Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Ереже

Қордай ауданы әкімдігінің

2013 жылғы 5 шілдедегі

№ 540 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

 

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 Жалпы ережелер

 

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, аудан аумағында жер қатынастарын реттеуде атқарушы және реттеу функцияларын, сондай-ақ жер реформаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2.   «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі болып табылады.
  3. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4.   «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға  өз  атынан түседі.
  6. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға  сәйкес  осыған  уәкілеттік  берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының  бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан орны: индексі: 080400, Қазақстан Республиасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 102 үй.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
  13. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
    функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Аудан аумағында жер қатынастарын реттеу мәселелері. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын жүзеге асыру.
  2.   «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті:

1) иесi жоқ жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

2)жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) ауданның жергiлiктi атқарушы органының жер учаскелерiн беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

4) жер қойнауларын мемлекеттік геологиялық зерттеу және барлауға байланысты жер учаскелерін жер қойнаулары мақсатына пайдалануға беру бойынша ұсыныстар мен аудандық атқарушы органның шешім жобаларын дайындау;

5) мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiнде ұсыныстар дайындау;

6) жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;

7)  мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;

8) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;

9) жердi аймақтарға бөлу жобаларын және ауданның жерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзiрлеудi ұйымдастыру;

10) елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;

11) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;

12) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргiзу;

13) ауданның жер балансын жасау;

14) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектiлерiнiң есебiн жүргiзу;

15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын беру;

16) жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттардың орындалу жағдайларын бақылауды жүзеге асыру;

17) ауданның жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;

18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

19) пайдаланылмай және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, пайдаланылып жатқан жерлерді, осы бұзушылықтар бойынша облыстық аумақтық жер инспекциясына ақпарат бере отырып, анықтау;

20) жерлерді резервке қалдыру бойынша ұсыныстар дайындау;

21)  қолданыстағы жер заңнамалары шеңберінде азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттар мен өтініштерді қарау.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан  әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:

Мекеме басшысы дара басшылық принципімен әрекет етеді және мекеме қызметіне байланысты барлық мәселені уәкілетті орган берген құзыретінің шегінде және осы Ережеге сәйкес дербес түрде шешеді.

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

Барлық органдарда «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;

Банкіде есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;

Барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

Қызметкерлерді марапаттау және оларға шара қолдануды анықтайды;

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені бекітеді;

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілері жіберілсе, сол үшін мекеме басшысының дербес жауаптылығы белгіленеді.

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

23. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.