теңге. Келісім-шарт «СК и Б» ЖШС-мен жасалған. Жұмыстар басталды, аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 15 қазаны.
  • «Елімай көшесіне және 2038 әсери бөлімі арқылы өтетін айналма жолға орташа жөндеуге (5,2 шақырым) 71 млн. 924 мың теңге. Келісім шарт АқЖолСервис» ЖШС-гімен жасалған. Жұмыстар аяқталды.
  • Ноғайбай-Шарбақты автожолына ағымды жөндеуге (7,4 шақырым) 13 млн.

954 мың теңге, жұмыстар аяқталды.

  • Жаңатұрмыс ауылына кіреберіс 4,2 шақырым жолға ағымды жөндеуге (4,2

шақырым) 1млн. 762 мың теңге, жұмыстар аяқтады.

  • Отар-Анырақай, Бел 50 шақырым автожолына ағымды жөндеуге (5 шақырым) 9 млн.753 мың теңге. Жұмыстар аяқталды.
  • Отар-Анырақай Бел 50 шақырым автожолына ағымды жөндеуге (5 шақырым) 9 млн. 972 мың теңге. Жұмыстар аяқталды.
  • Отар-Анырақай Бел 50 шақырым автожолына ағымды жөндеуге (5 шақырым) 9 млн. 764 мың теңге. Жұмыстар аяқталды.
  • Арал ауылына кіреберіс 4 шақырым жолға ағымды жөндеуге (4 шақырым)

885 мың теңге.Жұмыстар аяқталды.

  • Карасай-Еңбек 3-13 шақырым жолға ағымды жөндеуге (3 шақырым) 1 млн.

762 мың теңге. Жұмыстар аяқталды.

Кенен ауылына кіреберіс 3 шақырым жолға ағымды жөндеуге (3 шақырым)       2 млн. 596 мың теңге.Жұмыстар аяқталды.

Күнбатыс-1 ауылына кіреберіс 3 шақырым жолға ағымды жөндеуге                         (3 шақырым) 328 мың теңге.Жұмыстар аяқталды.

Күнбатыс-2 ауылына кіре беріс шақырым жолға ағымды жөндеуге                           (3 шақырым) 231 мың теңге.  Жұмыстар аяқталды.

  • Мұзбел ауылына 3 шақырым жолға ағымды жөндеуге (3 шақырым)

Жұмыстар аяқталды. Мердігер: «Қордай  ауданы  әкімдігінің  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорыны»

  • Алға Көгадыр 9,3 шақырым жолға ағымды жөндеуге (9,3 шақырым) 21 млн.

857 мың теңге. Келісім шарт «АқЖолСервис» ЖШС-мен жасалған. Жұмыстар аяқталды.

  • Бетқайнар-Соғанды 17-25 шақырым жолға ағымды жөндеуге (8 шақырым)

16 млн. 753 мың теңге. Келісім шарт «АқЖолСервис» ЖШС-гімен жасалған. Жұмыстар аяқталды.

  • Масаншы –Керу 19 шақырым жолға ағымды жөндеуге (18 шақырым) 16 млн.

136 мың теңге. Келісім шарт «НурСервис» ЖШС-мен жасалған. Жұмыстар басталып, аяқталды.

Ауқатты-Бәйтерек автожолына ағымды жөндеуге (8 шақырым) 12 млн. 167 мың теңге. Келісім шарт «НұрСервис» ЖШС-мен жасалып, жұмыстар аяқталды.

Мемлекеттік сараптамамен жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге 3 нысан бойынша қаржы бөлінді:

Ұзындығы 7,4 шақырым болатын Ауқатты-Бәйтерек автожолы құрылысына 5 млн. 864 мың теңгеге келісім шарт «ГеоСәулет» ЖШс-мен жасалған. Жоба әзірленген. Ары қарай мемлекеттік сараптама алуға келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Сараптама алынғаннан соң 2018 жылға қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілетін болады.

Соғанды ауылында  көпір құрылысын жүргізуге жобалық сметалық құжатамтама әзірлеуге 1 млн. теңгеге келісім шарт «ГеоСәулет» ЖШС-мен жасалған.Жұмыстар аяқталды.

