Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қордай ауданында жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және мүгедектерді оңалту  салалары бойынша  2017 жылдың 1-ші қазанына атқарылған іс-шаралардың ақпараты

 

Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша

 

2017 жылдың 1 –ші қазанына ресми түрде жұмыссыздар есебінде 589 адам тіркелген. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша жыл басынан барлығы 2834 азамат  қайырылып, әлеуметтік қорғау шараларымен 2416 адам қамтылды. Оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарына 1175 адам,  жастар тәжірибесіне 85 жас маман, әлеуметтік жұмыс орындарына  205 адам (жұмыспен қамту пайызы 51,7%),  ақылы қоғамдық  жұмыстарға 336 жұмыссыз азамат жолданды, 500 адам кәсіби оқу курстарымен және «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқумен қамтылып 55 адам несие алды және техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 60 адам жіберілді.

2017 жылы аудан бойынша 1592  (851- тұрақты, 741- маусымдық) жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған. 2017 жылдың 1-ші қазанына              1629 жаңа жұмыс орындары құрылды оның ішінде: тұрақты жұмыс орындары – 1379,  уақытша жұмыс орындары  – 250.

Жұмыссыздық деңгейі 2,7% құрайды.

Бірінші бағыт: бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 65 513,0 мың теңге қаражат бөлініп,               342 адамды оқуға жолдау жоспарланағн.

2017 жылы 1 – ші қазанына 1-ші кезең бойынша  200 адам оқуларын аяқтап, 82 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бүгінгі таңға2-ші кезең бойынша 107 адам оқуға жолданып,  бөлінген қаражаттың 42123,0 мың теңгесі игерілді. 3-ші кезең бойынша 35 азамат оқу курстарына жолданды.

Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша  2017 жылы 365220,0 мың теңге қаражат аясында 52 азаматты несиемен қамтамсыз ету жоспарланған.  Оның ішінде республикалық бюджеттен                 37 азаматқа 246960,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 15 азаматқа 118260,0 мың теңге қаражат қарастырылған.

Бүгінгі күнге 55 адам 219800,0 мың теңге несиемен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда,  ауыл шаруашылық қолдау қоры арқылы 34 адам 142400,0 мың теңге көлемінде (8 адам өз ісін кеңейтуге – 30 500,0 мың теңге, 26 өз ісін ашуға – 111 900,0 мың теңге) және несие серіктестігі арқылы 19  адам  77400,0 мың теңге көлемінде (14 адам өз ісін кеңейтуге – 56 600,0 мың теңге, 7 өз ісін ашуға – 20 800,0 мың теңге)  несиемен қамтамасыз етілді.

  1. 2. 2017 жылы «Бастау Бизнес» пилоттық бағдарламасы аясында аудан бойынша 180 азаматты оқумен қамтамасыз ету жоспарланған.

Бүгінгі таңға окуға жолданған азаматтардың 109 –ы оқуын аяқтап,               14 азаматы  55 500,0 мың теңге көлемінде несиемен қамтамасыз етілді және 29 адам оқуды жалғастыруда.

Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша:

– әлеуметтік жұмыс орындарын 150 адамға құру үшін, барлығы 26138,0 мың теңге қаражат қаралған.  Есепті кезеңге 205 жұмыссыз адам жұмыспен қамтылып, қаралған қаражаттың 22950,0  мың теңгесі игерілді.

– жастар практикасына 24674,0 мың теңге 85 жас маманды уақытша жұмыспен қамту мақсатында қарастырылған.  Есепті кезеңге 29 жасқа дейінгі 85 жас түлектер жұмыспен қамтылып, қаралған қаражаттың 19039,0 мың теңгесі игерілді.

– қоғамдық жұмысты ұйымдастыру аясында  245 адамды жұмысқа жолдау үшін жергілікті бюджеттен 70422,0  мың теңге қаралды.  Есепті кезеңге 336 жұмыссыз жұмыспен қамтылып, қаралған қаражаттың 65226,0 мың теңгесі игерілді.

Халықтың көші-қоны бойынша:    Облыс  әкімінің хаттамалық тапсырмасына байланысты, ауданнан арнайы  делегация  Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапарға барды. Делегация  құрамында Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Жамангозов,Сортөбе ауыл округінің әкімі И.Буларов, №50 орта мектеп директоры М.Машанло және Сортөбе, Масаншы ауылдарынан ақсақалдар болды. Делегация Петропавл қаласында облыс әкімімен  кездесіп, аталған облыстың бірқатар аудандары мен ауылдарын  аралап қайтты.

