Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Қаракемер ауылдық округінің әкімі Ж.Бақаевтың халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Қаракемер ауылдық округінің әкімі Ж.Бақаевтың халық алдындағы есебінен  ТЕЗИСТЕР

Қаракемер ауылдық округі бойынша халық саны  – 3716  тұрғын, 662 аула бар. Тіркелген шаруашылық субъектілері – 76, оның ішінде шаруашылық қожалықтары – 58. Экономикалық белсенді тұрғындар саны 1820, оның ішінде жұмыспен қамтылғандары – 1791, жұмыссыздар – 31, зейнеткерлер – 384, мүгедектер – 86.

Қаракемер ауылдық округінің аумағы территориясы барлығы – 36240 га, оның ішінде елді мекен аумағы 145 га.

Бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер.

2016  жылы ауылдық округ бойынша  мүлік  салығы  жоспар бойынша 184,0 мың теңге, орындалғаны 184,0  мың теңге, яғни 100 пайыз, жер салығы  жоспар бойынша 309,0 мың теңге, орындалғаны  309,6 мың теңге,  яғни 100 пайыз, көлік салығы  жоспар бойынша 3970,0 мың теңге, орындалғаны 4107,7 мың теңге,  яғни 103,4 пайыз,  жеке кәсіпкерлер жоспар бойынша 767,0 мың теңге, орындалғаны 733,1 мың теңге, яғни 95,6 пайыз, жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 25,0 мың теңге, орындалғаны 100 пайыз.

Жергілікті өзін-өзі басқару шоты.

2016 жылы жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 5 977,2 мың теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған. Оның ішінде:

– 70,0 мың теңгеге № 15 БМ-не медициналық жабдықтар;

– 298,3 мың теңгеге № 14 ОМ-не спорт тауарлары;

– 320,0 мың теңгеге мерекелік сыйлықтар;

– 750,0 мың теңгеге Қаракемер ауылындағы Өтеген, Ә.Нүсіпбаев, Д.Қонаев, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Ақжігіт көшелеріне жалпы ұзындығы 3804 метрге  құм-тас төселді;

– 80,0 мың теңгеге деротизация;

– 544,6 мың теңгеге Қаракемер ауылындағы О.Төстікбаев, А.Баямбаев көшелерінің жарығына техникалық қызмет көрсету;

– 2 407,7 мың теңге көше электр энергиясына;

– 412,1 мың  теңге жобалық сметалық құжаттама жасатуға;

– 57,0 мың теңге газон шапқыш алуға;

– 150,0 мың теңге 2 метрлік тірі шырша сатып алуға;

– 100,0 мың теңгеге Қаракемер ауылы О.Төстікбаев көшесінің трансформаторын қоршауға;

– 60,0  мың теңге жол белгісін орнатуға;

– 80,0 мың теңге  баннер орнатуға;

– 190,4 мың теңге күл-қоқыс шығару  жұмыстарына;

– 302,4 мың теңге  күл-қоқыс шығару орындарын тазалауға,

– 154,7 мың теңгеге көктемгі  абаттандыру кезінде шаруашылық тауарлар сатып алынды.

Ауыл  шаруашылығы саласы.

Ауыл  тұрғындарының негізгі  табыс көзі – мал шаруашылығы. Бүгінгі күнде ауылдық округ бойынша жеке меншіктегі мал саны: ірі-қара мал – 2555, оның ішінде сиыр – 649, жылқы – 2114, бие – 650, қой – 28469, оның ішінде саулық қой – 10516,  ешкі – 1354, құстар – 2516. Ауылдық округте 58 шаруа қожалығы бар, олар егін сеуіп, мал азығын дайындаумен айналысады.

2016 жылы  ауылдық округтегі территория барлығы 36240 га, оның ішінде суармалы жер 189,6 га, көпжылдық шөп 1933 га, жайылым жер 29789 га. Округ бойынша күздік бидай 105 га жиналып, гектарына 20 центнер өнім алынды, ал 1347 га жерге себілген арпадан гектарына 23 центнер өнім алынды.  Қыстық мал азығы табиғи шөп  6500 тонна әзірленді.

Желтоқсан айында «Боз-бесік» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылып, құжаттары толық заңдастырылды.

Жыл бойы ауылдық округте 705 жылқыға чип салынды, 1626  ірі қара мал сырғаланды және 8450  қой сырғаланды.

Ауылшаруашылық тауарларын жеңілдетілген бағамен Отар, Гвардейский ауылдарына  және Астана, Алматы қалаларына жәрмеңкеге апарылды.

Ауылдық округте  жыл бойы 113 қаңғыған ит  жойылды.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау.

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 727,5 мың теңге жергілікті өзін-өзі басқару шотынан қаражат бөлініп, тазалау және күл-қоқысты жинауға жұмсалды. Көктемгі, күзгі сенбіліктерде 1200 адам қатысты. Барлығы 425 түп ағаш бұталып, 2150 түп ағаш әктелді, 300 түп қатты ағаш (ясень), 100 түп қарағаш ағашы отырғызылды. Ауылдық округте орталықтағы ескерткіштердің төңірегі, гүлзарлар, саябақтар, мекемелердің төңірегі, Қарасай ауылына бара жатқан жолдың төңірегі тазаланып, қоқыстар шығарылды.