Қордай ауылы Төле би көшесінде көпір құрылысына мемлекетік сараптамаммен жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге 2 млн. теңгеге келісім шарт «Тараз Технопроект» ЖШС-мен жасалған. Жұмыстарды аяқталды.

Жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 6 нысанға жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге 6 млн. 638 мың теңгеге «ТДС Строй Проект» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Келесідей нысандар бойынша:

-Ұзындығы 13,8 шақырым болатын «Сортөбе-Ауқатты-Қызылсай» автожолына орташа жөндеу. Жоба құны  400 млн. 468 мың теңге. Жобасы әзірленген. 2018 жылға қаржы бөлу бойынша бюджеттік өтінім берілді.

– Ұзындығы 8 шақырым болатын «Ноғайбай-Шарбақты» автожолына орташа жөндеу. Жоба құны 177 млн. 537 мың теңге. Жобалық сметалық құжттамасы әзіріленген.2018 жылға қаржы бөлу бойынша бюджетттік өтінім берілді.

-Ұзындығы 8 шақырым болатын «Өтеген-Бәйтерек-Ауқатты автожолына орташа жөндеу» Жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді. 2018 жылға бюджеттік өтінім берілді.

Ұзындығы 2,4 шақырым болатын «Ноғайбай-Сарыбастау» автожолына орташа жөндеу. Жобалық сметалық құжаттмасы әзірленді.  2018 жылға бюджеттік өтінім берілді.

-Ұзындығы 3 шақырым болатын «Бетқайнар-Соғанды автожолына орташа жөндеу». Жобалық сметалық құжаттмасы әзірленді. 2018 жылға бюджеттік өтінім берілді.

-Домалақ ана көшесіне орташа жөндеу. Жобалық сметалық құжаттамасы әзірленген. Қаржы бөлінді. Тапсырыс беруші Қордай ауылдық округ аппараты.

Сонымен қатар Отар ауылында 40-шы әскери базасында халықаралық әскери ойындарының өтуіне байланысты қосымша облыстық бюджеттен 38 млн. 139 мың теңге бөлінді.

-Ұзындығы 0,744 шақырым болатын Отар ауылындағы Жұмағұлов көшесіне ортша жөндеуге-16610 мың теңге.

-Ұзындығы 0,85 шақырым болатын Отар ауылындағы Жамбыл көшесіне кіреберіс жолға ортша жөндеуге-21529 мың теңге.

Келісім шарт Қордай  ауданы  әкімдігінің  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорынымен жасалған. Жұмыстар аяқталды.

 

Тұрғын үй қоры

Қордай ауданының тұрғын үй қоры 1 млн. 568 мың шаршы метрді құрайды. Ауданымызда 19 ауылдық округтің  6  (Ноғайбай-3 үй, Отар-38 үй Масаншы-2 үй,  Сарыбұлақ- 6 үй,  Степной- 3 үй,  Қордай- 56 үй) ауылдық округінде барлығы жалпы ауданы 38019,95 шаршы метр болатын 108 көп пәтерлі үйлер бар. Апатты және иесіз тұрғын үйлер тіркелмеген.

Ауданымызда Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою жұмыстары жүргізулуде.

Қазіргі таңда Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде 1162 (2017 жылдың 10 қазанына сәйкес) (2016  жылдың 01 қыркүйегінде  506) азамат кезекте тұр, оның ішінде 4 категория бойынша:  Ұлы Отан Соғысының мүгедектері мен қатысушылары0 азамат; жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-160,  әлеуметтік жағынан осал топтарына жататындар-621 азамат; мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратындар-381 азамат; жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар жоқ.

Жыл сайын кезекте тұрған азаматтардың тізіліміне түгендеу жұмыстары жүргізілді. Түгендеу мерзімі – ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап үш ай.

Түгендеу нәтижесі бойынша кезектілік тізім аудандық «Қордай Шамшырағы»-«Кордайский Маяк» газет беттерінде жарияланып, бөлімдегі қалқандағы тізім жаңартылды.

 

Елді мекендерді газдандыру бойынша

Ауданда 41 елді мекеннің 12 газдандырылған, 29 газдандырылмаған. Қалған 29 елді мекенді газдандыру мақсатында бөліммен «Жамбылгазпроект» ЖШС мен тиісті құжаттар рәсімделіп ЖСҚ қажетті соммасы есептелді.

