Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Мақұлбаев Елужан Шүктайұлы

20160721_174417

Макулбаев Елужан Чуктайұлы, 01.02.1969 жылы Қордай ауданы Успеновка ауылында дүниеге келді.

     1976 жылдан бастап 1986 жылға дейін  Р.Люксембург атындағы орта мектепті бітірді. 1987-1990 жыл аралығында кеңес әскери теңіз флотында Калининград қаласында борышын өтеді. 1990 жылдан 1996 жылға дейін осы ауылда механизатор болып жұмыс істеді. 2006-2008 жылдары Аудандық ауыл шаруашылық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2007-2008 жылдары Қордай ауданы маслихатының депутаты болып сайланды, 2007-2011 жылдар аралығында маслихаттың тексеру комиссиясының төрағасының қызметін атқарды. 2009-2011 жылдары ауданның «Нұр Отан» халық демакрат партиясының «Сыбайлас жерқорлыққа   қарсы» қоғамдық кеңесінің төрағасы болып қызметін атқарды. 2012 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін Степной ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды, 2012 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Бетқайнар ауылдық округінің әкімі болып ауыстырылды. Үйленген, төрт ұл тәрбиелеп отыр.