Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Масанчи ауылдық округінің әкімі Я.Искаковтың халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Масанчи ауылдық округінің әкімі Я.Искаковтың халық алдындағы есебінен  ТЕЗИСТЕР

Тұрғын үй және жер туралы.

Масанчи ауылдық округінің территориялық аумағы барлығы – 37974 га, оның ішінде елді мекен аумағы 689,2307 га.

Бюджетке түсетін  салықтар мен түсімдер.

2016 жылы ауылдық округ бойынша салықтар:

-жер салығының жоспары 1153,0 мың теңге, орындалғаны 1153,0 мың теңге немесе 100%;

-мүлік салығының жоспары 623,0 мың теңге,  орындалғаны 623,0 мың теңге немесе 100%;

-Көлік салығының  жоспары 17 746,0 мың теңге,  орындалғаны  18 501,5 мың теңге немесе 111,5%, 2015 жылдың қалдығымен қосқанда;

-Жеке табыс салығының жоспары 3846,0 мың теңге, орындалғаны 3846,0 мың теңге немесе 100%.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражатты мақсатында пайдалану бағытында қоғамдастық кеңеспен бірлесе жұмыс атқарылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 2016 жылы  25 951,7 мың теңге көлемінде қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған. Оның ішінде:

-Масанчи көшесінің 2 шақырым аралығына жаяу адам жүретін жол салуға – 9 789,9 мың теңге;

-Орталық бейітті қоршауға – 3 701, 1 мың теңге;

–  Күнбатыс-2 ауылына электр энергиясын үнемдейтін лампа орнатуға – 4 928,0 мың теңге;

– Күнбатыс-1 ауылының Жіңішке көшесіне 0,5 шақырымға құм-тас төсеу жұмыстарына – 297, 0 мың теңге;

– Күнбатыс-2 ауылына 1,3 шақырым құм-тас төсеуі тоқтатылып, бөлінген 944, 0 мың теңге, Масанчи ауылының Қосуақ көшесіне су құбырын жөндеуге аударылды;

– Дзержинский көшесіндегі көпірдің және  Күнбатыс-2 ауылындағы жағалауларды бекіту жұмыстарына – 787, 0 мың теңге;

– аншлагтар  және 16 дана тақтайшаларға  200,0 мың  теңге;

– барлық жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға – 624,0 мың теңге қаражат жұмсалды.

Қалған  6292000 теңгеге Күнбатыс-1 ауылының көше жарықтандыруына конкурс жарияланып, 2017 жылы 10 қаңтарға келісімшарт жасалады.

Ауыл шаруашылығы:

Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі мал шаруашылығы. Бүгінгі күнде ауыл округі бойынша жеке меншіктегі мал саны: ірі-қара мал – 3200, жылқы – 600, қой – 20000, оның ішінде ешкі – 943, құстар – 6000, иттер 250.  Ауыл округінде 106 шаруа қожалығы бар, олар егін сеуіп, мал азығын дайындаумен айналысады. 2016 жылы 1319 га күздік бидай себіліп, 20925 тонна өнім алынды, өнімділігі 15,0 центнерден айналды. Себілген   көкөніс  530 га пияз, 80 га сәбіз, 363 га картоп,  200 га пар айдалды. Егістік жер 5326 га, жайылым 32585 га, суармалы жер 1580 га.

Ауылшаруашылық тауарларын жеңілдетілген бағамен Отар, Қордай Гвардейский, Астана, Тараз, Өскемен және Алматыдағы  жәрмеңкелерге қатысты.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 14 млн. 500 мың теңге бөлініп, игерілген. Масанчи ауылындағы Масанчи және Ленин көшелерін электр энергиясын үнемдейтін лампамен жарықтандыру орнатылған.

Абаттандыру мен көгалдандыру және санитарлық тазалау.

Жергілікті бюджеттен елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға – 1 437 857 теңге бөлінді. Оның ішінде: заңдастырылмаған жерлердегі  күл-қоқыстарды тазартуға – 257 857 теңге, күл-қоқыс төгетін орынды абаттандыруға – 680 000 теңге, екі айлық абаттандыру жұмысына – 500 000 теңге, күл-қоқыс орны деротизацияланды – 102 000 теңгеге. Көктемгі және күзгі екі айлық сенбіліктерге 5000 адам қатысты. Барлығы 1020 түп ағаш бұталып, 1679 түп ағаш әктелді, 3490 түп ағаш отырғызылды. Ауыл округі бойынша 500 мың шаршы метр және 12 км автожолдың жиегі тазаланды, орталықтағы ескерткіштердің төңірегі тазаланып, гүлдер отырғызылды. Масанчи ауылында 4 көпір жасалынды.

Ауыл округіндегі орта білім мектептеріне компьютер мен проекторлар – 1 134 375 теңгеге алынды.

Округтегі кітапханалар мен мәдениет үйлеріне қысқы мерзімге қатты отынмен қамтуға – 711 830 теңгеге алынды.