Бөліммен Жамбыл обысы әкімдігінің энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы сомасы 232 млн. 548 мың 232 теңгеге бюджеттік өтінім берілді.

  • 110 млн. 642 мың 881 теңге- 17 елді мекенге газ тарту нысанынна ЖСҚ әзірлеу жоспарланған. Жоба бойынша 17 елді мекенде барлығы 187 шақырым болатын газ құбырын тарту қарастырылған.
  • 121млн. 905 мың 351 теңге- 12 елді мекенге газ тарту. Жоба бойынша 12 елді мекенде ұзындығы 218 шықырым болатын газ құбырын тарту қарастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша

Бөлім екі база «Е-Акимат», «Е-Лицензирование» бойынша келесідей мемлекеттік қызмет  көрсетеді:

  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті

органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы -(568) азаматқа қағаз және электрондық түрде қызмет көрсетілді.

  • Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй

қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру- қағаз жүзінде 487 анықтама берілді.

  • Елді мекендердің көшелерді және облыс пен аудандық маңызы бар

жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарына сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру- қағаз және электрондық түрде -8 қызмет көрсетілді.

  • Белгіленген электр қуаты 5МвТ және одан төмен, 5МВт-тан жоғары

немесе белгіленген жылу қуаты 100Гкал/сағ және одан жоғары сондай-ақ өз балансында кернеуі 35Кв және одан төмен энергия өндіруші және энергия желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру 2017 жылы  –131 әзірлік паспорты берілді.

Қоғамдық көлік тасымалы бойынша

Бүгінгі күнге Қордай ауданы бойынша «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау Қағидасы»-на сәйкес «Қордай Жолаушы» ЖШС-гі қызмет көрсетеді.

«Қордай Жолаушы» ЖШС-гінің өзіндік ғимараты бар. Ғимаратта күту залы, демалыс бөлмесі, жүк сақтайтын қойма, билет сатып алу кассасымен жабдықталған. Медециналық, техникалық тексеру бөлмелері қарастырылған.  60 көлік жүргізушілері мен 60 көлік, оның ішінде 2 Икарус,                                             4  КАВЗ, 4 ПАЗ және  50 шағын автобустармен қамтылған. Жүргізушілер аталған мекемемен келісім-шартқа отырып, қызмет көрсетуде, яғни «Қордай Жолаушы» ЖШС-гінің өзіндің тасымалдаушы көлік құрамы жоқ.

 

Көрсеткіштер қазан айына
жоспар орындалғаны %
1 Тасымалданған жолаушылар 11840 11840 100
2 Орындалған жолаушы/шақырым 714 714 100
3 Коэффицент 0,7 0,7 100

 

Бүгінгі күнге 41 елді мекенің 33 елді мекені жолаушылар тасымалымен қамтылса, 8 (Бәйтерек, Соғанды, Бел, Анырахай, Көгадыр, Шарбақты, Сарыбастау, Музбел) елді-мекені қамтылмаған.Бұл қамтылмаған елді мекендердің 19,5 пайызын құрап отыр.Бұл бағытта қалған елді мекендерді қамту мақсатында субсидиялау немесе жеке тасымалдаушыларды тарту жұмыстары қарастырылуда.

Сонымен қатар бүгінгі күнге жол ақысын 60 теңгеге көтерілуде. Бұл бағытта есептеулер жүргізіліп, қаулы жобасы әзірленді. Аталған қаулы жобасы Жамбыл облсы бойынша «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасына ұсынылып, ведомстволық сараптама алынды. Қаулы жобасы нормативтік құқықтық актілер порталына жарияланып, қорытынды алынды. Қаулы кезекті мәжіліс кеңесіне енгізіліп, қаулы қабылданды. Ендігі жағдай, Жамбыл облысы Әділет басқармасына тіркеуге тапсырылды.

Жылыту маусымы бойынша

Қордай ауданы әкімдігінің 2017 жылдың сәуірдегі №139 қаулысына сәйкес 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымына уақытылы және сапалы дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында штаб құрылып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен отын-энергетикалық кешендер объектілерін қыс мезгілінде жұмыс атқаруына дайындық жасау іс-шараларының жоспары бекітілді. Бүгінгі күнге дейін осы бағытта 5 аудандық штаб отырыстары өткізілді.

