Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы»

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру бойынша 2017 жылдың 1-ші қазанына атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 

2017 жылдың 1-ші қазанынаресми түрде жұмыссыздар есебінде 589 адам тіркелген. Жұмыспенқамту мәселесі бойынша жыл басынан барлығы 2834 азамат  қайырылып, әлеуметтік қорғау шараларымен 2416 адам қамтылды. Оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарына 1176 адам,  жастар тәжірибесіне 85 жас маман,әлеуметтік жұмыс орындарына  205 адам,  ақылы қоғамдық  жұмыстарға 336 жұмыссыз азамат жолданды, 560 адам кәсіби оқу курстарымен және «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқумен қамтылып,55 адам несие алды.

2017 жылы аудан бойынша 1592(851- тұрақты, 741- маусымдық) жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған. 2017 жылдың 1-шіқазанына1629 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде уақытша жұмыс орындары  – 250.

Бірінші бағыт: бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 77 013,0 мың теңге қаражат бөлініп 562 адам оқуға жолдау жоспарланған.

2017 жылдың 1 –ші қазанына342 адам оқуға жолданып бүгінгі күнге 184 -іоқуларын аяқтап, 82 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.(200 адам – 1 кезең, 107 адам – 2 кезең, 35 адам – 3 кезең, 220 адам – 4 кезең). Бүгінгі күнге 42 123,0 мың теңге игерілді.

Үстіміздегі жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап 60 адам техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға тігінші мамндығына Бетқайнар колледжіне жолданды.

 

Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту:

 

  1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2017 жылға 52 азаматқа 365220,0 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінген оның ішінде 37 азаматқа республикалық бюджеттен 246960 мың теңге бөлінген және 15 азаматқа жергілікті бюджеттен 118260 мың теңге қаражат бөлінген.

Жалпы 2017 жылы  орталықтан  122 адам жолданды оның ішінен 42 – азамат «Қордай» несие серіктестігіне, 72 – азамат «Ауыл шаруашылығын қаржылай колдау қоры» АҚ-на, 8 – азамат шағын несие ұйымына(МФО).

Бүгінгі күнге 55 адам 219800,0 мың теңге игерілді оның ішінде; шағын несие ауыл шаруашылық қолдау қоры арқылы  34 адамға 142400,0 мың теңге ігерілді (8 адам өз ісін кеңейтуге – 30 500,0 мың теңге, 26 өз ісін ашуға – 111 900,0 мың теңге),  және несие серіктестігі арқылы 21  адам  77400,0 мың теңге ігерілді, (14 адам өз ісін кеңейтуге – 56 600,0 мың теңге, 7 өз ісін ашуға – 20 800,0 мың теңге).

  1. 2017 жылға «Бастау Бизнес» пилоттық бағдарлама бойынша 180 азаматты оқыту жоспарлануда, бүгінгі күнге 138 азамат оқу аяқтады сонымен қатар бесінші кезеңде 35 азамат оқуда, жыл аяғына дейн 7 азамат оқуға жолданады. Оқу мерзімі 1 ай.

«Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқып бітірген азаматтардын ішінен орталықтан 31 азамат жолдамаларын алды оның ішінен: 4 – азамат «Қордай» несие серіктестігіне, 23 – азамат «Ауыл шаруашылығын қаржылай колдау қоры» АҚ-на, 4 – азамат шағын несие ұйымына(МФО).

Оның ішінен шағын несие ауыл шаруашылық қолдау қоры арқылы  10 адамға 44000,0 мың теңге берілді, және несие серіктестігі арқылы 4  адам  11500,0 мың теңге берілді.

 

Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту:

 

Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз ету :

– әлеуметтік жұмыс орындарын 150 адамға құру үшін, барлығы 26138,0 мың теңге қаражат қаралып отыр. Есепті кезеңге 205 жұмыссыз адам жұмыспен қамтылды. Үстіміздегі жылдың 1-ші қазанына 22 950,0 мың теңге игерілді.

– жастар практикасына 23414,0 мың теңге қаралып отыр, 85 жас маманға. Есепті кезеңге 29 жасқа дейінгі 85 жас түлектер жұмыспен қамтылды.Үстіміздегі жылдың 1-ші қазанына19 039,0 мың теңге игерілді.

– қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға 70422,0  мың теңге бөлініп, 245 адамды жіберу жоспарланды. Есепті кезеңге 336 жұмыссыз жұмыспен қамтылды.Үстіміздегі жылдың 1-ші қазанына 65 226,0 мың теңге игерілді.

 

Халықтың көші-қоны бойынша:

 

Облыс  әкімінің хаттамалық тапсырмасына байланысты, ауданнан арнайы  делегация  Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапарға барды. Делегация  құрамында Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Жамангозов,Сортөбе ауыл округінің әкімі И.Буларов, №50 орта мектеп директоры М.Машанло және Сортөбе, Масаншы ауылдарынан ақсақалдар болды. Делегация Петропавл қаласында облыс әкімімен  кездесіп, аталған облыстың бірқатар аудандары мен ауылдарын  аралап қайтты.

Кездесу барысында солтүстік аймақта халық саны аз, мамандар тапшы, ал жері құнарлы, бай және кең екендігі айтылды. Бұл жағдай оңтүстік өңірден қоныс аударған азаматтарға ауылшаруашылығымен, егіншілікпен немесе бау-бақша өсірумен  айналысуға үлкен мүмкіндік жасайтындығы әңгіме болды.

Делегация мүшелері ауданға келгеннен кейін, негізінен бау-бақша өсірумен  айналысатын Сортөбе және Масаншы ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, насихаттау  жұмыстары  жүргізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі тарапынан қоныс аударушыларға  бау-бақша өсірумен немесе  егіншілікпен  айналысу  үшін  жер  телімдерін беру жоспарлануда.

Үстіміздегі жылдың 13 сәуірінде Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Жамангозов,Сортөбе ауыл округінің әкімі И.Буларов және Сортөбе, Масаншы ауылдарынан барлығы 15 отбасының отағалары Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапарға барды. Барған азаматтар осы облыстың Мамлютский ауданы, Ленин ауылына қоныстанатын болды. Бүгінгі күні  13 отбасы аталған ауылға қоныс аударды. Қоныс аударған отбасылар құрамында  60  адам бар.

Бүгінгі күні бұл отбасылар тұрғын үйлермен қамтамасыз етіліп,  әрқайсысы өз үйлерінің  қасындағы жер учаскелерінде көкөністерді өсірумен айналысуда.Сонымен қатар әр отбасына 5 гектардан жер телімдері бөлініп берілді.

Бұл отбасылардың құжаттары Солтүстік Қазақстан облыстық аймақтық комиссиясының шешімімен қоныс аударушылар квотасына енгізіліп, аталған облыстың Мамлютский аудандық комиссияның  шешімімін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының 3-ші бағыты бойынша көші-қон шығыны және қызметтік тұрғын үй жалдауға төлемдері толығымен төленіп берілді.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап іске аса бастаған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының 3-ші бағыты бойынша  биылғы жылға жұмыс күші тапшы облыстарға атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарына қоныс аудару бойынша аудан тұрғындары арасына насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, бүгінгі күнге  2 отбасы Солтүстік Қазақстан облысы, Шалақын ауданына; 1 отбасы Солтүстік Қазақстан облысы, Ш.Уалиханов ауданына; 1 отбасы Петропавл қаласына қоныс аударды. Есепті кезеңге 3 отбасының өтініш берушілері тұрақты жұмысқа орналасып, 1 отбасының еңбекке қабілетті азаматтарына жұмысқа тұрғызу қарастырылуда, отбасыларды тұрғын үймен қамту жұмыстары жүргізілуде. Отбасы мүшелеріне көші-қон шығындары төленіп берілді.

2014-2016 жылдары еңбек күші тапшы өңірлерге  Қордай ауданынан барлығы 6 отбасы қоныс аударды. Атап айтқанда Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына 1 отбасы, Қызылжар ауданына 1 отбасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласына   4 отбасы.

Жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару туралы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету үшін төмендегі нысандар жүргізіледі:

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша:

Жоспар бойынша құрылатын жаңа жұмыс орындар саны: 631 адам, бүгінгі күнге нақты құрылған жұмыс орындар саны – 518 адам, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығының  жолдамасымен – 68 адам.

