Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Жер қатынастары бөлімі

2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жер қатынастары саласында атқарылған

жұмыстар туралы

АҚПАРАТ

 

1.Аудандық жер қатынастары бөлімі тарапынан, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы бойынша 2017-2019 жылдар аралығында қолда бар жер қорына талдау жүргізу (жерге құжаттамалық ревизия) жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен аудан көлемінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ревизиялау жұмыстары толығымен аяқталды. Елді мекендердің жерлерін ревизиялау бойынша ауылдық округтерінің қатысуымен талдау жұмыстары жүргізіліп,                 100 пайызға орындалды. Ревизияға қатысты есеп жұмыстары облыстық жер қатынастары басқармасына тапсырылды.

  1. Жерді тиімді пайдалану мақсатында аудан көлемінде 2017 жылы 395,0га жер учаскесін тәлімді егістіктен суармалы егістікке ауыстыру жоспарға қойылып, қазіргі уақытта 503,85га жер учаскесі суармалы егістікке ауыстырылып, жоспардан 108,85га артық орындалды. (олар: А.Кошалиевтің 30,0га, Р.Рыскулбековтың 162,0га және Т.Джунусовтың 8,64га, А.Топчаковтың 60,0га, К.Куленовтың 109,0га және Б.Сырлыбаевтың 134,21га жер учаскелері).

3.Ағымдағы жылы, ауылшаруашылық дақылдарын егу қорытындысы бойынша 4 АШ және графикалық есебі дайындалып, Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасына тапсырылды. Есеп қорытындысы бойынша 4 заңды тұлғалар тарапынан барлығы 4190,4га, соның ішінде «Шарбақты» ЖШС – 197,5га; «Ноғайбай Kazexim» ЖШС – 236,2га; «KGK LTD» ЖШС – 822,5га және «Қордай Халал Ет» ЖШС – 2934,2га айдалмалы егістік жерлерінің игерілмегендігі, сонымен қатар, шаруа қожалықтары тарапынан Қарасай ауылдық округінің қызмет көрсету аймағындағы 15 шаруа қожалықтарының барлығы 247,0га суармалы егістік жерлерінің игерілмегендігі анықталды. Аудан бойынша барлығы 4439,4га соның ішінде 249,0га суармалы егістік, 4190,4га айдалмалы егістік жерлер игерілмеген. Жоғарыда аталған заңды тұлғалар бойынша былтырғы жылы да тексеру жұмыстары жүргізілген, биылғы жылы да облыстық жер инспекциясы тарапынан қайталап ескертпелер тапсырылды. Ал, Қарасай ауылдық округі бойынша шаруа қожалықтарының игерілмеген жерлері туралы облыстық инспекцияға хабарлама жіберілді. Қазіргі кезде, ол тараптан тексеру жұмыстары жүргізілуде.

4.Аудан бюджетінің кіріс бөлігін қамтамасыз ету аясында және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына сәйкес, кәсіпкерлік мақсатқа арналған көлемі 21,4 гектар, 41 жер учаскесі сауда-саттыққа қойылып бір аукцион өткізілді. 9 айдың қорытындысы бойынша жер учаскелерін жеке меншік құқығына сатудан жоспардағы 68,0 млн теңгенің орнына жергілікті бюджетке 79  млн 71 мың 400 теңге қамтамасыз етілді немесе 116,3 пайыз. Жер учаскесінің жалдау құқығын сату 100 пайызға орындалып, бюджетке 679 мың 700 теңге кіріс өндірілді.

5.Аудан аумағындағы жер қатынастары мәселелері бойынша, Шекара қызметіне қажетті «Қордай» өткізу пунктіне қосымша көлемі 0,30 га жер учаскесі бөлініп берілді, әскери қалашықтың жанынан ауыр техника тұрағына көлемі 0,93 га, тікұшақ алаңына 0,96 га жер учаскелері берілді. «Қарасу» өткізу пунктін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету аясында  жеке кәсіпкер М.Усербаеваға жер учаскесі жеке меншік құқығына ресімделіп, жобаға енгізілді. Осы кәсіпкердің жеке меншік құқығындағы көлемі 2,0 га жер учаскесі кедендік уақытша сақтау қоймасын ұйымдастыруға ұсынылды.

Жер қатынастары құқықтарына байланысты 141 қаулы жобалары дайындалып, аудан әкімдігінің қарауына ұсынылды. Аудандық жер жөніндегі комиссиясының 18 отырысы өткізіліп, 2173 өтініштер қаралды.