2017 жылы нысандарды дайындау бойынша жалпы сомасы 301 954 мың теңге, оның ішінде:

-Аудандық бюджет бойынша: 251 994 мың теңге оның ішінде:

-білім саласы бойынша 228 017 мың теңге(109 719 көмір сатып алуға, 43 937 газ сатып алуға, 514 мың теңгеот жағушыларды оқытуға, 28 438 мың теңге жөндеу жұмыстарына, басқа жұмыстарына 45406 мың теңге)

  • мәдениет саласы бойынша 23 977 мың теңге (6 723 көмір сатып алуға, 5 372 газ сатып алуға, 208 мың теңгеот жағушыларды оқытуға, 11 252 мың теңге 3 ауылдағы қазандықтарын газ қазандықтарына ауыстыру үшін ЖСҚ әзірлеуге )

Облыстық бюджет бойынша: 49 960 мың теңге, оның ішінде:

–  денсаулық сақтау бойынша 32 793 мың теңге (13 495 мың теңге көмір сатып алуға, 9 820 мың теңге жөндеу жұмыстарына, 6 400 мың теңге 2 қазандық сатып алуға Отар, Масаншы ауылдық аурыханаларына, 170 мың теңге от жағушыларды оқытуға, 18 000 мың теңге ЖСҚ әзірлеуге)

Бетқайнар колледжі- 2 555 мың теңге 90 мың куб газ сатып алуға.

Ноғайбай колледжі – 14 612 мың теңге (8 168 мың теңге көмір сатып алуға, 6 426 екі қазандық сатып аулға) 

2017-2018 жылдарға аудан бойынша жылыту маусымына бюджеттік мекемелерге қажетті көмір көлемі 11949 тоннаны құрап отыр, бүгінгі күнге 100 пайыз жеткізілді.

1.Аудандық бюджет бойынша 10397 тонна, оның ішінде:

– ауылдық округ әкімшіліктеріне 266 тонна Шұбаркөл көмірі 100 пайыз жеткізілді.

– жалпы білім беру мекемелеріне 9518 тонна, оның ішінде аудан мектептеріне – 8323 тонна және балабақшаларға 1195 тонна. Бүгінгі күнге мектептер мен балабақшаларға 100 пайыз көмір түсірілді.

-мәдениет саласындағы мекемелерге 613 тонна, оның ішінде кітапханаларға-53 тонна, ауылдық мәдениет үйлеріне-560 тонна  100 пайыз жеткізілді.

  1. Облыстық бюджет бойынша: 1552 тонна, оның ішінде:

– денсаулық сақтау мекемелеріне 952 тонна (тоннасы 12698 теңге құрайтын 150 тонна Екібастұз, тоннасы 14398 теңге құрайтын 802 тонна-Шұбаркөл) көмірін сатып алуға жалпы соммасы 13 495 мың теңге құрайды. Бүгінгі күнге барлық  дәрігерлік амбулаторияларына 100 пайыз жеткізілді.

– Ноғайбай ауылындағы ауылшаруашылық колледжіне-600 тонна Екібастұз көмірі 100 пайыз жеткізілді. Дайындық пастортын алу үшін тиісті құжаттарды өткізді.

–  Бетқайнар ауылындағы №7 колледжіне 90 мың м3 газ сатып алу үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен келісім-шарт жасалған.

Ауыл тұрғындарына қажетті көмір мөлшері жоспар – 62 мың тонна, түсірілгені 56 мың тонна немесе 90,3 %, қалдық- 6 мың тонна 15 қазанға дейін жеткізіледі. Бүгінгі күнге көмір бағасы әр ауылдық округтерде жеткізілген орынға дейін 14000-20000 мың теңгенің көлемінде болып отыр.

Білім саласы бойынша: Аудан көлемінде 77 білім беру нысаны бар, оның ішінде: 49 мектеп, 20 балабақша, 1 өнер мектебі, 6 жасөспірімдер орталығы (Қордай ауылындағы жасөспірімдер орталығы, Отар, Кенен, Масаншы, Қарасай), 1 техникалық өнер орталығы (Қордай ауылы).