Қосымша нысандар бойынша жаңадан құрылған жұмыс орындар саны-86 адам, оның ішіде жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен – 22 адам.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша – 142 жаңа жұмыс орындары ашылады, оның ішінде бүгінгі күнге нақты құрылған жұмыс орын саны – 142,оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 14 адамға жолдама берілді.  Нақты айтқанда;

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортобе ауылындағы жеке тұрғын алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын салу. Электрмен қамтамасыз ету және көшелері нысаны бойынша жалпы жаңадан құрылатын жұмыс орындарының саны – 22, бүгінгі күнге 22 жаңа жұмыс орны құрылып, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданған –2 адам.
  2. Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылындағы «Шығыс» және «Солтүстік» ықшам аудандарының тұрғын құрылыс алқабының инженерлік инфрақұрылым құрылысы»нысаны бойынша жалпы жаңадан құрылатын жұмыс орындарының саны – 120, бүгінгі күнге құрылған жұмыс орындар саны – 120, оның ішінде жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен -12 адам.

ҮИИДМБ» мемлекеттік  бағдарламасы бойынша- 240 жаңа жұмыс орындары ашылады, бүгінгі күнге нақты құрылған жұмыс орындар саны – 160, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 14 адамға жолдама берілді.  Нақты айтқанда;

  1. Сарыбұлақ ауылында “BioVet KZ” ЖШС – “GMP және GLP стандартына сай ветеринарлық препараттар шығаратын биокомбинаттың құрылысы” нысаны бойынша жалпы жаңадан құрылатын жұмыс орындарының саны – 140, бүгінгі күнге нақты құрылған жұмыс орындар саны – 140, оның ішіндежұмыспен қамту орталығы арқылы – 14 адам.
  2. Қордай ауылындағы «Первомайские деликатесы» ЖШС-шұжық өндіретін цехын қайта жаңғырту нысаны бойынша жалпы жаңадан құрылатын жұмыс орындарының саны – 100, бүгінгі күнге жаңадан құрылған жұмыс орындар саны саны – 20, жұмыспен қамту орталығы арқылы – 4.  Жұмыстар жүргізілуде.

Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша- 35 жаңа жұмыс орындары ашылады,оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 адам;

  1. Аухатты ауылының су жүйесінің қайта жаңғыртуы нысаны бойынша жалпы жаңадан құрылатын жаңа жұмыс орындар саны – 35, бүгінгі күнге 35 жаңа жұмыс орын құрылып, оның ішінде 6 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмысқа жолданды.

Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша-10 жаңа жұмыс орындары ашылады, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 адамға жолдама берілді. Оның ішінде;

  1. «Сегізбаев» шаруа қожалығы-мал шаруашылығы және сүт өнімдерін шығару нысаны бойыншажалпы жаңадан құрылатын жұмыс орындарының саны – 10, бүгінгі күнге құрылған жұмыс орындар саны – 10, оның ішінде жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен– 4.

Агробизнес 2020» бағдарламасы бойынша – 38 жаңа жұмыс орындары ашылады, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 адамға жолдама берілді. Нақты айтқанда;

  1. Масаншы ауылындағы «Гринвилл» ШҚ жаңадан құрылатын жұмыс орындарының саны – 20, бүгінгі күнге 20 жаңа жұмыс орын құрылып, оның ішінде бүгінгі күнге орталық арқылы жолданған жұмысшылар саны– 3.
  2. Қасық ауылындағы «Ұмтыл»ШҚ жалпы жаңадан құрылатын жұмыс орындарының саны – 3, бүгінгі күнге 3 жаңа жұмыс орны құрылып, бүгінгі күнге орталық арқылы жолданған жұмысшылар саны – 2.
  3. Ноғайбай ауылындағы «Медет» ШҚ жалпы жаңадан құрылатын жұмыс орындарының саны – 4, бүгінгі күнге 4 жаңа жұмыс орны ашылып, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы – 1 адам жолданды.

4.«Көмек» ШҚ жалпы жаңадан құрылатын жұмыс орындарының саны – 3, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы – 1 адам қазан айның 10-да жолданады.

