Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес Қасық ауылдық округінің әкімі А.Әбдібаевтың халық алдында есебінен тезистер

Қазақстан Республикасы Президентінің

2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес

Қасық ауылдық округінің әкімі А.Әбдібаевтың

халық алдында есебінен

ТЕЗИСТЕР

Қасық ауылдық округінің аумағы  10,500 га құрайды.

Қасық ауылдық округі бойынша халық саны 4235 адам. Тіркелген кәсіпкерлер саны – 57, шаруа қожалықтар – 103. Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 2544, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны – 2484, жұмыссыздар – 60. Зейнеткерлер саны – 345.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен ауызша және жазбаша өтініштер барлығы – 50, жеке тұлғалардың- 46, заңды тұлғалардан түскен өтініштер- 4, оның ішінде ауызша өтініштер – 4, жазбаша өтініштер – 46. Көтерілген сұрақтардың 45-і қанағаттандырылған, 4-не түсініктеме берілді, 1-і басқа мекемеге жолданды.

Жыл бойы ауыл тұрғындарымен 8 жалпы жиын өткізілді.

2015 жылы бюджетке түскен салықтар мен түсімдер бойынша:

2015 жылы ауылдық округі бойынша көлік салығының жоспары- 2 605 000 теңге, орындалғаны 3 178 664 теңгеге немесе 122 %, жер салығының жоспары – 238 000 теңге, орындалғаны  242 186 теңгеге  немесе 101 %,  мүлік салығының жоспары- 120 000, орындалғаны 120 401 теңгеге яғни 100 %., жеке кәсіпкер салығының жоспары – 351 000 теңге, орындалуы 1 037 071 теңгеге немесе 295 % орындалды.

 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы  бойынша:

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қасық ауылындағы Жәмиля Шурина, Кастек және Бәйдібек көшелерінің жолдарын жөндеуге жергілікті бюджеттен 5 млн. теңге қаржы бөлініп, жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді, қаржы толық игерілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражатты мақсатты пайдалану бағытында қоғамдастық кеңеспен бірлесе жұмыс атқарылды. Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 2015 жылы 4 657 000 теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған Оның ішінде:

– медициналық құралдар – жалпы құны  59900 теңгеге ;

– спорттық құралдар 93200 теңге ге;

– гимнастикалық маттар – 130368- теңгеге;

– Жиһаз-338000 теңгеге;

– Салқындатқыш 1 дана, жалпы құны 70000  теңгеге;

– Әкімшілік ғимаратына көмір 15 тонна, жалпы құны 172500 теңгеге;

– Мәдениет үйіне көмір 73 тонна 650 кг, жалпы құны 824806 теңгеге;

– Су беру қызметі жалпы құны 90655 теңгеге;

– Жолдың жаяу өтуіне-бояу жалпы құны 50680 теңгеге;

– Көшелерді жарықтандыру жобалау-сметалық құжаттама 30000 теңгеге;

– Көшелердің жарықтандыруларына техникалық қызмет  150000 теңгеге;

– Мәдениет үйіне музыкалық аппаратура 546000 теңгеге;

– Мәдениет үйіне ноутбук  139000 теңгеге;

– Су сорғыш насос  50000 теңгеге;

– Трибуна  15000 теңгеге;

– Үстел жапқыш –  15000 теңгеге;

– Жаңа жылдық сыйлықтар  50000 теңгеге;

– Тәуелсіздік күніне сыйлықтар  50000 теңгеге алынды.

         Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық бойынша:

Аудандық бюджеттен елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 1 млн. 637 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Көктемгі және күзгі екі айлықтарындағы сенбіліктерге 1200 адам қатысты. Барлығы 3600 ағаш әктелді, 1200 түп ағаш көшеттері отырғызылып, күтімге алынды. Ауыл көшелері, аулалар,  саябақтар, барлығы 26 мың шаршы метр жер тазаланып, жалпы ұзындығы 10 км арықтар тазаланды. Орталық алаңдағы ескерткіштердің алаңы және ауылдық округі әкімдігінің ғимаратының алаңы тазартылып, гүлдер егіліп көгалдандырылды, барлығы 200 тонна қоқыс шығарылды.

Ауылдық округ әкімдігінің ұйымдастыруымен  2 км жолдардың ой-шұқырларына қиыршық таспен төселінді.

