Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Ауқатты ауылдық округінің әкімі Д.Қарымсақовтың халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы  5 ақпандағы №190  Жарлығына сәйкес Ауқатты ауылдық округінің әкімі Д.Қарымсақовтың халық алдындағы есебінен  ТЕЗИСТЕР

Ауқатты ауылдық округі  бойынша халық саны – 8354 адамды құрайды. Тіркелген ауылшаруашылық субъектілері – 215, шаруа қожалықтары – 174, экономикалық белсенді тұрғындар саны – 3967, оның ішінде жұмыспен қамтылғандары – 3487, жұмыссыздар – 59, зейнеткерлер – 651.

Бюджетке түсетін  салықтар мен түсімдер.

2016 жылғы жоспар бойынша жер салығының жоспары – 829,0 мың теңге, орындалғаны – 886620 теңге немесе 107 %, мүлік салығының жоспары – 245,0 мың теңге, орындалғаны – 250,3 мың теңге немесе 102%, көлік салығының жоспары 6360,0 мың теңге, орындалғаны 11979,0 мың теңге немесе 188 %, жеке табыс салығының жоспары – 2 461,0 мың теңге, орындалғаны  2314,2 мың теңге немесе 95%, заңды тұлғалардан жер салығының жоспары – 53,0 мың теңге, орындалғаны -80,6 мың теңге немесе 150%.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражаттарды мақсатты пайдалану бағытында қоғамдастық кеңеспен бірлесе жұмыс атқарылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 2016 жылы 18420,1 теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған. Оның ішінде:

– Ауқатты ауылының Абай көшесіне электр үнемдеуіш 40 дана шамдарын  қойып ағымдағы жөндеуге – 4800,0 мың теңге;

– Жарықтандыруға – 2913,0 мың теңге, балаларды мектепке дейін және кері тасымалдауға – 1868,8 мың теңге,

– күл-қоқыс орындарын жинауға – 592,0 мың теңге;

– күл-қоқыстарды  шығаруға – 235,0 мың теңге;

– жарықтандыруға техникалық қызмет көрсетуге – 467,0 мың теңге;

– электр үнемдеуіш шамдар – 134,0 мың теңге;

– күл-қоқыс орындарын дератизациялауға – 80,0 мың теңге;

– күл-қоқыс орындарына мониторинг жасауға – 120,0 мың теңге;

– абаттандыруға – 906,2 мың теңге;

– Ауқатты ауылының Абай көшесіне жасанды кедергі жол белгісімен қоюға – 730,0 мың теңге;

– №45 негізгі мектепке ағымдағы жөндеуге материалдар – 506,3 мың теңге;

–  №10 орта мектепке ағымдағы жөндеуге материалдар – 983,4 мың теңге;

– №9 орта мектепке шаруашылық тауарлар – 262,0 мың теңге;

– Ауқатты ауылының мәдениет үйіне – 1530,3 мың теңге;

– Жобалық сметалық құжаттар жасатуға – 289,5 мың теңге;

– аншлаг жасатуға – 85,3 мың теңге;

–  Наурыз, Қарттар күніне, Тәуелсіздік күніне  марапаттауға, Жаңа жыл, билбордтар жасатуға,   мерекелерге сыйлықтарға – 690,5 мың теңге;

– әкімшілікке сейф – 168,0 мың теңге;

– Жаңа жылғы шыршаға және безендіруге – 708,0 мың теңге;

– трансформаторды қоюға материалдар – 341,8 мң теңге жұмсалды.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау.

Абаттандыруға бөлінген қаржы – 906200 теңге.Көктемгі және күзгі көгалдандыру, көріктендіру және санитарлық тазалық бойынша ұйымдастырылған екі айлықтарда сенбіліктерге 2400 адам тартылды. Оның ішінде ақылы қоғамдық жұмыс арқылы 8 адам қатысты. Барлығы 1400 ағаш бұталып, 500 ағаш әктеліп, көшелер, аулалар, саябақтар, барлығы 250 мың шаршы метр жер тазаланды. Ұзындығы 15,0 км арық тазаланып, 300 шаршы метр жерге гүлзарлар егілді, 3450 түп ағаш көшеттері отырғызылып, күтімге алынды. 2016 жылы 6 мамыр күні Азаттық қозғалысының 100 жылдығына арнап ауылдық округ тұрғындары өз қаражаттарына Қызылсай ауылындағы саябақтың ішінде ақпатшаның жендеттерінің қолынан қаза тапқандарға арналған гранит тастан жасалған ескерткіш орнатылды.

Жолдар.

Ауқатты ауылының ішіндегі Гагарин, Павлов, Молдажанов, Школьная, Пионерская көшелерінің, Бәйтерек ауылының орталық көшесінің бойында ойылған шұңқырларына ауыл тұрғындары өздерінің қаражаттарына қиыршық тастар төгіп, тегістеді.