5.«Қасық» ШҚ жалпы жаңадан құрылатын жұмыс орындарының саны – 5,  оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы – 1 адам жолданды.

6.«Күнгей» ШҚ жалпы жаңадан құрылған жұмыс орындарының саны – 3, бүгінгі күнге 3 жаңа жұмыс орны ашылып,оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы – 1 адам жолданды.

Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша-166 жаңа жұмыс орындары ашылады, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 18 адамға жолдама берілді.Оның ішінде;

  1. 1. Бетқайнар ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы нысаны бойынша жаңа жұмыс орындар саны – 18, бүгінгі күнге құрылған жұмыс орындарының саны – 16, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданған – 2,
  2. 2. Жамбыл облысы Қордай ауданы Соғанды ауылында 50 оқушыға №33 мектебі құрылысын салу нысаны бойынша ашылатын жаңа жұмыс орындар саны – 61, бүгінгі күнге жаңадан құрылған жұмыс орындарының саны – 50, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданған– 6,
  3. 3. “Жамбыл облысы Қордай ауданы Көктөбе ауылындағы 50 орындық оқушыға арналған №40 мектебінің құрылысын салу” нысаны бойынша жаңа жұмыс орындар саны – 67 жаңа жұмыс орны құрылу қарастырылған, бүгінгі күнге жаңадан құрылған жаңа жұмыс орны 55 оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданған – 8 адам.
  4. 4. “Жамбыл облысы Қордай ауданы Шарбақты ауылында №36 негізгі мектепке спорт зал құрылысын салу” нысаны бойыншажаңадан ашылатын жұмыс орындар саны – 20, бүгінгі күнге жаңадан құрылған жұмыс орындарының саны – 20, оның іщінде жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданған –2.

 

Қосымша:

  1. 1. Қордай ауылындағы дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысына құрылған жаңа жұмыс орны– 20, оның ішінде жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 8 адам жұмыспен қамтылды.

2.Бетқайнар ауылының Алтын дән көшесінің жөндеу жұмыстарына құрылған жаңа жұмыс орны – 5, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 адам жолданды.

  1. 3. Бетқайнар ауылындағы шағын футбол алаңының құрылысына жаңадан құрылған жұмыс орны – 8 , оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 адам жолданды.

4.Қордай ауылындағы Елімай көшесінің ағымды жөндеу жұмыстарына жаңадан құрылған жұмыс орны – 6, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 1адам жолданды.

  1. 5. Алға – Көгадыр жолының ағымды жөндеу жұмыстарына жаңадан құрылған жұмыс орны – 10, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 адам жолданды .
  2. 6. Өтеген-Байтерек-Аухатты жолының ағымды жөндеу жұмыстарына жаңадан құрылған жұмыс орны – 10,оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 адам жолданды .
  3. Қарасай батыр – Еңбек ауылдар жолының ағымды жөндеу жұмыстарына жаңадан құрылған жұмыс орны 5, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 адам жолданды.
  4. Масаншы ауылынында жаңа мектептің жолының жөндеу жұмыстарына жаңадан құрылған жұмыс орны 5, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 адам жолданды.
  5. Жаңатұрмыс ауылындағы «Әкежан» балабақшасына жаңадан құрылған жұмыс орны 6, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 адам жолданды.

10.Бетқайнар ауылындағы «Алтын ұя» балабақшасында 11 жаңа жұмыс орныашылып,бүгінгі күнге 1 адам жолданды, қосымша 10 адам қазан айының 9-да жолданатын болады.

11.Қордай ауылындағы «Қордай құс» Жшс-і құс санын көбейтетін фермасында 100 жаңа жұмыс орнының ашылуы жоспарлануда.

  1. Қордай ауылындағы «Әсем Құрылыс жоба» Жшс-де 3 жаңа жұмыс орнының ашылуы жоспарлануда.
  2. 2038 әскери бөлімінің әскери қалашығындағы жаңадан құрылған 50 орындық балабақшасында 18, және әкімшілік ғимараттарына, барлығы 109 жаңа жұмыс орнының ашылуы жоспарлануда.