Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Отар ауылдық округінің әкімі Ж.Шадиевтің халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Отар ауылдық округінің әкімі Ж.Шадиевтің халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Отар ауылдық округінің жер көлемі 3201,7 га аумақты құрайды.

Отар ауылдық округі бойынша халық саны 10270 адамды құрайды, оның ішінде 4869 адам – Отар ауылында, 4922 адам Гвардейский поселкесінде, 297 адам Бел стансасында, 182 адам Аңырақай стансасында тұрады. Тіркелген кәсіпкерлер саны – 320, шаруа қожалықтар – 8. Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 5906, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны – 5858, жұмыссыздар – 48. Зейнеткерлер саны – 572.

2016 жылы жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түскен арыз-өтініштер саны – 209, оның ішінде заңды тұлғалардан – 15, оның 9-ы қанағаттандырылды, 5-еуі түсіндіріліп, 1-еуі тоқтатылды. Жеке тұлғалардан – 194, оның ішінде 67-іне түсініктеме беріліп, 115-і қанағаттандырылды және 7-еуі басқа органға жолданды, 5-еуі қарастырылуда.

2016 жылы бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер бойынша:

– жер салығының жоспары  – 292000 теңге, орындалғаны – 308 000 теңге немесе 105,5%, мүлік салығының жоспары – 315000 теңге, орындалғаны – 331 000 теңге немесе 105%.

2016 жылы жергілікті қолма-қол бақылау шотына 2 салық түрі бойынша түскен салық:

– көлік салығы: жоспары – 5 267 000 теңге, орындалғаны – 5 365 200  теңге  немесе 102%,жеке кәсіпкерлер салығы: жоспары – 6 267 000 теңге, орындалғаны – 4 561 300 теңге  немесе 72,7% орындалды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 2016 жылы 10 млн. 61 мың теңгеге Отар ауылындағы Н.Төлесбай көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ, 2016 жылы «АРМИ-2016» әскери ойындарының өтуіне байланысты жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Атап айтқанда:

– 5 млн. 874 мың теңгеге Отар ауылдық әкімдігі ғимаратының шатыры жөнделді;

– 1 млн. 610 мың теңгеге Отар ауылындағы Қ.Жекенов көшесіне тротуар орнатылды.

– Отар ауылындағы Шоссейная және Жекенов көшелеріне 8 млн. теңгеге орташа жөндеу жүргізілді.

– 8 млн. 516 мың 816 теңгеге Отар ауылындағы Д.Қонаев көшесіне тротуар орнатылды және 38 млн. 870 мың теңгеге осы көшенің жолына орташа жөндеу жұмысы жүргізілді.

– Отар-Сұлутөр-Көктөбе автожолына 32 млн. 236 мың теңгеге орташа жөндеу жұмысы жүргізілді.

-11 млн. 934 мың теңгеге Отар ауылындағы орталық саябаққа бағытталған болатын.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражаттарды мақсатты пайдалану бағытында жергілікті қауымдастықпен бірлесе жұмыс атқарылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 2016 жылы 13 261 881 теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған. Оның ішінде:

-әкімдіктің материалдық-техникалық базасын нығайтуға–1336600 теңге;

-балаларды мектепке тегін тасымалдауға–1 248 900 теңге;

– көшелерді жарықтандыруға ақы төлеуге–3 280101 теңге;

-сахна орнату жұмыстарына–1 986 080 теңге  және басқа да мақсаттарға жұмсалды.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына және шаруашылық заттарды алуға жергілікті өзін-өзі басқару шотынан1 374 100 теңгеге жұмыстар жүргізілді.

Көктемгі және күзгі абаттандыру үшайлықтарында 5 жабайы күл-қоқыс орны жойылды, 150 тонна күл-қоқыс шығарылды және 3000  түп көшет және 50 түп раушан гүлі көшеттері отырғызылды, 900 түп ағаштар әктелді.

Жабайы күл-қоқыс орындарын тазалау жұмыстарына техникамен мекеме басшылары көмектесіп тұрды.

Көшелерді жарықтандыру

Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2016 жылы 9 млн. 777 мың теңге бөлінген болатын.

– 2 млн. 785 мың теңгеге К.Жекенов көшесінде шамдар жарықдиодты қуатүнемдегіш шамдарға (ЕТ-SL160жарықдиодты көше шамы) ауыстырылды;

– 6 млн. 992 мың теңгеге Отар ауылындағы Д.Қонаев көшесі жарықтандырылды;

Тұрғын үй құрылысын салуға 2017 жылғы 1 қаңтар бойынша 482 азамат кезекте тұр.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі – мал шаруашылығы. Округте 7 шаруа қожалығы тіркелген. Жеке меншіктегі мал саны округ бойынша 289 жылқы (2015ж. – 432), 10894 ұсақ мал (2015ж. – 14877), 711 ірі қара (2015ж. – 1083) тіркелген.

Өнім өндірушілермен бағаны арзандату және тұтыну нарығын көкөніс өнімдерімен толықтыру мақсатында 6 ауылшаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі Гвардейский поселкесінде өтті.

Әлеуметтік сала бойынша

Халыққа қызмет көрсету мақсатында ағымдағы жылы Отар ауылында жекеменшік нотариус кеңсесі ашылды.

Балаларды мектепке дейінгі оқу-тәрбиемен қамту мақсатында 80 орындық жекеменшік «Нұрай» балабақшасы ашылды.

«Өрлеу» жобасы бойынша

2016 жылы 4 отбасыға 759 853 теңге жәрдемақы төленді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында табысы аз азаматтар анықталып, 11 адам ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданса, биыл 13 адам қабылданды. 2016 жылы 1 отбасыға 189200  теңге берілді.

18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы бойынша 2016 жылы 30 отбасыға 1 265500 теңге берілді.

1 жолғы әлеуметтік көмек 8 отбасыға 374 904 теңге көлемінде берілді.

Округ бойынша 10 мүгедек балаға 2 әлеуметтік қызметкер  үйінде қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік көмек

2016 жылы 5 отбасыға қыс мезгіліне демеушілердің көмегімен 1 тоннадан  және 3 отбасыға 500 килограмнан, барлығы 6,5 тонна көмір берілді. Құрбан айт күндері аз қамтылған 75 отбасыға 210000 теңгеге ет таратылды.

Округ әкімнің шыршасында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 70 балаға сыйлықтар таратылды.

1 наурыз – «Алғыс айту» күні 15 аз қамтылған отбасыға 75000 теңгеге азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.

«Мектепке жол» акциясы аясында жалпы аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан  86 балаға 686540 теңгеге мекемелер мен кәсіпкерлер қайырымдылық көмек көрсетті.

Жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау

Саламатты өмір салтын ұстану бағытында түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастыру жақсы жолға қойылған. Атап айтқанда, жыл бойында  үстел теннисі, волейбол, баскетбол, футбол ойындарынан спорттық іс-шаралар тұрақты түрде өтті. Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Елінің ер жүректі азаматтары» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Жастарды жұмылдыру арқылы тыл еңбеккерлеріне көмек беру мақсатында «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» атты акция өтті.

Ауылдың спортшылары «Қазақстан барысы» Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін өткен «Қордай барысы» аудандық іріктеу турнирінде жеңімпаз атанып, Тараз қаласында өткен облыстық турнирге қатысып қайтты.

2016 жылы округ бойынша 25 бала әскер қатарына алынды.