Кездесу барысында солтүстік аймақта халық саны аз, мамандар тапшы, ал жері құнарлы, бай және кең екендігі айтылды. Бұл жағдай оңтүстік өңірден қоныс аударған азаматтарға ауылшаруашылығымен, егіншілікпен немесе бау-бақша өсірумен  айналысуға үлкен мүмкіндік жасайтындығы әңгіме болды.

Делегация мүшелері ауданға келгеннен кейін, негізінен бау-бақша өсірумен  айналысатын Сортөбе және Масаншы ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, насихаттау  жұмыстары  жүргізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі тарапынан қоныс аударушыларға  бау-бақша өсірумен немесе  егіншілікпен  айналысу  үшін  жер  телімдерін беру жоспарлануда.

Үстіміздегі жылдың 13 сәуірінде Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Жамангозов,Сортөбе ауыл округінің әкімі И.Буларов және Сортөбе, Масаншы ауылдарынан барлығы 15 отбасының отағалары Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапарға барды. Барған азаматтар осы облыстың Мамлютский ауданы, Ленин ауылына қоныстанатын болды. Бүгінгі күні  13отбасы аталған ауылға қоныс аударды. Қоныс аударған отбасылар құрамында  60  адам бар.

Бүгінгі күні бұл отбасылар тұрғын үйлермен қамтамасыз етіліп,  әрқайсысы өз үйлерінің  қасындағы жер учаскелерінде көкөністерді өсірумен айналысуда.Сонымен қатар әр отбасына 5 гектардан жер телімдері бөлініп берілді.

Бұл отбасылардың құжаттары Солтүстік Қазақстан облыстық аймақтық комиссиясының шешімімен қоныс аударушылар квотасына енгізіліп, аталған облыстың Мамлютский аудандық комиссияның  шешімімін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының 3-ші бағыты бойынша көші-қон шығыны және қызметтік тұрғын үй жалдауға төлемдері толығымен төленіп берілді.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап іске аса бастаған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының 3-ші бағыты бойынша  биылғы жылға жұмыс күші тапшы облыстарға атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарына қоныс аудару бойынша аудан тұрғындары арасына насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, бүгінгі күнге  2 отбасы Солтүстік Қазақстан облысы, Шалақын ауданына; 1 отбасы Солтүстік Қазақстан облысы, Ш.Уалиханов ауданына; 1 отбасы Петропавл қаласына қоныс аударды. Есепті кезеңге 3 отбасының өтініш берушілері тұрақты жұмысқа орналасып, 1 отбасының еңбекке қабілетті азаматтарына жұмысқа тұрғызу қарастырылуда, отбасыларды тұрғын үймен қамту жұмыстары жүргізілуде. Отбасы мүшелеріне көші-қон шығындары төленіп берілді.

2014-2016 жылдары еңбек күші тапшы өңірлерге  Қордай ауданынан барлығы 6 отбасы қоныс аударды. Атап айтқанда Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына 1 отбасы, Қызылжар ауданына 1 отбасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласына   4 отбасы.

Жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару туралы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

 

Халықты әлеуметтік қолдау

2017 жылдың 1-ші қазанына аудан бойынша аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қорғау мақсатында  бюджеттен төмендегідей қаржы қарастырылды:

– мемлекеттік    атаулы  әлеуметтік    көмек  22  отбасыға немесе 79  адамға 3694,0 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды;

– 1440 отбасыға немесе 5376  балаға  89 501,6  мың теңге көлемінде             18  жасқа  дейінгі  балаларға  берілетін  мемлекеттік  жәрдемақысы тағайындалды;

–  тұрғын  үй   жәрдемақысына 1539,0 мың теңге  қаралып, бүгінгі күнге 37 отбасыға немесе 158 адамға  жәрдемақы тағайындалып, қаралған қаржы толығымен игерілді;

2017 жылдың 1 қазанына аудан аз қамтылған отбасыларының саны 22, кедейшілік деңгейі 0,1 пайыз. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың  құрамындағы еңбекке қабілетті  азаматтардың үлесінің деңгейі 25,3 пайызды құрады.

«Өрлеу» пилоттық жобасына 2017 жылы барлығы 25763,0 мың теңге қарастырылған, оның  ішінде 20763,0  мың теңгесі республикалық бюджеттен, 5000,0  мың теңгесі  жергілікті бюджеттен.