Білім беру нысандарда профилактикалық және жөндеу жұмыстары аяқталды, мектептерде нысандардың дайындық акітлеріне қол қойылды. Жылу беру жүйелері мен қазандық жабдықтары тексерілді, электр жабдықтармен қазандықтарға ревизия жүргізілді, анықталған кемшіліктер жойылды. Білім саласын бойынша келесідей қаржы қарастырылды:

-газбен жағылатын қазандықтардың автоматикасына және жабдықтарына қызмет көрсетуге-1 млн. 379 мың теңге; 250 от жағушылар (кочегар) мен операторларды оқытуға  1 млн. 580 мың теңге;

-қазандықтарды техникалық куәландырудан өткізуге және энергия жабдықтарға 2 млн. 30 мың теңге, қазандықтарға автоматты өрт сөндіру дабылқаққыштарға 3 млн. теңге;

-газ есептегіш құралдарын тексеруіне 600 мың теңге, 14 мектепке              (№11,13,15,16,17,20,21,23,26,27,30,31,32,45 ОМ) автономды электр көздерін сатып алуға 24 млн. 80 мың теңге, 4 мектепке (№27,32,41,51 ОМ)желілік насос сатып алуға 714 мың теңге;

-«КТГ 650» маркалы 3 (№9,16,20 ОМ) қазандық сатып алуға 8 млн. 924 мың теңге және от жағушы операторларға арнайы киімге 600 мың теңге бөлінген. Жоғарыдағы бөлінген қаржы игерілген.

Газ кіргізілген елді мекендерде  3 мектеп және 1 балабақша қатты отыннан табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Үстіміздегі жылы газ кіргізілген елді мекендерде 3 мектеп және 1 балабақшаның қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары қолға алынды.

Ауданымыздағы Қасық ауылындағы №23, Степное ауылындағы №24, Жамбыл ауылындағы №26 мектептің қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыру үшін, жобалық сметалық құжаттар жасауға ашық конкурс тәсілімен өткізіліп, 15 млн 200 мың теңгеге ұтқан, мердігер  «BS Archi Group» ЖШС анықталды және 2017 жыдың 22 сәуірінде №149 келісім шарт құрылды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп мемлекеттік сараптамадан өту үшін мемлекеттік сатып алу байқауы 03 тамызда  жарияланды. Жеңімпаз болып “Юридическая компания “Жеті жарғы” ЖШС анықталып, 20 тамызда келісім шарт құрылды. Сонымен қатар Сарыбұлақ ауылындағы «Темірлан» балабақшасын қатты отыннан табиғи газға ауыстыруна жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу байқауы 10 тамызда жарияланды. Мердігер 15 қыркүйекте анықталады.

Ауданымыздағы 4 ОМ-ке (Шарбақты №36, Жаңатұрмыс №29, Отар №41, Гвардейск №43)жақын жапсарласып орналасқан қазандықтарының жаңа құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге «Табыс-Жоба» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Бүгінгі күнге №41, №36 ОМ-і бойынша ЖСҚ дайындалса, №43, №29 ОМ-ге әзірленуде.

77 білім беру нысаны 11-і мектептерде орналасқан, қалған нысан66 ныспның  жылыту маусымына дайындық төлқұжаттары тапсырылды, дайындық паспорттары 100 пайыз орындалды.

Спорт мектептері бойынша 2 өтініш түскен, тапсырылғаны -2 дана.

Бетқайнар колледжі өтініш өткізіп, дайындық төлкұжатын алды.

Мәдениет саласы бойынша аудан бойынша 68 мәдени ошақтары бар, оның ішінде: 26 ауылдық мәдениет үйлері, 1 мұражай және 41 кітапханалар жұмыс істейді.

-26 ауылдық мәдениет үйлерінің: 4 газбен, 1 электр қуатымен,                     15  көмірмен жылытылады,4 жабық режимде, 2 бейімделген,

     – 41 кітапхананың: 13 көмірмен, 9 газбен, 3 электр қуатымен,                       16 қазандық. 1 мұражай газбен жылытылады.

