Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Қарасай ауылдық округінің әкімі Ж.Алтыбаевтың халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы  5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Қарасай

ауылдық округінің әкімі Ж.Алтыбаевтың халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Ауылдық округ бойынша халық саны 4527 адамды құрайды. Экономикалық белсенді тұрғындар саны 2300, оның ішінде жұмыспен қамтылғандары – 1794, жұмыссыздар -10, зейнеткерлер – 556.

Бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер.

2016 жылы ауылдық округте жер салығы жоспар бойынша 347,0 мың теңге орындалғаны 323,3 мың теңге, 93%, мүлік салығы жоспар бойынша 153,0 мың теңге, орындалғаны  161,1 мың теңге немесе 105 %. Көлік салығы жоспар бойынша 2255,0 мың теңге,  орындалғаны 2277,8 мың теңге немесе 101%, жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы жоспар бойынша 484,9 мың теңге, орындалғаны 321,0  мың теңге  немесе 66%, заң тұлғалар жер салығы 46,6 мың теңге.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы 4526,0 мың теңге қаражаттарды мақсатты пайдалану бағытында қоғамдастық кеңеспен бірлесе жұмыс атқарылуда.

– Елді мекендерді абаттандыру – 720,0 мың теңге;

– Қарасай ауылындағы Ж.Сураубаев және Еңбек ауылындағы Кәумен батыр  көшелерін жарықтандыру қызметіне 1328,0 мың теңге;

– дератизациялау бойынша- 80,0 мың теңге;

– Қарасай ауылындағы Қырғау көшесіне сметалық жобалық құжаттар дайындауға 40,0 мың теңге;

– Қарасай ауылындағы Қырғау көшесіне шағал тас төсеуге -1770,0 мың теңге;

– №20 ОМ ЖСҚ-ны дайындауға  75,0 мың теңге;

– №21 ОМ ЖСҚ-ны дайындауға  89,0 мың теңге;

– Қарасай ауылындағы Бәйтелі батыр көшесіне және Еңбек ауылындағы М.Бақтығұлов көшесіне сметалық жобалық құжаттар дайындауға 212,0 мың теңге;

– 2017 жылға Қарасай және Еңбек ауылындағы ауыз су құбырының сметалық жобалық құжаттар дайындауға 100,0 мың теңге;

– Қарасай және Еңбек ауылындағы ауыз судың бактериялық және химиялық анализіне – 60,0 мың теңге;

– Қарасай және Еңбек ауылындағы ауыз суды хлорлауға 45,0 мың теңге;

– Еңбек ауылындағы М. Бактығұлов көшесінің ЖСҚ-ны дайындауға 150,0 мың теңге;

–  күл-қоқысты шығаруға және құл-қоқысты жинауға 420,0 мың теңге;

Ауыл шаруашылығы саласы.

Қарасай ауылдық округі бойынша қазіргі таңда 108 шаруа қожалықтар жұмыс жүргізуде.

2016 жылы мал сандарынан ірі қара – 2229, қой – 17133, ешкі – 2200, жылқы – 1623, құс – 3358-ді  құрады.

Осы малды емдеу және басқа да іс-шаралар жүргізу бойынша ауылдық округте 5 мал дәрігері жұмыс істейді. Малдарға барлық ауруларға қарсы егу жұмыстары жүргізілді.

2016 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Еңбек ауылындағы М.Бақтығұлов көшесіне және Қарасай ауылындағы Бәйтелі батыр көшесіне республикалық бюджеттен бөлінген 12 млн. теңгеге шағал тас төселді. Қарасай ауылында Ж.Сураубаев көшесіне республикалық бюджеттен 3855,0 мың теңгеге жарықтандыру жүргізілді.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау.

Аббаттандыруға және күл-қоқыс төккен орынды тазалауға 720,0 мың тенге қаражат бөлініп, жұмсалды. 2016 жылға санитарлық тазалау аббаттандыру екі айлығының іс-шаралары бекітіліп, штаб құрылып, үш мәрте штаб отырысында екі айлық тазалық жұмыстарының орындалуы туралы қаралып, тиісті тапсырмалар берілді, аулалары тазаланып, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

10 тонна қоқыс қалдықтары арнайы белгілеген жерге шығарылып, үш жердегі заңсыз төгілген қоқыс калдықтары шығарылды.