Жыл басынан аудан бойынша 162 отбасыға немесе 880 адамға                     18 974,0   мың теңге көлемінде шартты ақшалай көмек төленді.

Жәрдемақы тағайындалған отбасылардың еңбекке қабілетті  163 адамы жұмыспен қамтылды, атап айтқанда: 47 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 47  азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға, 35 азамат тұрақты жұмысқа жолданды және 26 азамат кәсіби оқу курстарымен қамтылды.

Мүгедектерді оңалту іс-шараларының орындалуы

2017 жылдың 1-ші қазанына аудан бойынша жалпы мүгедектердің саны  4067 адамды құрайды, оның ішінде  1 және 2-ші топтағы мүгедектер 2222, 3-ші топ 1323 және 16 жасқа дейінгі кемтар балалар 522. Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының саны 13 адамды құрайды.

– Үйде оқитын кемтар балаларға жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу жәрдемақысына 10891,0 мың теңге қаржы қарастырылып, бүгінгі таңға 182 кемтар балаларға 6946,0 мың теңгесі төленді;

– Мүгедектерді  міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 18387,0 мың теңге және аудандық бюджеттен 23354,0 мың теңге қаржы бөлініп, 230 мүгедек аталған құралдармен қамтылды;

– 1-ші топтағы мүгедектерге бекітілген жеке көмекшілер қызметі мен ымдау тілі маманы қызметіне аудандық және республикалық бюджеттерден 31154,0 мың теңге қаржы қарастырылып, аудан бойынша 156 мүгедек жеке көмекші қызметімен, 8 мүгедек 2 ымдау тілі  маманымен қамтамасыз етілді;

Жыл басынан 36 мүгедек кресло-қораппен, 62 мүгедек протез-ортопедиялық құралдармен, 21 мүгедек сурдотехникалық, 26 мүгедек тифлотехникалық құралдармен және 60 мүгедек шипажайларға жолдамалармен қамтылды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан мүгедектерге арналған техникалық компенсаторлық құралдар мен жүріп-тұру құралдарының кеңейтілген тізіміне 2017 жылы республикалық бюджеттен 10474,0 мың теңге қаражат бөлініп,  техникалық көмекші және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 50 мүгедек қамтамасыз етілді.

Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету құрылымдық бөлімшесінің 41 күтім жөніндегі маманы 244 мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуде.

Сонымен қатар, 84 азамат  үкіметтік емес ұйымдары арқылы қызметпен қамтылуда.

Аудан әкімдігінің Қаулысының негізінде 15-ші ақпан Кеңес Одағының әскерлерін Ауған жерінен шығару күні қарсаңында 130 Ауған соғысына қатысқан азаматтарға 30,0 мың теңгеден және 6 отбасыларына 15,0 мың теңгеден және Ауғаныстанға жіберілген 1 жұмысшыға 15,0 мың теңгеден,  барлығы 4005,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

-26 сәуір Чернобыль апаты болған күнін еске алу мақсатында 41 Чернобыль апатына қатысқан азаматтарға 30,0 мың теңгеден, 1988-1989 жылдары Чернобыль апатына ұшыраған 2 азаматтарға 15,0 мың теңгеден, барлығы  1260,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленіп берілді.

-Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мерекесіне орай, 5 Ұлы Отан соғысы  мүгедектері мен 10 қатысушыларына 150,0 мың теңгеден, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген 1 адамға 30,0 мың теңгеден, жауынгерлердің 2 жесіріне, 53 қайтара тұрмыс құрмаған әйелдеріне және 819 тыл ардагерлеріне 15,0 мың теңгеден, барлығы 15390,0 мың теңге қаржы төленіп берілді.

26 тамыз Семей ядролық полигонының жабылған күніне орай азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан 8 азаматтарға 30,0 мың теңгеден, барлығы 240,0 мың теңге төленіп берілді

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында аудан бойынша 2018  жылға дейін 109 нысанды бейімдеу жоспарланып, 2013-2017 жылдар аралығында мүгедектер көп баратын 91 мекемеденің 78-де бейімдеу жұмыстары толығымен, 8-де ішінара жүргізілді. Қалған 5 мекеме басшыларымен мүгедектерге қолайлы орта құру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2018 жылға дейін бейімделетін 109 нысан «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталына енгізілді.