Мәдениет нысандарының жылыту маусымына дайындығына келесідей қаржыл қарастырылды: табиғи газ алуға – 5 206 мың теңге; әзірлік төлқұжаттарына – 413 мың теңге; от жағушы қызметкерлерінің, газ операторларының оқуына 208 мың теңге, қысқы жылыту маусымына 7000 м3 газ алуға 166,0 мың теңге қаражат қарастырылды. 68 мәдени ошақтың  49-ы мәдениет үйлерде және мектептерде  орналасқан, қалған 19 нысанның жылыту маусымына дайындық төлқұжаттарын тапсырылды, 100 пайыз орындалды.

Қасық, Қайнар ауылдық мәдениет үйлерінің көмірмен жылытатын қазандықтарына табиғи газбен жылытатын қазандар орнату жұмыстары жүргізілген, оларға «Темір Айбархан» ЖШС мен 10.03.2017  жылы №21 және №22 келісім-шарт жасалған, жалпы құны 11105 мың теңге. Осы жылдың 10.06.2017 жылы жұмыстар аяқталып нысандар пайдалануға 19.06.2017 жылы қабылданды.

Денсаулық сақтау бойынша  аудан бойынша 41 нысанындары бар,оның ішінде:

  • 6 аурухана (орталық аудандық аурухана- газбен, 1 аурухана – электрэнергиямен, 4 аурухана көмірмен )
  • 14 дәрігерлік амбулатория, 21 медициналық пункт көмірмен жылытылады.

Қасық, Степное, Жамбыл, Арал, Қақпатас, Беріктас, Жаңатұрмыс, Сарыбұлақ, Қайнар ауылдарының медициналық амбулаториялары газдандыруға мемлекеттік сараптамадан өткізілген ЖСҚ әзірленді.

Жамбыл облысының әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына Отар және Масаншы ауылдық ауруханаларына қосымша 2 көмірмен жанатын қазандықтарына және қуаттылығы 30 кВт құрайтын 2 дизель отымен істейтін генераторына тапсырыс берілді.

От жағушы 15 адамның оқуына  225 мың теңге қарастырылған.

Жылыту маусымына дайындық төлқұжаттарын алу бойынша 41 құжат тапсырылып, дайындық паспорттары 100 пайыз орындалды. Ауданда 77 қазандық бар оның ішінде: білім беру мекемелерінде 65, денсаулық сақтау мекемелерінде -2, мәдениет саласы мекемелерінде- 10.Бүгінгі күнге барлық қазандықтар жылыту маусымына дайын.

Тарифтер:

«Қордай су» МКМ- тұрғындарға – 69,62 теңге, заңды тұлғаларға – 170,38 теңге.

«Ақсу» ЖШС-тұрғындарға 52,99 теңге, заңды тұлғаларға – 50,69 теңге.

Қордай Газ. Заңды тұлғаларға-30,721 теңге 1м3-қа құрайды, жеке тұлғаларға -23,358 теңге 1м3-қа құрайды.

«ЖАМБЫЛЖАРЫҚСАУДА -2030» ЖШС.

Заңды тұлғалар үшін:

  • күндізгі тариф 19,89 теңге НДС-сіз;
  • кешкі тариф 41,69 теңге НДС-сіз;
  • түнгі тариф 6,14 теңге НДС-сіз.

Жеке тұлғалар үшін:

  • 1 адамның лимиті 80 кВт-қа дейін қосымша-14,41 теңге НДС-сіз,
  • 1 адамның лимиті 80-150 кВт-қа дейін -17,94 теңге НДС-сіз;
  • 1 адамның лимиті 150 кВт-тан жоғары– 22,41 теңге НДС-сіз.

 

Қордай ауданы бойынша күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық екі айлығы жұмыстары туралы

Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №259  қаулысына сәйкес, ауданда 2017 жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашасына дейін күзгі абаттандыру, көгалдандыру және  санитарлық тазалық екі айлығы жарияланды.

Осыған сәйкес, ауылдық округ әкімдерімен, аудан кәсіпорындары және мекемелеріне жалпы сенбілік туралы телефонхат таратылып,  ағымдағы жылдың 2, 9, 16, 23, 30 қыркүйек күндері  5 сенбілік жұмыстары өткізілді.

