Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Ветеринария бөлімі

Қордай ауданында 2017 жылдың 9 айының  қортындысы бойынша ветеринария саласында атқарылған жұмыстары жайлы ақпарат

 

Ветеринария саласы бойынша 2017 жылға арналған эпизоотияға қарсы   іс-шаралары жылдық жоспар бойынша жүргізілді. Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу мақсатында Республикалық және жергілікті бюджеттен 2017 жылға 205 190,0 мың теңге қарастырылып, 145000,0 мың теңгесі ветеринария бөлімінің шотына отырғызылды, қалған 57 922,6 мың теңгесі облыстық бюджеттен бөлінуі күтілуде. Көрсетілген соманың бүгінгі күнге 131700 мың тенгесі игерілді.

Аудан бойынша ауылшаруашылық малдары саны  ірі қара малы саны 52912 бас,  ұсақ мал саны 431244 бас, жылқы саны 16380 бас, шошқа малы 2414 бас, құстар саны 121983 бас.

Жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы вакцина егу,  диагностикалық тексерулердің жылдық жоспары 2017 жылға Қордай ауданы әкімдігінің ветеринариялық қызметі тарапымен келісім шартқа отырып,  барлық ветеринариялық  іс-шаралар сол мекеме арқылы жүргізілуде.

2017 жылдың арналған вакциналар толық келіп түсіп, жоспарға сай егу және қан алу жұмыстары уақтылы орындалуда.

Бүгінгі күнге мүйізді ірі қара малының аусылына 111556 доза, ұсақ мал аусылына 730000 доза, шошқа аусылына 3000 доза, жылқы маңқасына 9000 доза, ұсақ малының құтыруына 38570 доза, жылқы құтыруына 2300 доза,   ірі қара малдың пастереллезына 20800 доза, ұсақ малдың пастереллезына 156000 доза, жылқы малдың пастереллезына 6180 доза, шошқа малдың пастереллезына 4200 доза, құстардың потогенді тұмауына 220000 доза, ірі қара малына арналған  туберкулин 93170 доза, ұсақ малдың обасына 440 000 доза, ірі қара малдың листериозына 12230 доза, ұсақ малдың листериозына 117140 доза, шошқа малының листериозына 4200 доза,  ұсақ малының брадзотына 7500 доза, ірі қара малының сібір жарасына 47800 мың доза, ұсақ мал сібір жарасына 316500 доза, жылқы сібір жарасына 15000 доза, шошқа сібір жарасына 5400 доза,   қойлардың күл ауруына 440000 доза, қозылардың контагиозды дерматитіне 120000 доза, мүйізді ірі қара малының лептоспирозына 16230 доза, жылқы лептоспирозына 4640 доза ұсақ малдың лептоспирозына 117140 доза, шошқа малының лептоспироына 4200 доза вакциналар салынып, жоспарға сай егу және қан алу жұмыстары уақтылы орындалуда. Сонымен қатар эхинококкозге 27000 таблетка берілді. маңқа ауруына  9000 бас жылқы және 93170 бас ірі қара туберкуллезге  аллергиялық жолмен тексерілді.

Бруцеллезге қарсы – диагностикалық зерттеуге  62717 бас ірі қара, 360825  бас ұсақ  малынан, 1501 бас шошқа, 117 бас жылқы, 487 бас иттен қан сынамалары алынып, ветеринариялық зертханада тексерілді . Нәтижесінде 50 бас ірі қара, 274 бас ұсақ малы және 2 бас иттің қан сарысуы сынамаларынан бруцеллезге оң нәтиже анықталды, 2 бас ит өлтіріліп биотермиялық шұңқырға тасталынды.

Бруцеллез малдар оқшауланып, сойылып, шұжық цехтарына өткізілуде. Бүгінгі күнге 48 бас ірі қара малы сойылып залалсыздандырылды. Ұсақ малдан  223 бас сойылып, Тараз қаласындағы ЖК «Смагулов» ет өңдеу кәсіпорнына өткізілді.

