Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Әблешов Нұржан Әблешұлы

 

Аблешов Нұржан Аблешұлы, 1981 жылы 30 мамырда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Қарабөгет ауылындағы А. Байтұрсынов атындағы орта мектебін бітірген. Білімі жоғары. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Инженер-жерге орналастырушы» мамандығы бойынша 2003 жылы және Тараз қаласындағы «Әулие Ата» университетін «Заңгер» мамандығы бойынша 2006 жылы бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы «Жамбыл жер кадастры ғылыми – өндірістік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында («ЖамбылжерҒӨО» РМК) инженер – жерге орналастырушы болып бастаған. 2008 жылдан бастап «Geo Aluan Group»жауапкершілігі шектеулі серіктестінде директордың орынбасары қызметін атқарған. 2010 жылдан бастап Жамбыл облысы бойынша сот актілерін орындау департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы қызметін атқарған. 2011 – 2016 жылдар аралығында «ЖамбылжерҒӨО» РМК-ның құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарған. 2016 жылдан бастап Тараз қаласы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» КММ бас маманы болып қызмет атқарған.                              2017 жылдың 3 шілдесінен бастап Қордай ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» КММ басшысы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару Агенттігінің «Жер қатынастарының дамуына қосқан үлесі үшін» құрмет грамотасымен және ІІІ-дәрежелі «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Үйленген. Төрт бала тәрбиелеуде.