Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Бөлім басшысы

ӨМІРБАЯН

20160721_174459

Мен, Қожабергенов Талғат Ермекұлы, Жамбыл облысы, Қордай ауданының Киров колхозында (қазіргі Кенен ауылы) 1964 жылдың                   20 қазанында туылғанмын.

1971-1981 жылдары Киров атындағы орта мектепте білім алдым.

Мектепті аяқтай сала Киров атындағы колхоздың жұмысшысы, соңынан механизаторы болып әскер қатарына шақырылғанға дейін еңбек еттім.

1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышымды өтедім.

1984-1988 жылдары Степной ауылындағы «Георгиевский» совхозында механизатор болып еңбек еттім.

1988 жылы совхоздың жолдамасымен Улан-Удэ қаласындағы Бурят ауыл шаруашылығы институтының  ветеринария факультетіне оқуға қабылданып, 1993 жылы жоғарғы оқу орнын үздік бітірдім.

Жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң «Георгиевский» совхозына ветеринарлық дәрігер болып жұмысқа орналасып, 2001 жылдың мамырына дейін жұмыс істедім.

2001 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Қордай аудандық аумақтық басқармасына бас маман-мемлекеттік ветеринарлық инспектор ретінде жұмысқа қабылданып, 2007 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс істедім.

2007 жылдың қыркүйегінде Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөліміне ауыстыру тәртібімен бас маман болып қабылдандым.

2010 жылдың ақпанында Қордай ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің бастығының міндетін атқарушысы болып тағайындалдым.

2012 жылдың 29 қазанынан ветеринария бөлімінің басшысы болып тағайындалдым, бүгінгі күні осы лауазымдамын.

Отбасы жағдайым, жұбайым-Айсерикова Индира Аязбайқызы, 4 бала тәрбиелеп отырмын, қызым – Қожабергенова Анара Талғатқызы, ұлым – Ермек Әнуар Талғатұлы, ұлым – Ермек Айбек Талғатұлы, қызым – Ермек Айым Талғатқызы.