Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Кәмпитов Бектұр Аманұлы

Кампитов  Бектур Аманұлы 1963 жылы  9 қаңтарда Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келді. Ұлты қазақ. 1980 жылы Ауқатты ауылында орта мектепті бітіріп, сол ауылда жұмысшы болып  істеді. 1981 жылы әскер қатарына шақырылып, 1983 жылы әскери борышымды  өтеп келді.  1984 жылы  Алматыдағы  Қазақ  ұлттық  ауылшаруашылық институтын , қазіргі аграрлық  университетіне оқуға түсіп, 1986 жылы сырттай  оқу  бөліміне  ауысып, 2001 жылы  бітіріп шықты.  1987-2006  жылға дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысты.  2006  жылдан  бастап Қордай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық  бөлімінің  меңгерушісі  болып қызмет атқарды.  2012 жылы 24-сәуірден 2012 жылдың 13- қарашасына дейін  Қордай  ауданы  әкімдігінің кәсіпкерлік  және ауылшаруашылық  бөлімі  басшысының  орынбасары қызметінде болды.  01.02.2013 жылы -05.12.2013 жылы  аралығында Қордай  аудандық ТҮКШ  ЖК және АЖ  директорының   орынбасары  қызметінде істеді.  2014 жылы 05 желтоқсан -13 желтоқсан 2015 жылдары  аралығында  Қарасу ауылдық округі әкімі  аппаратында бас маман лауазымында жұмыс істеді. 2016 жылдың 13  желтоқсанынан  бастап 2017 жылдың 14 тамыз  айына дейін Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының әскери есеп столына  бас маман лауазымында жұмыс жасады.

2017 ж. 14 тамызынан бастап   Қарасу  ауылдық  окруі  әкімінің міндетін атқарушысы болып тағайындалды.

Үйленген.  2 баласы бар.