Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Алға ауылдық округінің әкімі Н.Жаманкозевтің халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Алға ауылдық округінің әкімі Н.Жаманкозевтің халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

 

Алға ауылдық округінің жер көлемі 12137 га аумақты құрайды.

Алға ауылдық округі бойынша халық саны 1123 адамды құрайды, оның ішінде 752  адам  Алға ауылында, 209 адам Мұзбел ауылында, 162 адам Когадыр ауылында тұрады. Тіркелген кәсіпкерлер саны – 14, шаруа қожалықтар – 27. Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 602, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны – 595, жұмыссыздар – 32. Зейнеткерлер саны – 100.

Бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер

2016 жылы ауылдық округ бойынша көлік салығының жоспары – 874,0 мың теңге, орындалғаны – 973,2 мың теңгеге немесе 111,4%, жер салығының жоспары – 118,0 мың теңге, орындалғаны – 124,2 мың теңгеге немесе 105,3%, мүлік салығының жоспары – 55,0 мың теңге, орындалғаны – 52,8 мың теңгеге, яғни 96%, жеке кәсіпкер салығының жоспары – 1739,0 мың теңге, орындалуы 752,0 мың теңгеге немесе 43,2%, елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығының жоспары – 84,0 мың теңге, орындалғаны 221,8 мың теңгеге немесе 264%, заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың жоспары – 15,0 мың теңге, орындалғаны 54,6 мың теңгеге, немесе 364% орындалды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Көгадыр ауылына  3531,0 мың теңгеге жарықтандыру жүйесі жүргізілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражаттарды мақсатты пайдалану бағытында жергілікті қоғамдаспен  бірлесе жұмыс атқарылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 2016 жылы   4217,5 мың теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған. Оның ішінде:

– Ауылдағы көшелерді жарықтандыруға 1673,5 мың теңге;

– Алға және Мұзбел ауылдарының көшелеріне жарықтандыру жүргізуге және техникалық сараптама алу үшін 911,1 мың теңге;

– Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалауға, күл-қоқыс орындарын тазалап, шығаруға және күл-қоқыс орындарын дәрілеуге 716,0 мың теңге;

– Округтегі әртүрлі мерекелік іс-шараларға 269,0 мың теңге;

– Алға ауылдық округі әкімі аппаратының қажеттіліктеріне (ноутбук, насос сатып алуға, принтер, ксерокс жөндетуге) – 216,2 мың теңге;

– Сметалық құжаттамалар жасатуға – 431,7 мың теңге.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау

Аудандық бюджеттен елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 636,0 мың теңге қаражат бөлініп, ағаштарды әктеуге, қураған ағаштарды кесуге және күл-қоқыс орындарын жинап, тазалауға жұмсалды. Көктемгі және күзгі екі айлық сенбіліктерге 500 адам қатысты. Барлығы 500 түп ағаш бұталып, 1500 түп ағаш әктелді. Ауылдық округ бойынша 20 мың шаршы метр тазаланды, орталықтағы ескерткіштердің төңірегі тазаланды.

Жол жөндеу

Елді мекендердегі ауыл іші жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша Алға ауылы Алдаберген көшесінің төменгі жағына 1,116 шақырым жолға 12 миллион теңгеге орташа жол жөндеу, Алға-Көгадыр ауылдары арасындағы 9 шақырым жолға 4692,0 мың теңгеге аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы жамау жұмыстары жүргізілді.

Ауыз су

Округтегі елді мекендердің тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілген. Алға, Көгадыр ауылдары ауыз суды  құдықтан, ал Мұзбел ауылы қайнардан пайдаланады.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі – мал шаруашылығы. Бүгінгі таңға ауыл округі бойынша жекеменшіктегі мал саны:  ірі қараның саны – 1847, қой – 10262, ешкі – 1209 және жылқы малы – 655.