Ауылдық округ бойынша бекітілген іс-шара бойынша тазалық жұмыстарына 850 адам қатынасып, оның ішінде қоғамдық ақылы жұмысшылар саны – 8 адам. Барлығы 850  аула тазаланып, 560 құрғаған ағаштар кесіліп, 1050 ағаштың түбі ақталды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауылда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өз ісін ашуға 9 адам 21,8 млн. теңге  несие алып, малшаруашылық жұмыстарын жүргізуде.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек.

Округтегі 2 елді мекенге 2016 жылы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ақылы қоғамдық жұмыстарда – 7 адам, 1 – әлеуметтік жұмысшы және 1 әлеуметтік қызметкер  жұмыс атқарды.  Есепті жылда 33 тұрмыс жағдайы төмен отбасы 18 жасқа дейінгі  балаларына арналған жәрдемақысын алды. Әлеуметтік қызметкерге бекітілген 7 кемтар мүгедек бала бар.

«Өрлеу бағдарламасы» бойынша Қарасай ауылдық округіндегі  3 отбасына 293944  теңге қаражат төленді.

Қайырымдылық көмек.

8 наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай 120 азаматша, оның ішінде «Батыр аналар», «Еңбек ардагері», «Тыл еңбеккері» мерекелік іс-шараға шақырылып, демеушілік көмегімен 120,0 мың теңгеге сыйлықтар таратылды.

1-маусым – «Халықаралық балаларды қорғау күніне» әлеуметтік қызметкерлер ұйымдастырған қайырымдылық акциясына 100 бала қатысып, оның ішінде  тұрмыс жағдайы төмен отбасылар және  кемтар мүгедек 7 бала қатысты. Акцияға қатысқан жеке кәсіпкерлер, шаруақожалықтар, «Қарасай» шекара бекеті және демеушілер көмегімен 25,0 мың теңгеге сыйлықтар алынды.

1 желтоқсанда «Тұңғыш Президент» күніне орай аз қамтылған отбасыларды және кемтар мүгедектерге қайырымдылық көмегімен 15,0 мың теңгеге азық түліктер таратылды.

Қарасай ауылдық округі бойынша Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерекелік іс-шараға дайындық жұмыстары жүргізілді, №20 орта мектепте «Тәуілсіздіктің 25 жылдығына орай» ауылымыздың тұрғыны, зейнеткер, ақын Шарапат Алтыбаева апайымыздың «Жаз көңіл менің жырларым» атты авторлық кеші және «Көңілімнің көктемі» кітабінің тұсау кесу кеші атталып өтті, кештің соңында 60 адамға дастархан жайылып, концерт ұйымдастырылып, Алғыс хаттарымен марапатталды және сыйлықтар берілді.

Қарасай ауылдық округінде Жаңа жыл мерекесіне орай аз қамтылған отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып, ауыл әкімінің шыршасы ұйымдастырылып, 100,0 мың теңгеге және 45 балаға сыйлықтар, ойыншықтар таратылды.

Денсаулық сақтау саласы.

Қарасай ауылында 1 ауылдық ауруханасы, Еңбек ауылында 1 ФАП және 2 жедел жәрдем автокөліктері қызмет етуде. Қарасай ауылындағы ауруханасында 5 ересек адамға  арналған төсектер, 10 балаға арналған төсектер және 2300 адамға медициналық жәрдем көрсетілді. Жыл бойы ауылдық округте 56 сәби дүниеге келді.

Жастарды салауатты өмір салтына насихаттау.

Округте жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында жасөспірімдер шығармашылық орталығынында биылғы жылы бокс, еркін, қазақша күрестер, теннис-шахмат үйірмесі, өнер үйірмелерінде 741 бала қамтылған.

Округ бойынша көктемгі және күзгі әскерге шақыру жұмыстарын атқару барысында 18 бала әскерге шақырылды. 5 әскери борышкер әскер қатарына шақырылды және әскери борышын орындауда.  Әскери борышын өтеп келген 4 бала келісім-шарт бойынша әскери қызметке орналасты.

Жыл басынан жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 18 өтініштер, оның ішінде жеке тұлғадан – 18, 14 өтінішіне түсініктеме беріліп, 4-еуі қанағаттандырылды.

 

Қарасай ауылдық округінің әкімі         Ж.Алтыбаев