Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Бетқайнар ауылдық округінің әкімі Е.Мақұлбаевтың халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Бетқайнар ауылдық округінің әкімі Е.Мақұлбаевтың халық алдындағы есебінен  ТЕЗИСТЕР

Бетқайнар ауылдық округі бойынша халық саны 5007 адамды құрайды, оның ішінде 4631 – Бетқайнар ауылында, 376 – Соғанды ауылында тұрады. Тіркелген кәсіпкерлер саны – 21, шаруа қожалықтар – 108. Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 2950, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны – 2878, жұмыссыздар – 72. Зейнеткерлер саны – 740.

Ауылдық округ аумағында 16 дүкен, 2 дәмхана, 2 дәріхана, 2 жанар-жағар май стансасы және 1 тойхана жұмыс істейді.

Бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер:

Бетқайнар ауылдық округі бойынша жер салығының жоспары 591,0 мың теңге, нақты түскені 592,3 мың теңге немесе 100,2%, мүлік салығының  жоспары 161,0 мың теңге, нақты түскені 219,1 теңге немесе 136,1%, жеке табыс салығының жоспары 3045,0 мың теңге, нақты түскені 3933,7 мың теңге  немесе 129,2%, жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығының жоспары 6049,8 мың теңге, нақты түскені 6290,1 мың теңге немесе 104,0%, заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығының жоспары 110,0 мың тенге, нақты түскені 191,3 мың тенге немесе 173,9 %, жеке тұлғалардан алынатын жер салығын қоспағанда жер салығының жоспары 37,0 мың теңге, нақты түскені 42,7 мың теңге немесе 115,4% орындалды.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражаттарды мақсатты пайдалану бағытында жергілікті қоғамдастық кеңеспен бірлесе жұмыс атқарылуда.

Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 2016 жылы 13 247 871,04 теңге қаражат жиналып түрлі мақсаттарға жұмсалған. Оның ішінде:

– 224,0 мың  теңге екі айлық абаттандыру жұмыстарына;

– 1 099, 9 мың теңге әкімшілік ғимаратын газдандыруға;

– 10, 2 мың теңге газ қызметіне;

– 1999,3 мың теңгеқоқыс орнын тазалауға;

– 109,9 мың теңге қоқыс шығаруға;

– 381, 5 мың теңге көше жарықтандыруына техникалық қызмет көрсетуге;

– 2719,4 мың  теңге көшежарықтандыруыныңтөлемақысына;

– 100,0 мың теңгежаңажылдықсыйлықтаралуға;

– 442,5 мың теңгесметалыққұжаттамаларындайындауға;

– 81,0 мың теңге дератизацияға;

– 1 282,4 мың теңгеге жаңа құрылыс үйлерге трансформатор алуға;

– 4 234,8 мың теңге №27 орта мектебінің алаңына алфальт төсеуге;

– 292,9 мың теңге көше жолдарын жөндеуге;

– 404,0 мың теңге компьютер сатып алу және қызмет көрсетуге;

– 711,0 мың теңге музыкалық аспап сатып алуға;

– 212,0 мың теңгег бильборд стендін қаптауға;

– 85,0 мың теңге әкімшілік ғимаратының от жағу бөлмесін қаптау жұмыстарына жұмсалды.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша.

Бетқайнар ауылдық округі бойынша аудандық бюджеттен елді мекендерді аббаттандыру мен көгалдандыруға 528 000 теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Көктемгі және күзгі екі айлықтарындағы сенбіліктерге 1300 адам қатысты. Барлығы 1500 ағаш оталып, 1300 ағаш әктелді. Ауыл көшелері, аулалар, саябақтар, барлығы 150 мың. шаршы метр жер тазаланып, жалпы ұзындығы 3 км. арықтар тазаланды. Орталық алаңдағы ескерткіштердің және ауылдық округі әкімдігінің ғимаратының қоршауы сырланып, гүлдер егіліп көгалдандырылды, 1 заңсыз төгілген қоқыс орындары тазаланды, барлығы 10 тонна қоқыс шығарылды.

