Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қарымсақов Данияр Еркінбайұлы

20160721_174538

Қарымсақов Данияр Еркінбайұлы 02.06.1972  жылы  Жамбыл облысы, Қордай ауданы,  Каракемер ауылында туылған.

1989 жылы Қызылсай ауылындағы орта мектепті бітіріп, 1990-1992 жылдар аралығында Днепропетровск қаласындағы 3359 әскери бөлімінде әскери борышын атқарған.

Еңбек жолын 1994 Қордай ауданы  Трудовик ауылдық тұтынушылар  кооперативінде  сатушы болып бастаған.

2005-2010 жылдар аралығында  «Қызылсай» ШҚ басшысы қызметін атқарған.

2010 жылдың  18 ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Ауқатты ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады.

Үйленген, үш ұлы, бір қызы бар.