Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес Кенен ауылдық округінің әкімі Д.Тілемисовтың халық алдында есебінен тезистер

Қазақстан Республикасы Президентінің

2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес

Кенен ауылдық округінің әкімі Д.Тілемисовтың

халық алдында есебінен

ТЕЗИСТЕР

Кенен ауылдық округінің аумағы 68860 га аумағын құрайды.

Кенен ауылдық округі бойынша халық саны 2525 адамды құрайды. Тіркелген кәсіпкерлер саны – 14, шаруа қожалықтар – 85. Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 1920, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны – 1731, жұмыссыздар – 189. Зейнеткерлер саны – 314.

Азаматтардан ауызша және жазбаша түскен арыз-өтініштер:

Жеке және заңды тұлғалардан түскен ауызша және жазбаша өтініштер барлығы 48, жеке тұлғадан – 42, заңды тұлғалардан 6. Оның ішінде 28 өтініштер  қанағаттандырылып,  20 түсініктемелері берілді.

Жыл  бойы ауыл тұрғындарымен 21 жиын өткізілді.

2015 жылы бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер бойынша:

2015 жылы ауылдық округ бойынша жер салығының жоспары 288,9 теңге, орындалғаны   300580  теңге  немесе 104 %, мүлік салығының жоспары 75,5 теңге,  орындалғаны 76934 теңге немесе 101 % орындалды, көлік салығының жоспары 1,465 теңге, орындалғаны 1,524 теңге немесе 103 %, жеке табыс салығының жоспары 263,0 теңге,   орындалғаны  272,6  теңге немесе 191%.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша

Республикалық бюджеттен 5 миллион теңгеге қаражат бөлініп, «Жетіқұдық» ауыз су құбырлары ағымды жөндеуден өтті.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы.

Жергілікті өзін –өзі басқару шотындағы қаражаттарды мақсатты пайдалану бағытында қоғамдастық кеңеспен бірлесе жұмыс атқарылуды. Жергілікті өзін–өзі басқару шоты бойынша 2015 жылы 2072,1 теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған.Оның ішінде

-217,9 теңгеге 1 көшені жарықтандыруға жұмсалды,

– 277,7 теңгеге әкім аппаратына көмір алынды;

–  714,0 теңгеге мәдениет үйіне көмір алынды

-183,5 теңгеге аншлаг жасалынды;

-195,0 теңгеге әкім аппаратына жылу жүргізуді жөндеуге алынды;

-347,0 теңгеге жарықтандыруға жөндеу жұмысына жұмсалды;

-17,0 теңгеге Токеn кілтін жасауға жұмсалды;

-120,0 теңге мейрам күндеріне жұмсалды.

         Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау:

Аудандық бюджеттен елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға  948 мың теңге қарастырылған, бірақ Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Н.Н.Белашовтың ескерткішіне қаражат қарастырылмауына байланысты осы қаражат ескерткішті ағымды жөндеуден өткізіуге жұмсалды. Көктемгі және күзгі екі айлықтарындағы сенбіліктерге 1000 адам қатысты. Барлығы 1600 ағаш оталып, 1600 ағаш әктелді, 900 түп ағаш көшеттері отырғызылып, күтімге алынды. Ауыл көшелері, аулалар, саябақтар, барлығы 17 мың шаршы метр жер тазаланып, жалпы ұзындығы 15 км арықтар тазаланды. Орталық алаңдағы ескерткіштердің қоршауы және ауылдық округі әкімдігінің ғимаратының қоршауы сырланып, ағаш, гүлдер егіліп көгалдандырылды,  барлығы 15 тонна қоқыс шығарылды.

Республикалық бюджеттен 5 млн. теңге бөлініп, Жетіқұдықтың ауыз су құбырларын жөңдеуге жұмсалды. Жергілікті өзін-өзі басқару қолма-қол ақшаны бақылау шотынан 120 мың теңге Какетаев көшесінің істен шыққан 8 шамы ауыстырылды. Жергілікті өзін-өзі басқару қолма-қол ақшаны бақылау шотынан 347 мың теңгеге істен шығып тұрған Кенен ауылындағы Мажирин, К.Әзірбаев, Какетаев көшелердегі жарықтандырулардың шамдары ауыстырылып,толық техникалық жөңдеуден өтті.