Аудан аумағындағы иесіз иттерді ұстап, жою жұмыстарын жүргізуге 2017 жылы 2977,0 мың теңге қаражат бөлініп, бүгінгі таңға 2977,0 мың теңгесі игерілді немесе 2481 иесіз иттер  жойылды.

Жыл басында 2017 жылға ірі қара малына  8000 бас, қой-ешкілерге 112000 бас, шошқаларға 1790 бас  және жылқы малын чиптеуге 1760 бас жоспарланып, бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылдың 9 айында 41 сібір жарасының ошақтары «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу  бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы іс – шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық талаптар» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министірінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №136 бұйрығымен бекітілген нормаларға сай етіп күрделі жөндеуден өткізуге сметаға сәйкес 3 902,0 мың теңге қаржы бүгінгі таңа қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп аяқталды.

Энзоотиялық ауруларға қарсы 27000 доза тейлериозға, 15000 доза жылқы сақауына, ұсақ малдың салменелезына 50000 доза, жылқы салменелезына 10000 доза қарсы вакцина облыстан келіп түсіп, жұмыстар жүргізілді.  Аудандық бюджеттен осы ауруға қарсы егу жұмыстарына 1306,0 мың теңге бөлінді.

Қордай шамшырағы газетінде 2017 жылдың 17 қаңтарында «Аусылдан абай болыңыз», 18 қаңтарында «Қордай ауданының аумағында жануарларды ұстау қағидасы», 10 ақпанда «Конго қырым қанды безгегі туралы», 26 сәуірде «Заң талаптарын сақтайық», «мал иелерінің міндеттері туралы», 29 сәуірде «аусыл туралы мал иесі не білуі керек»,  маусым айына «Малдарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар» «сібір жарасы» өте қауіпті індеті атты мақалалар жарияланды.

Конго-Крым безгегі індетінің табиғи ошақтары жоқ. Малдәрігер мамандары тарапынан мал денелеріндегі кенелерді жою бойынша іс-шаралар тұрақты жүргізілуде.

Мал базарларына әкелінетін малдардың кенелерден таза болуын қадағалау құзырлы мамандарға ескертілді.

Қордай ауданы  бойынша аудандағы 41 сібір жарасы көмінділерінің ошақтарының шекарасы үйлестіріліп, оларды мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізіп, топографиялық картаға түсірілді. Сібір жарасы қөмінділерінің мемлекеттік актілерін жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты алынып, Әділет басқармасында тіркелді.

Қордай ауданы бойынша1 ет өңдейтін кәсіпорын 2 қасапхана бар, біреуі Қордай ауылында Барыс-2 базарында, екіншісі Қаракемер ауылында орналасқан, қалғандары 8 мал сою алаңдары бар. Ауданда 14 ішкі сауда объектілері немесе мал етін сататын дүкендер, сонымен қатар екі мал базары бар, Сортөбе ауылында сенбі күні, Қордай ауылында жексенбі күні жұмыс істейді.

Ішкі сауда обьектілерінде ветеринариялық заңдылықтардың бұзылуына жол бермеу мақсатында ҚР  «Ветеринария туралы» Заңының 14-1 бабының 5 тармағына сәйкес күнделікті бақылау жүргізіліп тұрады, мамандар бекітілген. Сонымен қатар леспе құжаттарынсыз мал және мал өнімдерін тасымалдаған жеке және заңдытұлғаларды анықтау мақсатында жергілікті полиция қызметкерлеріміен бірлесіп рейдтер ұйымдастырылып тұрады.

Бруцеллезге шалдыққан ұсақ малдардың иелеріне ауру малдарды қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізу үшін 100 нұсқама берілді, бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен  ірі қаралардың 27 мал иелеріне. Сонымен бірге мал базарындағы мал сою пунктінде ветеринариялық талаптарды орындау үшін 1 адамға, ұсақ малдары вакцианцияланбай, бірдейлендірілмегендігі үшін 1 адамға, ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізбей  ет сатқаны үшін 9 адамға нұсқама берілді және 23 ауылшаруашылық құрылымға тексеру жүргізіліп ветеринариялық-санитариялық қорытынды берілді және 22 жеке және заңды тұлғаларға есептік нөмір берілді.