«Өңірлерді дамыту»бағдарламасы аясында 2016 жылы Бетқайнар ауылының Тимошенко көшесіне жарықтандыру жұмысына 4,800 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Ауыз су мәселесі.

Бетқайнар ауылының ауыз су жүйесінің күрделі жөндеу жұмыстарына 2013-2015 жылдары аралығында республикалық бюджеттен «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 414 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге ауыз су құбыры «Қордай су» КММ теңгеріміне тапсырылды.

Ауыл шаруашылығы бойынша.

Бетқайнар ауылдық округі бойынша барлық жер көлемі 17795 га, егістік – 11253 га, суармалы – 5906 га, жайылым жерлер – 6369 гектар. Ауылдық округте 2016 жылы 2232 га. жерге күздік бидай, 1656 га. жерге жүгері, 1759 га. жерге жаздық арпа, 60 га. жерге қант қызылшасы, 333 га. жерге көкөністер мен 127 га. жерге бақшалар, 559 га. жерге майлы тұқымдар, 1895 га. жерге бір жылдық және 800 га. жерге көп жылдық шөп егіліп олардың ору жұмыстары жүргізілүде. 2017 жылдың 1 қаңтарына барлық ауыл тұрғындарында 4000 бас мүйізді ірі қара, 26000 қой-ешкі, 782  жылқы, 150 шошқа және 8 000   құс бар.

Сонымен қатар, 19 дана астық комбайны, 47 дана тракторлар, 58 жүк автокөлігі, 37 соқа, 160 тырма, 27 дән сепкіш, 8 дана шөп шапқыш техникалары тіркелген.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек.

Бетқайнар ауылдық округі бойынша барлығы 6 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, оның ішінде: экологтар – 5, әлеуметтік қызметкерлер – 1. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 2 жас маман қамтылды.

18 жасқа дейінгі көпбалалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақысы 83 отбасына 5 771,5 мың теңгеге тағайындалып, кестеге сәйкес төленген.

Аудан әкімінің қаулысымен туберкулез ауруына шалдыққан 3 азаматқа жыл басынан 229,0 мың теңгеге көмек көрсетілді.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 7 отбасына 634,8 мың теңге көмек көрсетілді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша  «Жастар тәжірибесіне» 2 жас маман жіберіліп, жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 6 азамат мал шаруашылығымен айналысуға шағын несие алды. Барлық несие соммасы 17 500,0 мың теңгені құрады.

«Мектепке жол» акциясы.

«Болашақты бірге жасаймыз» атты ұранмен өткен «мектепке жол» акциясында округ бойынша аз қамтылған көпбалалы отбасылардағы 34 балаға  125,0 мың теңге көмек көрсетілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша.

Бетқайнар ауылында 1 ауылдық дәрігерлік амбулаториясы қызмет атқаруда, аталған дәрігерлік амбулаториясында 14 медициналық және 2 техникалық қызметкерлер қызмет көрсетуде.Соғанды ауылында 1 фельдшерлік пункт орналасқан, 1 медициналық қызметкер қызмет атқаруда. 2016 округ бойынша 188 бала дүниеге келді.

Жастарды салауатты өмір салтына насихаттау.

Ауылдық округ бойынша 14 пен 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны – 751.   Округте жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында жасөспірімдермен 2016 жылы қол күресі, бокс, еркін, қазақша күрестер, футбол спорт түрлеріне спорттық іс шаралар жоспары ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізілді.

Округ бойынша  әскери міндеттілер саны – 586, әскери шақырушылар саны 127 бала,  әскерге шақыру жұмыстарын атқару барысында 17 бала, тексеру комиссиясына шақырылып, оның ішінен 7 бала әскери қатарына жіберілді.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер.

Бетқайнар ауылдық округі әкімі аппаратына 2016 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 69 өтініш түсті, жазбаша 65 өтініш, ауызша4 өтініш. Оның ішінде: жеке тұлғалардан 68 өтініш, заңды тұлғалардан –  1 өтініш. Барлығы 69 өтініштің 60 өтініші қанағаттанырылылған, 2 өтініші  басқа органға жолданды, 7 өтінішке түсініктеме берілді.

 

Бетқайнар ауылдық округінің әкімі     Е.Мақұлбаев