Ауыз су.

Ауыз су саласында жеке кәсіпкер Бакаев жұмыс атқарады, ауыз су күніне ауылдың  төмен жағына  дейін 10 сағаттан, жоғары жағы 8 сағаттан беріледі. Ауыз судың бағасы адам басына 200 теңгеден, су өлшегіш құралымен 1 м3 – 65 теңге төленеді.

«Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2016 жылы Д.Қонаев көшесіне орташа жөндеу жұмысына республикалық бюджеттен 3195,0 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар толығымен жүргізіліп аяқталды. Республикалық бюджет есебінен 12 000,0 мың теңге қаражат бөлініп, Д.Қонаев көшесіне ыстық асфальт төселініп, қаражат  толық игерілді, Кенесары көшесіне демеушілердің көмегімен 60 көлік құм-тас төгілді, аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінен грейдер бөлініп, жолды тегістеді.

Білім саласы бойынша.

Қаракемер ауылдық округінде № 14 орта мектепте 610 оқушы, шағын орталықта 50 оқушы, мектепалды даярлық сыныбында 80 оқушы бар, № 15 бастауыш мектепте 23 оқушы бар, «Ырыс» балабақшасында 80 бала тәрбиеленеді, кезекте 30 бала тұр.  2016 жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін 150 тұрмысы нашар отбасы оқушылары ыстық тамақпен қамтылған.  2016 жылы ҰБТ – 69,2 пайызды құрады.

 Денсаулық сақтау саласы бойынша.

Қаракемер ауылдық ауруханасында 15 және Керу ауылындағы ФАП-та  2  жедел жәрдем  қызметкерлері жұмыс атқаруда. Ауруханада 2016 жылы күндізгі стационарда 514  ересек адам,  172 бала емделді.  Ауылдық округте жыл бойы  101  нәресте дүниеге келді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы.

«Жұмыспен қамту-2020»: бағдарламасының І бағыты бойынша «Жастар  тәжірибесі»   бағдарламасы   бойынша    ауылдық   округте  3  адам  жұмыс  істеді,  2  бағыты  бойынша  2016   жылы   14   азамат  кәсіпкерлікті дамыту бойынша 47 300,0 мың теңге несие алды.

«Мектепке жол» акциясы.

Тамыз айында аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балаларына «Мектепке жол» акциясы бойынша ауыл кәсіпкерлері мен шаруа қожалық басшылары 360,0 мың теңге көлемінде 36 оқушыға демеушілік көрсетті.  «Жаппай оқуға тарту қорынан» 17 оқушыға 255,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектер.

Округтегі 2 елді мекенге 2016 жылы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімі арқылы ақылы қоғамдық жұмыста 6 эколог, 1 әлеуметтік қызметкер және 1 пошташы жұмыс істеді.

2016 жылы шаруа қожалықтары арқылы 22 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды.

Есепті  жылда 18  жасқа  дейінгі балалары бар 68 отбасының 219 баласына 2 892,5 мың теңге мемлекеттік жәрдемақы  төленді.

«Өрлеу»пилоттық бағдарламасы арқылы 16 отбасының 89 адамына  2 892,0 мың теңге жәрдемақы төленді.

Қайырымдылық көмек.

Жыл бойы ауыл округінде мерекелік іс-шараларда зейнеткерлерге, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, ауғандық жауынгерлерге, соғыс жесірлеріне, «Батыр аналарға», кемтар балаларға, жетім балаларға, жалғыз басты аналарға және көп балалы отбасыларға көрсетілген қайырымдылық көмек  2 202,0  мың теңге болды. 22 наурыз мерекесінде ауыл тұрғындарына наурыз көже таратылып, ұлттық ойындар ойнатылды;

Жастарды салауатты өмір  салтына насихаттау.

Ауылдық округте 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 856. Ауылдық округте түрлі спорттық ойындар, мерекелік іс-шаралар, спорттық ойындар өткізіліп отырады. Жастарды адамгершілікке баулу мақсатында пікір-таластар, КВН-дар, жанұя тәрбиесіне арналған конкурстар, салауатты өмір салтына баулуда  көптеген акциялар өткізілді.

Ауылдық округ бойынша әскери есепте тұрған 345 адам бар, оның ішінде әйел азаматтар – 26, қалғаны матростар, сержанттар, аға лейтенанттар және солдаттар. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына көктемгі- күзгі шақыруда 11 бала әскер қатарына алынды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы.

Жеке және заңды тұлғалардан  түскен өтініштер саны – 41, оның ішінде жеке тұлғадан түскен  өтініш – 39,  олардың –  34  қанағаттандырылды, 5 түсінік берілді, заңды тұлғадан түскен 2 өтініш бар, олар  қанағаттандырылды.

Жыл бойы ауыл тұрғындарымен 14 жалпы жиын өткізілді.

 

Қаракемер ауылдық округінің әкімі       Ж.Бақаев