Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Қордай ауылдық округінің әкімі М.Атшабаровтың халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы

5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Қордай ауылдық округінің әкімі М.Атшабаровтың

халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қордай ауылдық округі бойынша 8083 аулада 34019 адам тұрады, округтің жалпы көлемі 21 гектар, оның 5 мың гектары Қордай ауылына тиесілі. Қордай ауылы бойынша 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің игерімінде 12 мың гектар жер, ал округ бойынша 31 шаруа қожалығы иелігінде 4000 гектар жер қамтылған. Сонымен қатар, округімізде 4662 кәсіпкер тіркелген, 5760 зейнеткер бар.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер

2016 жылы ауыл тұрғындарынан Қордай ауылдық  округі әкімі аппаратына 1114  арыз-шағым тіркелді. Оның ішінде заңды тұлғалардан – 88, жеке тұлғалардан – 1026, қанағаттандырылғаны – 538, түсіндірілгені – 531,30-ы қарастырылуда, басқа мекемеге жолданғандары– 15. Өтініштер заңға сәйкес уақытында қаралып, жауабы берілді, әкімнің жеке қабылдауында 40 адам болды.

Бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер

2016 жылы ауылдық округ бойынша жер салығының жоспары – 2356 мың теңге, орындалғаны – 2 356 мың теңге немесе 100%-ға, мүлік салығының жоспары – 2 621 мың теңге, орындалғаны – 2 621 мың теңге немесе 100%-ға орындалды, жеке табыс салығының жоспары – 67 866 мың теңге, орындалуы 67 866 мың теңге немесе 100%-ға орындалды, көлік салығының жоспары 101 129 мың теңге, орындалуы 100 117,7 мың теңге немесе 99%-ға орындалды.

Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша

Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 2016 жылы 172 737 мың теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған, оның ішінде:

– көшелерді жөндеуге – 92 967 мың теңге;

– көшелерді жарықтандыру – 8 382 мың теңге;

– техникалық бақылау – 4 628 мың теңге;

– смета даярлау – 200 000 мың теңге;

– тазалық және көгалдандыру – 32 мың теңге;

– мини футбол алаңы – 11 060 мың теңге;

– әр түрлі мақсаттарға – 23 500 мың теңге.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау

Қордай ауылдық округі әкімінің аппараты, 2016 жылы 26 ақпандағы №59 қаулысына қатысты 2016 жылдың 1 наурызынан 1 мамырына дейін көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық екі айлығы бойынша, және 2016 жылы 31 тамыздағы №251 қаулысына сәйкес, 2016 жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашасына дейін екі айлық күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық екі айлығы барысында жаппай сенбілікке Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың, яғни  Алматы, Шу, Қарасу бағытындағы жолдар бойындағы шөптерді ору жұмыстары, ағаштарын бұталау, әктеу, күл-қоқыстарын теру, тазалау жұмыстары жүргізілді.

Қордай ауылының аумағынан 5 га жер телімі бөлініп, 5 шақырымға екі қатар арық қазылып, 1700 түп қарағаш отырғызылды,сонымен қатар, аудандық орталық саябақта 500 түп  «Ясень» ағашы отырғызылды. Сенбілікке 8 мыңға жуық адам қатысып, 150 тонна қоқыс шығарылды.

Тұрғын үй және жер мәселесі

Қордай ауылдық округі бойынша жер учаскесі сұранысында кезекте тұрған адамдар саны – 6585. Кезектің көп болуы 2006 жылғы мамыр айынан бері жер учаскелерінің бөлініп берілмеуінде, себебі инфрақұрылымдық құрылыстар мәселесі шешілмейінше жер учаскелері берілмейді. Бүгінгі күнге Қордай ауылында тұрғын үй құрылысына жер учаскесін бөліп беру мәселесі бойынша кезекте тұрған 500 азаматтың тізімі өңделіп, хабарлама берілді. 3 000 000 теңгеге жеке тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер учаскелерінің топотүсірілімін жасау үшін конкурс ойнатылып, жұмыстар аяқталды.

«Мектепке жол» акциясы

Жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасы балаларын мектеп құрал-жабдықтарымен, киім формаларымен қамтамасыз ету мақсатында ауылымыздағы мекемелермен орта және жеке кәсіпкерлердің қайырымдылық көмегі арқасында Қордай ауылдық округінде «Мектепке жол» акциясы бойынша барлығы 200 баланың тізімі жасалды. Оның ішіндегі 97 бала бюджеттен қамтылды, ал 103 баланы демеушілер арқылы мектепке дайындалды. 1-акция 17 тамызда,2-акциясы 25 тамызда орталық алаңда «Бақытты балалық шақ» деген атпен өткізілді.Қордай ауылдық округі 27 баланы мектепке дайындады.