Қызылсай ауылындағы Амангелді, Жамбыл көшелерінің ортасын қосып тұрған жаңа жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл және Амангелді көшелерінің жолына бір-бір километрден қиыршық тас төселіп, тегістелді.

Ауыз су мен суармалы судың мәселесі.

Ауқаттыда ауыз су тәулігіне 8 сағат, Қызылсай ауылында күндіз-түні беріледі, Бәйтерек ауылы құбырлы құдықтарымен қамтамасыз етілген. Ауқатты ауылдық округінің су жүйелері «Қордай Су» КММ теңгерімінде.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы Қызылсай ауылы Жамбыл көшесіндегі 1560 м су құбырын ауыстыру жұмыстары атқарылды. Бөлінген қаражат – 6855,0 мың теңге.

Ауқатты ауылында су құбырын салу үшін жерасты су қорын анықтау жұмыстары жүргізіліп, ЖСМ құжаты сараптамадан өтті.

Ауылшаруашылығы.

Ауқатты ауылдық округі бойынша барлық жер көлемі  31111,52 га, егістік – 3392 га, суармалы – 3398 га, жайылым жерлер – 24321,52  гектар. Барлығы 174 шаруа қожалығы, 40  кәсіпкер, 17 дүкен және 5 жанар-жағар май стансасы бар.   Жалпы ауылдық округте 3127 мүйізді ірі қара, 17973 ұсақ мал  және    706 жылқы, 10152 құс тіркелген.

Ауылдық округте 2016 жылы 1140 га жерге күздік бидай, 4683,42 га жерге  жаздық арпа, 50 га жерге қант қызылшасы, 200 га жерге жүгері, 60 га жерге соя,  300 га жерге картоп, 500 га жерге көкөністер мен бақшалар және 1360 га жерге көпжылдық шөп егіліп, олар толығымен жиналып алынды.

Әлеуметтік және қайырымдылық көмек.

Ауылдық округ бойынша құрылған комиссияның анықтауымен көпбалалы отбасыларға берілетін 18 жасқа дейінгі жәрдемақы Ауқатты ауылдық округі бойынша – 80 отбасына (319 балаға) – 6658,6 мың теңге төленді. Сонымен қатар, аз қамтылған  1 отбасына (2 адам) – 139770 теңге атаулы көмек берілді.

«Өрлеу» пилоттық бағдарламасы бойынша 4 отбасына (26 адамға) – 548318 теңге, әлеуметтік көмек 2 отбасына 165438 теңге төленді. Ақылы қоғамдық жұмыстар арқылы – 8 адам жұмысқа тартылды.

Ауылдық округі жалғыз басты қарияларға, тыл еңбеккерлеріне, ауыл ақсақалдарына, аз қамтылған отбасыларына, денсаулығында кемістігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға мерекелер сайын іс-шаралар ұйымдастырылып, ауыл округіндегі тұрғындар тарапынан 1025,0 мың теңгенің көлемінде қайырымдылық көмектері көрсетілді.

«Мектепке жол» акциясы.

«Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша ауыл округіндегі аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының, жетім және мүгедек балаларға мектеп формасын, мектепке қажетті құрал жабдықтарын алуға 48 балаға мектеп, аурухана ұжымдары, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар барлығы 465000 теңгеге демеушілік көмек көрсетті.

Жастарды салауатты өмір салтына насихаттау.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер үшін ауылдық округте №9, №10 орта мектептер, №45 негізгі мектептің спорт залдарында кикбокс, жеңіл атлетика, қазақша күрес, футбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат, шашка үйірмелері ашылып, жалпы саны 170 бала айналысады.

Ауылдасымыз, республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүрген Қазақстан Республикасының кикбокстан 5 мәрте чемпионы –  Жантұрсынов Асхат туралы да мақтанышпен айтса болады.

2016 жылы округ бойынша 11 азамат әскер қатарына алынды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша.

Ауқатты ауылдық ауруханасында жедел жәрдем қызметі жұмыс атқаруда. Ауруханада 2016 жылы күндізгі стационарда 560 ересек адам, 280 бала, барлығы  840 адам емделді. Ауылдық округте жыл бойы 165 нәресте дүниеге келді.

Жеке және заңдытұлғалардың өтініштері туралы.

2016 жылы жеке тұлғалардан 217 өтініш түсіп, оның 61 қанағаттандырылды.  Басқа органдарға 1 жіберілді, 155 – түсіндірілді, жер учаскесін беруді сұраған өтініштер тиісті кезекке қойылды.

 

 Ауқатты ауылдық округінің әкімі    Д.Қарымсақов.