Ауылдық округте 23 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде екеуі егін егіп, мал азығын дайындаумен айналысады. 2016 жылы 524 га жерге себілген арпадан 1130 тонна өнім алынды. Одан басқа 10 га жүгері, 24 га көкөніс себілді. Қалған 21 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады.  Аталған үш ауылда әртүрлі мал ауруларына қарсы зооветеринарлық, диагностикалық шаралар уақытылы жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы тауарларын жеңілдетілген бағамен Гвардейский кентінде, Отар ауылында, Тараз және Алматы қалаларында өткізілген жәрмеңкеге апарды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек

Округтегі 3 елді мекенге 2016 жылы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі арқылы ақылы қоғамдық жұмыста 13 эколог және 2 әлеуметтік қызметкер жұмыс істеді. Арнайы құрылған комиссия арқылы әл-ауқаты төмен отбасылардың тұрмыс жағдайларын зерттеп және анықтап, оларға атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақы тағайындау үшін әр тоқсанда 8 отбасының құжаттары өткізіліп, мемлекеттік жәрдемақы алды.

«Өрлеу» пилоттық  жобасы арқылы 1 отбасы ай сайын 24,5 мың теңге жәрдемақы алды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының 1- бағыты – «Жастар тәжірибесі» бойынша 1 адам жұмыс істеді. Осы бағдарламаның 2-бағыты – кәсіпкерлікті дамыту бойынша ағымдағы жылы 4 азамат  3 млн. теңгеден, Мұзбел ауылының 1 тұрғыны және Көгадыр ауылының 1 тұрғыны 6 млн. теңгеден несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда.

«Мектепке жол» акциясы

№ 34 орта мектеп оқушыларына Қордай аудандық білім бөлімінен 420,0 мың теңгеге мектеп формасы алынды. Мұзбел ауылының № 37 бастауыш мектеп оқушыларына Қордай аудандық білім бөлімінен 30,0 мың теңгеге мектеп формасы алынды. №34 мектеп ұжымы аз қамтылған отбасынан шыққан 10 балаға мектепке керекті құрал-жабдықтарын, № 37 бастауыш мектебі ұжымы 2 балаға 10,0 теңгеге оқу құралдарын алып берді. Аудандық мәслихат депутаты Д.Коновалов 1 оқушыға 10,0 мың теңгеге мектеп құралдарын алып берді.

Денсаулық саласы

Алға ауылдық округі бойынша  3 мединицалық пункт жұмыс атқаруда. Медициналық пункттерде 2016 жылы 1492 ересек адам,  425 бала емделді. Ауылдық округте жыл бойы 14 нәресте дүниеге келіп, 2 адам қайтыс болды.

Жастар арасында саламатты өмір салтын  насихаттау

Округте 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 204. Ауылдық округте түрлі ұлттық спорттық ойындар, мерекелік іс-шаралар өткізілді. Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу  мақсатында конкурстар, саламатты өмір салтына баулуда әртүрлі акциялар өткізілді.

Әр мереке сайын спорттық іс-шаралар өтіп тұрады. Атап айтсақ: 22 наурызда, 1, 7, 9 мамырда, 1 маусым – Балалардың құқықтарын қорғау күнінде, Астана күнінде, Конституция күнінде, Тұңғыш  Президент күнінде, Тәуелсіздік күнінде футбол,  волейболдан жарыстар өткізіліп тұрды. Ауылдық округте  спорттық іс-шараларды қолдап, демеушілік көрсетіп жүрген кәсіпкерлерге де рахметімізді айтамыз.

Мемлекетіміздің әскері мен шекара күштерін нығайту барысында біздің басты мақсатымыздың бірі – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарын нығайту.

2016 жылы округ бойынша 2000-2001 жылы туған мектеп жасындағы 27 жасөспірім медициналық тексеруден өткізіліп, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тіркелді, 4 азамат әскер қатарына алынды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы

Өткен 2016 жылы жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түскен арыз-өтініштер саны – 16, оның ішінде заңды тұлғалардан – 4, оның 3-еуі қанағаттандырылды, 1-еуі басқа органға жолданды. Жеке тұлғалардан келгені – 12, оның 3-еуіне түсініктеме беріліп, 9 өтініш толығымен қанағаттандырылды.