Аталған сенбілікке мекемелермен мен кәсіпорындар басшылары, ауылдық округ әкімдері, ауыл тұрғындары және кәсіпкерлер қатысып  аумақтарындағы көшелерге тазалық жұмыстарын, ағаштарды әктеу, ағаштарды кесу, шөптерді шабу жұмыстарын жол бойына тазалық жұмыстарын жүргізді.

2017 жылғы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына әр ауылдық округінің «қолма қол есеп бақылау шотынан» қаражат бөлінді, барлығы  – 53 076 мың теңге, оның ішінде:

  • ағаш кесуге және әқтеуге – 8 064 мың теңге;
  • абаттандыру және көгаландыруға – 27 064 мың теңге;
  • қоқыс шығаруға – 14 738 мың теңге
  • қыс мезгілінде көлік жолдарды қардан тазалауға -3210 мың теңге. игерілген қаражат 48 134 мың теңгені құрайды.

Ауданымыз бойынша бүгінгі күнге дейін сенбілікке қатысқан барлығы –8479 адам (жоспар 18200). Шығарылған қоқыс көлемі – 90,2тонна (жоспар – 160),  3952 ағаш бұтақтары кесілді(жоспар – 7654), 5112ағаш әктелді (жоспар – 9256), 1787 ағаш отырғызылды (жоспар – 4030), Гүлзалар орналастыру (м2) – 1489  (жоспар – 3069), Арық және канал тазалау 98км (жоспар 177 км), Кездейсоқ күл-қоқыс орындарын тазалау   (тонна) – 43 тонна (жоспар – 84 тонна).

Қордай ауданы ішікі істер бөлімімен  көктемгі абаттандыру көгалдандыру екі айлығы кезінде тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша:

  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің

434 бабы-ұсақ бұзақылық, оның ішінде қоғамдық орындарда күл-қоқыс тастау,  саябақтарды, скверлерді ластау,оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды тастау және қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын баса да әркеттер құқық бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы1 млн. 187 мың 760 теңгеге 118 азамат жауапкершілікке тартылса, 28 құқықбұзушы азамат әкімшілік қамауға алынды.

  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің

505 бабына (қалалар мен елді-мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді-мекендер инфрақұрылымы объектілерінбұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сәйкес 360 азамат оның ішінде, 355 азаматға ескерту берілсе 5 азаматқа жалпы сомасы 233 310 мың теңгеге айыппұл салынды.

«Жасыл белдеу» бағдарламасы. Алдыңғы жылы аудан бойынша 60 га жер көлеміне ағаш отырғызу жоспарланған, орындалғаны   32,7га. 18 ауылдық округ әкімдерінің 10 әкімі (Аухатты, Қаракемер, Алға, Жамбыл, Кенен, Қақпатас, Қарасай, Қасық, Масаншы, Үлкен-Сұлутөр)  жоспарды толық орындады, оның ішінде Үлкен-Сұлутөр әкімінің жоспарды артығымен орындағанын атап өткім келеді (жоспарға сәйкес – 1 га, отырғызылғаны – 2 га).

Жоспарды орындамаған ауылдық округтер:

  • Қордай а/о жоспар 13 га, орындалғаны – 4,5 га (34,6 %);
  • Бетқайнар а/о жоспар 9 га, орындалғаны – 4 га (44,4 %);
  • Сортөбе а/о жоспар 9 га, орындалғаны – 0,4 га (4,44 %);
  • Қарасу а/о жоспар 2 га, орындалғаны – 1,5 га (75 %);
  • Ноғайбай а/о жоспар 1 га, орындалғаны –0,5 га (50 %);
  • Отар а/о жоспар 4 га, орындалғаны – 2 га (50 %);
  • Сарыбұлақ а/о жоспар 3 га, орындалғаны – 1,5 га (50 %);
  • Степной а/о жоспар 2 га, орындалғаны – 1 га (50 %);
  • Сұлутор а/о жоспар 1 га, орындалғаны – 0,5 га (50 %);

2016 жылғы «Жасыл белдеу» бағдарламасын жоспарға сәйкес, орындамаған ауылдық округ әкімдеріне бөлім тарапынан қызметтік хат жолданған.

2017 жылға «Жасыл белдеу» бағдарламасына сәйкес, тағыда 60 га жоспарланды, 5 ауылдық округ 100 пайыз орындады:

  • Қаракемер а/о – 1 га;
  • Қарасай а/о – 2 га;
  • Қасық а/о – 5 га;
  • Улкен –Сұлутөр-10 га;
  • Сұлутөр- 1 га.