Жеке кәсіпкердің ұйымдастыруымен Масанчи ауылындағы Правда, Пушкин көшелерінің 1,5 шақырым жеріне 3 000 000 теңгеге құм-тас төселініп,  тегістелді.

Ағымдағы жылы Фурманов, Советский, Коммунистический, Ворошилов, Маянов көшелерінің 1,2 шақырымына Республикалық бюджеттен 12 млн. теңге  бөлініп асфальтталды.

Ауылдық округтегі  ҚБШ-дан бөлінген қаражаттар: Масанчи көшесінің 2 шақырым аралығына жаяу адам жүретін жол салынып, 9789976 теңге бөлініп, игерілді. Орталық бейітті қоршауға – 3 701 117 теңге жұмсалды.    Күнбатыс-2 ауылын электр энергиясын үнемдейтін лампамен жарықтандыру – 4 928 000 теңгеге орнатылған.  Күнбатыс-1 ауылының Жіңішке көшесіне 0,5 шақырымға құм-тас төселіп – 297 000 теңге игерілді. Күнбатыс-2 ауылына 1,3 шақырым құм-тас төсеуі тоқтатылып, бөлінген 944 000 теңгесі, Масанчи ауылының Қосуақ көшесіне су құбырын жөндеуге аударылды. Күнбатыс-2 ауылы   мен Дзержинский көшесіндегі көпірлердің жағалауларын бекітуге – 787 000 теңге жұмсалды.

200 000 теңгеге 16 дана аншлаг алынды.

Барлық жобалау-сметалық құжаттарды дайындауға – 624 000 теңге қаражат игерілді.

Ауыз су.

Масанчи ауылында 12 жерасты су құбыры жұмыс істеп тұр,   Күнбатыс-1 ауылындағы ауыз су құбыры іске қосылған, сумен қамтылған.

Күнбатыс-2 ауылының тұрғындары ашық бұлақ суымен қамтамасыз етілген. Ағымдағы  жылы су құбырының абаттандыру және фильтрация реконструкциясына – 1 472 980 теңге жұмсалды. Масанчи ауылына өрт қауіпсіздігіне және техникалық қажеттілікке су үнемі беріледі оның шығымына ҚБШ-дан 200 000 теңге жұмсалды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектер.

Округтегі 3 елді мекенде 2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыста   8 эколог жұмыс істеді.

Ағымдағы жылы 18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақыны  190 отбасы алды, «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы арқылы 3 отбасы мемлекеттік жәрдемақы алды.

Қайырымдылық көмек.

Округ бойынша 2016 жылы қайырымдылық көмек 1 650 000 теңгені құрады: 8 наурызда 45 000 теңге, 1-7-9 мамырда 100 000 теңге, 1 маусым Балаларды қорғау күнінде 40 000 теңге, 1-10 қазан аралығында қарттар мен мүгедектер күнінде 35 000  теңге, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні және 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнінде 40 000   теңге, Жаңа  жыл мерекесіне 100 000 теңгеге сыйлықтар алынды және демеушілер тарапынан көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға және қарттарға азық-түлік таратылды.

Наурыз мерекесінде  ауыл тұрғындарына Наурыз көже таратылып, ұлттық ойындар ойнатылды, 80 000 теңге соманы құрады.

Жаңа жылда ауыл әкімінің балаларға арналған шырша мерекесі болды.

Жеке кәсіпкерлер ағымдағы  жылы 200 000 теңгеге аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетті.

«Мектепке жол» акциясы бойынша аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының балаларына ауыл кәсіпкерлері мен шаруа қожалық басшылары кеңсе тауарлары, сөмкелер, мектеп киімі, аяқ киім, спорттық киімдерге 1 010 000 теңге көлемінде демеушілік көрсетті.

Жастар арасында салауатты өмір  салтын насихаттау.

Ауылдық округте 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 6339. Ауылдық округте түрлі спорттық ойындар, мерекелік  іс-шаралар өткізіліп отырады. Жастарды  адамгершілікке баулу мақсатында пікірталастар, КВН-дар, отбасы тәрбиесіне арналған конкурстар, салауатты өмір салтына баулуда  көптеген акциялар өткізілді.

Ауыл округі бойынша әскери есепте тұрған 888 адам бар, оның ішінде:

Офицерлер – 24, әйел азаматтар – 21, Ауған соғысына қатысқандар – 2, Чернобыль – 3, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер – 5 азамат.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарына ауыл округінде көктемгі, күзгі әскерге азаматтық борышын өтеуге шақырылғандар саны – 1025 адам (1989ж-1997ж).

Қазіргі таңда әскери борышын өтеп жатқан адам саны – 10.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны – 505, оның ішінде жеке тұлғадан түскен өтініш–499,заңды тұлғалардан-6,  олардың–500  жазбаша, 5 ауызша, өтініштердің  72-і қанағаттандырылды, 433-іне түсініктеме берілді.

Жыл бойы ауыл тұрғындарымен 17 жалпы жиын өткізілді.

 

Масанчи ауылдық округінің әкімі   Я.Искаков