Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Атамкулов Қанат Төреханұлы

20161221_123311

Атамқұлов Қанат Төреханұлы 1964 жылы 4 желтоқсанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Рославль совхозында    дүниеге келген.

Білімі–жоғары. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін еңбек экономикасы мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1987 жылы Красногор аудандық материалдық-техникалық жабдықтау мекемесінде жүргізуші  болып бастаған.

2000-2005 жылдар аралығында «Баттлер-спорт» ЖШС-ң атқарушы директоры.

2005-2013 жылдар аралығында «Евро-спорт-К» ЖШС-ң бас директоры.

2015 жылдың маусым айынан 2016 жылдың  желтоқсан айына дейін  «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы  жөніндегі кәсіпорыны» шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ директорының орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Кенен ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда.

Үйленген, 1 ұл тәрбиелеуде.