ТҚҚ полигондары. 19 ауылдық округтерінде 31 ТҚҚ полигондары жалпы ауданы 63,52 га, оның ішінде:

  • 2011 жылы 1 ТҚҚ полигоны 117 млн. теңге соммасында салынды (Қордай а), нысанда дезбарьер, әкімшілік ғимарат, полигонды қоршау және т.б. қарастырылған, ТҚҚ полигоны Қордай ауылдық округінің теңгерімінде.
  • 22 ТҚҚ полигоны (Қасық, Степное, Қақпатас, Беріктас, Сарыбұлақ, Қайнар, Қарасу, Өтеген, Аухатты, Қызылсай, Байтерек, Масанчи, Қаракемер, Керу, Алға, Мұзбель, Көгадыр, Ноғайбай, Сұлутөр, Көктөбе, Кене, Отар,) толық пакет рұқсат құжаттары бар (ТҚҚ эмиссиясына рұқсат және мем.актісі), осы ауылдық окугтерге ТҚҚ полигоны құрылысын салу нысанының ЖСҚ әзірлеу қалды, ТҚҚ полигоны құрылысын салу нысанының ЖСҚ әзірлеуге аудан әкімдігінің «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс» бөлімімен бюджеттік өтінім берілген, алайда қаражат бөлінген жоқ.
  • 7 ТҚҚ полигондарының (Бетқайнар, Сортобе, Соғанды, Қарасай батыр, Жамбыл, Үлкен-Сұлутөр) толық құжаттары жоқ, эмиссияға рұқсат құжаттары жоқ.

Соғанды, Шарбақты, Бель, Аңырахай және Гвардейск ауылдарына ТҚҚ полигондарын ашу сұрақтарын шешу қажет.

Қордай ауданы бойынша 2 мекеме күл қоқысты шығару жұмыстарымен айналысады: Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорыны» Шаруашылық жүргізу құқығындағы мелекеттік кәсіпорныны және «ЭкокомИнжиниринг» ЖШС.

Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорыны» Шаруашылық жүргізу құқығындағы мелекеттік кәсіпорнында 7 арнайы күл қоқыс шығару техникасы бар: (Трактор –МТЗ-82  – 2 дана, Самосвал HOWO 1-дана,Самосвал –ГАЗ -53 1- дана, самосвал Зил МТЗ554 – 1 дана, Мусоровоз Газ3309- 1 дана, Мусоровоз Dongfeng – 1 дана). Инертті материалдарды сақтайтын қойма салынған.

«ЭкокомИнжиниринг» ЖШС-нің: Газ 53 – 3 дана және Трактор МТЗ – 1 дана (арендны) бар.

Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорыны» Шаруашылық жүргізу құқығындағы мелекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі күл-қоқыс жәшіктері:

Жеке кәсіпкерлерде – 65 келісім шарт жасалған, қоқыс контейнері 1500 теңге,

Заңды тұлғаларда – 35  келісім шарт жасалған, қоқыс контейнері 1500 теңге,

Жеке тұлғаларда – 200 келісім шарт жасалған 1-10 қап қоқысқа дейін 350 теңгені құрайды.

Барлығы – 300 келісім шарт жасалған.

Урналар жоқ, келешекте күл-қоқыс жәшіктерінің қажеттілігі 100 дана.

«ЭкокомИнжиниринг» ЖШС-і  2014 жылы – 500, 2015 жылы – 600, 2016 жылы – 700  заңды және жеке тұлғалармен келісім шарт жасалды, әр ауладан 2014, 2015, 2016 жылдары – 500 теңгеден қоқыс шығару үшін тариф құрады.

Қордай ауданы аумагымен 263 шақырым республикалық маңызы бар автожолдар өтеді, жол бойындағы шөптерді шабу, қоқыс контейнерлерін уақытыл тазалау мақсатында аудан әкімі орынбасарының атынан «Қазавтожол» АҚ-ның   басшысы Д. Тоқтаровтың атына ағымдағы жылдың 04 қыркүйегі №2-4742 шығыс хаты жолданды.

Сенбілік жұмыстары жалғасуда.