Осы күнге ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтылып жатыр.  Ауылдың тұрғындары кесте бойынша 5 сағат орталықтандырған ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Жылыбаев, Мажирин көшелері ауылдық әкімдіктің ұйымдастыруымен 150 тонна қиыршық тас шағыл төселіп және жолдардың ой-шұқырлары бекітіліп,  көшелердің жолдары автогрейдермен тегістелді.

Ауылшаруашылығы:

Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі мал шаруашылығы. Бүгінгі күнде жеке меншіктегі мал саны: ірі қара- 2562 бас, ұсақ мал- 31124 бас, жылқы малы-1734 бас, үй құстары-3707.

Округте мал шаруашылығымен айналысатын 85 шаруа қожалықтары бар.

Алматы, Тараз қалаларында және Қордай ауданы бойынша өткізілген  ауылшаруашылығы өнімдерінің 20 жәрмеңкелеріне қатыстық.

Жолдар:

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектер:

Жұмыссыз азаматтар жыл басынан қайырылғандар 189 адам, АҚЖ тартылғандар – 8 адам, кәсіби даярлыққа жолдама алған жұмыссыз азаматтар 2 адам, тұрақты жұмыспен қамтылғандар – 1731 адам, оның ішінде дәрігерлік амбулаторияға медбике, №42 орта мектептің ғимаратына 7 адам, оның ішінде 2 бастауыш сынып мұғалімі, 1 психолог, 1 физика мұғалімі, 1 дене шынықтыру, 1 қазақ тілі мұғалімі, 1 орыс тілі мамандары тұрақты жұмыспен қамтылды.

Есепті жылда 18 жасқа дейінгі балалы 16 аз қамтылған отбасы 1,120 теңге және  аз қамтылған 3 отбасы 500,0 теңгеде  атаулы әлеуметтік көмек алды.

Кенен ауылдық округі әкімінің көмегі арқылы тұрмысы төмен 1 отбасына 1 тонна қысқы отынмен көмек қамтамасыз етілді.

Округ бойынша көрсетілген қайырымдылық көмек 183870 теңгені құрайды:

– 1 қазан Қарттар күніне орай «Бекжан» ШҚ демеушілігімен 80 жастан асқан қарттарға адамдарға дастархан жасалды. Барлық сомасы 100000 теңгені құрады.

– Наурыз мейрамы да жоғары деңгейде аталып өтілді. Ұлыстың Ұлы күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, ұлттық және спорттық ойындар ойналды, 250 адамға наурыз көже таратылды.

– Жаңа Жыл мерекесіне орай тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып ауыл әкімінің шыршасы ұйымдастырылды, сыйлықтар таратылды.

«Мектепке жол» акциясы аясында округ бойынша аз қамтылған көпбалалы отбасылардағы 27 балаға  270 мың теңге көмек көрсетілді.

Өрлеу бағдарламасы бойынша 2 отбасы 12 адам 451897 теңге ақшалай көмек алды.

         Денсаулық сақтау саласы бойынша:

Кенен ауылдық ауруханасында жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс атқаруда. Ауруханада 2015 жылы күндізгі  стационарда 300 ересек адам,100 бала емделді. Ауылдық округте жыл бойы 62 нәресте дүниеге келіп, 8 адам қайтыс болды.

Жастарды салауатты өмір салтына насихаттау:

Округте 14-29 жас аралығында 576 азамат бар. Жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулау және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында жасөспірімдер шығармашылық орталығынында биылғы жылы бокс, еркін, қазақша күрестер, самбо, қазақша күрес, теннис-шахмат, өнер үйірмелерінде 212 бала қамтылған. Облыстық жарыстарда, аудандық жарыстарда біздің мектептердің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Барлық мерекелік іс-шараларда спорттық ойындардың түрлерінен жарыстар өткізілді. Жеңімпаздарға жүлделер мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Округ бойынша көктемгі және күзгі әскерге шақыру жұмыстарын атқару барысында 2  бала әскерге шақырылып, әскери борышын өтеуде.