Көшелерді жарықтандыру:

Көшелерді жарықтандыру бойынша техникалық қызмет көрсету және электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 1 077 000 теңге қаражат қарастырылып, толық игерілді.

Ауылда орталық су құбыры жоқ. Әр үйде жеке су құбырлары бар.

Ауылшаруашылығы:

Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі мал шаруашылығы. Бүгінгі күнде ауыл округі бойынша жеке меншіктегі мал саны: ірі қара мал-815 бас, оның ішінде сиыр – 410, жылқы– 183 бас,оның ішінде бие-29, қой – 8710 бас, оның ішінде саулық қой-4168, ешкі–920, үй құстары-3630. Ауыл округінде барлығы 103 шаруашылық қожалығы бар, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын 4 шаруа қожалығы.

Қасық ауылдық округі бойынша барлық жер көлемі 7411 га, егістік – 6016 га, суармалысы – 2027 га. 2015 жылы 1192 га бидай егіліп, өнімділігі гектарына 19,0 центнерден, 889 га арпа егіліп өнімділігі әр гектарға  17,0 центнер айналды.  624 га жүгері себіліп әр гектардан 55,0 центнер өнім алынды.  Көкөніс 106 гектарды құрады.

Алматы, Тараз қалаларында және Қордай ауданы бойынша өткізілген ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелеріне белсенді қатыстық.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектер.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға ағымдағы жылы 1 адам несие алды.

2015 жылы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ақылы қоғамдық жұмыстарға  7  жұмыссыз азамат жұмысқа тартылды.

Есепті жылда 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған 106 отбасылары 7 344 500 теңге жәрдемақы және 11 отбасыға 1 686 500 теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

«Өрлеу» пилоттық бағдарламасы бойынша 3 отбасына 426402 теңге төленді. Сонымен қатар 3 отбасына 30 000 теңгеден барлығы 90 000 теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді, денсаулығы нашар 2 отбасыларына 47 568 теңгеден барлығы 95136 теңге көмек көрсетілді.

Наурыз мейрамы да жоғары деңгейде аталып өтілді. Ұлыстың Ұлы күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, ұлттық және спорттық ойындар ойналды, наурыз көже таратылды.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып тыл еңбеккерлеріне сыйлықтар тапсырылды. Жоғарыда айтылған екі іс-шараға бюджеттен 60 000 теңге бөлінген.

Жаңа Жыл мерекесіне орай аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып ауыл әкімінің шыршасы өткізіліп, жасөспірімдерге жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылды.

«Мектепке жол» акциясы.

«Мектепке жол» акциясының аясында округ бойынша аз қамтылған  және көп балалы отбасылардағы 20 балаға 300 000 теңге көмек көрсетілді. Осы акция бойынша  Қасық ауылындағы мешіттен аз қамтылған отбасыларына мектеп формасын сатып алуға  60 000 теңге ақшалай көмек көрсетілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша:

Қасық ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияда 8 қызметкерлер жұмыс атқарады. Амбулаторияда 2015 жылы 90 ересек адам, 400 бала кәсіптік тексеруден өтті. Ауылдық округінде жыл бойы 98 нәресте дүниеге келіп, 10 адам қайтыс болды.

Жастарды салауатты өмір салтына насихаттау:

Округте 14-29 жас аралығында 912 азамат бар.

Округте жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында қазақша күрестер, теннис-шахмат үйірмесі, өнер үйірмелерінде 430-ға жуық бала қамтылған. Облыстық және аудандық жарыстарда мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Ауылдық округінде өткізілген барлық мерекелік іс-шараларда спорттық ойындардың әр түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып тұрады.

Округіміз бойынша барлық әскери міндеттілердің саны- 430 адам, оның ішінде офицерлер-7, әйел азаматтар-28, барлық әскер қатарына шақырушылар-176 адам. 2015 жылы 22 шақырылушылар әскер қатарына алынды.

Ауылға инвестиция тарту:

Қасық ауылдық округінде 2015 жылы жеке кәсіпкерлер арқылы тартылған инвестиция көлемі 128,0 млн теңгені құрады. Олардың ішіндегі ең ірі көлемде инвестиция құйылған жобалар «Асыл-Қаз» ЖШС-60,0 млн. теңге, «Алимбаев» шаруа қожалығы – 31,0 млн. теңге және «Астық-Астана-Қазақстан-2030» ЖШС – 9,0 млн. теңге.