Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Қарасу ауылдық округінің әкімі М.Күзербаевтің халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016  жылғы  5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Қарасу

ауылдық округінің әкімі М.Күзербаевтің халық алдындағы есебінен  ТЕЗИСТЕР

Қарасу ауылдық округінің аумағы 41236,2 га-ны құрайды.Округ бойынша халық саны 5395 адам, оның ішінде 3758 адам Қарасу ауылында, 1637 адам Өтеген ауылында тұрады. Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 2495, зейнеткерлер саны – 520, I, II, және III – топтағы мүгедектер саны – 82.

Ауылдық округ аумағында 13 дүкен, 1 желімдеу орны, 2 ЖШС, 2 мектеп, 2 кітапхана, 1 ауыл клубы, 1 дәріхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт, 1 байланыс бөлімшесі қызмет атқарады.

Бюджетке түсетін  салықтар мен түсімдер.

2016 жылы ауылдық округі бойынша салықтар:

– жер салығы жоспар бойынша 890000 теңге, орындалғаны 890000 теңге немесе 100%;

– мүлік салығы жоспар бойынша 333000 теңге,  орындалғаны 346000 теңге немесе 103,0%;

– Көлік салығы жоспар бойынша 4173,0 мың теңге орындалғаны 3848,0 мың теңге немесе 92%;

– Жеке табыс салығы жоспар бойынша 203500 теңге орындалғаны 207600 теңге немесе 102,0%.

Ауылшаруашылығы.

Ауыл экономикасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болғандықтан, ауыл әкімдігі аграрлық сектордың дамуына көп көңіл бөліп отырады. Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі егістік шаруашылығы. Округ бойынша 116 шаруашылық қожалықтары бар. Қарасу ауылдық округінің аймағы – 41236,3 га жерді алып жатыр, егістік алқабы – 6151 га, шабындық жер – 1083 га, жайылым – 34000 га.

Аймақ бойынша ірі қара малдың саны 2350, қой және ешкілер саны 50, жылқы малы 193,  шошқалар саны 47,  3500 кұс бар.

Есепті жылы ауылдық округтегі шаруа қожалықтары 554 га күздік бидай  18,5 центнерден, ал 3764 га жаздық арпа 18,11 центнерден алды.

Мал бордақылайтын 25 адамнан тұратын «Қарасу-Өтеген» кооперативі құрылды.

Ауылдық округте өнім өндірушілермен арзандатылған бағамен Қордай ауылында, Гвардейский кентінде және Алматы, Тараз, Астана қалаларында өткізілген 15  ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатысты.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 4600,0 мың теңгеге Қарасу ауылындағы Ленин көшесінің жарықтандыруы жасалды.

Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражаттарды мақсатты пайдалану бағытында қоғамдастық кеңеспен бірлесе жұмыс атқарылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 2016 жылы  6421,7 мың  теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалып, 3060,9 теңге қаражат қалды. Оның ішінде:

– №7 және №8 ОМ-не медициналық жабдықттар және үстелдер сатып алығу – 342,0 мың теңге;

– мерекелік сыйлықтарға – 200,0 мың теңге;

– күл-қоқыс тазалау және шығару жұмыстарына – 380,0 мың теңге;

– қоқыс төгетін орнын дератизациялауға – 80,0 мың теңге;

– Ағаштарды кесуге – 200,0 мың теңге;

– Арықтарды тазалау жұмыстарына – 180,0 мың теңге;

– Көшелерді жарықтандыруға техникалық қызмет көрсету – 200,0 мың теңге;

– Аншлаг дайындауға – 214,8 мың теңге;

– Әкімшілікке ноутбук және компьютер жабдықтарын сатып алуға, -367,0 мың теңге;

– 2017 жылға жобалау сметалық құжат дайындауға – 200,0 мың теңге;

– көшелердің жарықтандыру ақысына – 1111,3 мың теңге;

– көше  шамдарын  орнатуға – 3989,9 мың теңге;

– ауыл ішіндегі жолдарға жол белгілерін орнатуға – 210,0 мың теңге;

– әкімшілікке үстел сатып алуға – 99,9 мың теңге;

– МҮ музыкалық аппаратура сатып алуға – 210,0 мың теңге;

– Балабақшаға түрлі-түсті принтер сатып алуға – 110,0 мың теңге жұмсалды.