Ауыл шаруашылығы

Қордай ауылдық округі бойынша егін шаруашылығының көлемі –15022,05га, суармалы жер – 1864,68га. Округ бойынша 31 шаруа қожалығы бар. Шаруа қожалықтарында ірі қара мал саны – 2267, қой – 16468, жылқы –226.

Ауыл тұрғындарында округ бойынша 595 ірі қара, 4657қой, 8312 үй құстары тіркеуде тұр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында аталып өткендей еліміздің  құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыру бағытталған. Биылғы жылы ауылдық округте кәсіпкерлеріміз «Нұр-сәт» сауда орталығын, «Бекжан» дәріханасы мен «Тәбет» дәмханасын ашты.

Денсаулық сақтау саласы

Қордай ауылдық округі  бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерінің саны – 1326, оның ішінде дәрігерлер – 227, медбике мен басқада қызметкерлер– 1099, туберкулез ауруханасында 74 адам қызмет атқарады. Күндізгі стационарда 2260 науқас емделді, оның ішінде ересектер – 2146, балалар – 114. Округ бойынша 2016 жылы 610 нәресте дүниеге келіп, 764 адам қайтыс болды.

Жергілікті бюджет қаражатына өткен жылы округтегі  иесіз бос жүрген 553 итті ұстап, көзін жою шарасы ұйымдастырылды. Оған 663 600 теңге  қаражат жұмсалды.

Тарихи және мәдени мұра мәселесі

Қордай ауылдық округі бойыша 10-12 ғасырларға тиесілі ежелгі «Георгиевский» қалашығы бар. Ал балбал тастан жасалған мүсін Қордай аудандық мұражайының алдында орналасқан. Қорғандар мен құлпытастар ауылдық округ бойынша жоқ. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және ауған соғысының ардагерлеріне   арналып қойылған ескерткіштердің бүгінгі таңдағы жағдайы қалыпты, ескерткіштерді уақытылы қалпына келтіру және тазарту жұмыстары жүргізіліп отырады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының 2-бағыты – шағын несие беру арқылы кәсіпкерлікті дамыту бойынша Қордай ауылдық округінде биылғы жылы 6 адам шағын несие алды, оның ішінде 2-еуі бизнесін кеңейтуге, 4-еуі өз ісін ашу үшін. Берілген қаражат мөлшері – 17 млн. 200 мың теңге.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша аудан әкімдігінің  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 17 адам «Жастар тәжірибесінен» өтті, ақылы қоғамдық жұмысқа 35 адам тартылса, тұрақты жұмыспен қамтылған азаматтар саны – 127.

Округ бойынша 16 отбасы, яғни 58 адам мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуда. Оған 2 030 600 теңге қаражат бөлінді. 176 отбасы, яғни 600 балаға 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алды. Оған 10 670 700 теңге қаражат бөлінді.Туберкулез ауруына шалдыққан  15 адамға 1 532 800 теңге көмек көрсетілді. Бір жолғы әлеуметтік көмек онкология ауруына шалдыққан 3 азаматқа 159 072 теңге берілді.

1 қазан – «Қарттар күніне» орай Аудандық мәдениет үйінде ауылымыздың қарттарын аудан әкімі Қ.Досаев құттықтап, 80 жастағы 80 зейнеткер, 90 жастағы 16 зейнеткер, 100 жастағы 1 зейнеткер мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды.Сонымен қатар, шахмат ойынынан қарттар арасында конкурс ұйымдастырылды.

Ауданымыздың бас имамы мен мешіт қызметкерлерімен бірге, округ әкімі аппаратының қызметкерлері «Құрбан айт» мерекесіне құрбандыққа шалынған ірі-қара мен қой еттерін есепте тұрған 275 аз қамтылған отбасыларына  таратып берді.

Көктемгі және күзгі әскерге шақыру және ҰОС ардагерлері

2017жылдың қаңтарына Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының әскери есеп үстелінің есебінде – 2293 әскери міндетті, 1683 әскерге шақырылушы және 201 толыстағы офицер есепте тұр.

2016 жылдың қазан-қараша айларында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне ауыл округі аумағында тұратын 2000 жылы туылған 157 ер азаматты тіркеу жұмыстары жүргізілді.

Көктемгі және күзгі шұғыл әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізіліп, 45 әскерге шақырылушы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери борышын өтеуде.

Қордай ауылдық округі аумағында бүгінгі күні барлығы 14 Ұлы Отан соғысына қатысушы, 50 Ауғанстандағы соғысқа қатысушы тұрады. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай атқарылған іс-шаралар жоспарына сәйкес соғыс ардагерлері отбасыларының тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлары бақылауға алынып, тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.