Жарықтандыру бойынша.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Республикалық бюджеттен 12,0 млн. теңгеге Өтеген ауылының Абай көшесі толығымен жарықтандырылды.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық.

Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және тазалық сақтау бойынша  ауыл округінің қолма-қол бақылау шотынан 1 154,0 мың   теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Көктемгі және күзгі екі айлық сенбілікке 1200 адам қатысты. Барлығы 500 ағаш әктеліп, 1500 түп ағаш көшеттері отырғызылып, күтімге алынды. Ауыл көшелері, аулалар,  саябақтар тазаланып, жалпы ұзындығы 20 км жол бойы тазаланып, 50 тоннаға жуық қоқыстар шығарылды.

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 2 жас маман жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыты кәсіпкерлікті дамыту бойынша ағымдағы жылы   5 азамат 20500,0 мың теңге несие алды.

Қарасу округі бойынша 46 отбасы 173 бала 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алды, сомасы 3 млн 598793 теңгеге,  атаулы әлеуметтік көмекті 5 адамнан тұратын 1 отбасы алды, 126339 теңге көлемінде  көмек алды.

Пилоттық жоба «Өрлеу бағдарламасы» бойынша 40 адамнан 7 отбасыға 731407 теңгеге жәрдемақы тағайындалды.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 79 балаға 260,0 мың теңгеге мектеп құралдары сатып алынды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек.

Округтегі 2 елді мекенге 2016 жылы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі арқылы ақылы қоғамдық жұмыстарда 7 эколог, 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істеді.

Қайырымдылық көмек.

Ауылда 3 жалғыз басты қарт адамға көмек көрсетіледі.

Ағымды жылы «Наурыз», 1 және 9 мамыр мерекелерінде,   1 маусым балаларды қорғау күні, 6 шілде, Астана күні мерекесі, Конституция күні және 1 қазан қарттар күніне орай барлығы 498,0 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. 2016 жылдың наурыз айынан бастап аз қамтылған отбасыларға 5000 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетіліп тұрады.

Жастарды салауатты өмір салтына насихаттау:

Ауылда жастар кеңесі құрылып, нақты іс-шаралар белгіленді. Ауылда жасы 14-29 аралығында 815 жас тұрады. Ауылдық жастар кеңесінің ұйымдастыруымен жыл басынан 21 әр түрлі шаралар өткізілді, аудан көлемінде өткен 4 әртүрлі акцияларға және жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында жасөспірімдермен биылғы жылы қол күресі, бокс, футбол, волейбол, баскетбол, еркін, қазақша күрестер, самбо, кикбоксинг үйірмелерінде 61 бала қамтылған.

Жыл бойына 17 мәдени іс-шаралар және 15 спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Денсаулық сақтау саласы.

Округ бойынша 1 ДА, және 1 ФАП жұмыс істейді. Қарасу ауылында 11, ал Өтеген ауылында 3 медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Күндізгі стационарда ересек адамдарға 4 және балаларға арналған 4 төсек бар. Жыл бойы 109 нәресте туылды.

Округте барлық әскери міндеттілер – 604 адамды құрайды, 26 бала әскерге шақырылды.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен ауызша және жазбаша өтініштер барлығы – 150, оңың ішінде 147-і жеке тұлғаларда, 3-еуі заңды тұлғалардан. Заңды тұлғалардан түскен өтініштер толығымен қанағаттандырылды. Жеке тұлғалардан түскен өтініштердің 105 қанағаттандырылып, 42 түсініктемелер берілді.

 

Қарасу ауылдық округінің әкімі         М.Күзербаев