Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Сортөбе ауылдық округінің әкімі И.Буларовтың халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы  5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Сортөбе ауылдық округінің әкімі И.Буларовтың халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Сортөбе ауылдық округі бойынша халық саны 22954 адамды құрайды. Тіркелген шаруашылық субъектілері – 195, оның ішінде шаруашылық қожалықтары – 100. Экономикалық белсенді тұрғындар саны 12983, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны – 12968, жұмыссыздар – 15 , зейнеткерлер – 1489.

Бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер.

2016 жылы ауылдық округ бойынша жер салығының жоспары 991,3 мың теңге, орындалғаны 991,3 мың теңге немесе 100%, мүлік салығының жоспары 628,0 мың теңге, орындалғаны 628,0 мың теңге немесе 100 %, жеке табыс салығының жоспары 3862,3 мың теңге, орындалғаны 3862,3 мың теңге немесе 100%, көлік салығының жоспары 25 млн. теңге, орындалғаны 28590,0 мың теңге немесе 114,3%, заңды тұлғалардың жер салығының жоспары 389,0 мың теңге, орындалғаны 413,1 мың теңге  немесе 118%, заңды тұлғалардың көлік салығының жоспары 389,0 мың теңге, орындалғаны 389,2 мың теңге немесе 105%.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражаттарды мақсатты пайдалану бағытында жергілікті қоғамдастық кеңеспен бірлесе жұмыс атқарылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 2016 жылы 40919,0 мың теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған. Оның ішінде:

– Сортөбе ауылындағы Биянху мен Пушкин көшелерінің ағымды жөндеу жұмыстарына 10 733,0 мың теңге;

– Сортөбе ауылындағы Ленин көшесіне тротуар салуға 15 524,0 мың теңге;

–  Сортөбе ауылына бағдаршам орнатуға 2 899,0 мың теңге;

– мектеп, балабақша және мәдениет үйіне құрал жабдықтарды сатып алуға 2932,0 мың теңге  жұмсалды.

– Көше жарықтандыруға  6158,0 мың теңге;

– Жалпы абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына 1423,0 мың теңге;

– Басқа да шығындарға 1250,0 мың теңге жұмсалды.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау.

Бюджеттен (КСН) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 1 200,0 мың теңге қаражат бөлініп, тазалау және күл-қоқысты жинауға жұмсалды. Көктемгі және күзгі екі айлық сенбіліктерге 2250 адам қатысты. Барлығы 1800 түп ағаш бұталып, 2000 түп ағаш әктелді, 15510 түп  ағашы отырғызылды. Ауыл округі бойынша 440 мың шаршы метр жер тазаланды, автожолдың 15 шақырым екі жағындағы тазалығы тұрақты бақылауда, орталықтағы ескерткіштің ағымды жөндеу жұмысы жүргізілуде, төңірегі тазаланып, ағаштар және  гүлдер отырғызылды.

Сортөбе ауылдық аурухана шатырын күрделі жөндеуге 1 500,0 мың теңге демеушілер қаражаты есебінен жасалды.

2016 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 13 109,0 мың теңгеге Бұлар батыр ауылындағы К.Маркс көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Ауыз су.

Әр үй құбырлы құдықтың суымен қамтамасыз етілген. Таза сумен қамтамасыз ету мақсатында Сортөбе ауылының тұрғындары бұрғылау жұмыстары және су сапасын оңтайландыру жұмыстарын жүргізді.

Сортөбе ауылының шығыс бөлігіде ауыл тұрғындар есебінен 25 млн. теңгеге 5 сусорғызатын кондырғы орнатылды.

Ауыл шаруашылығы.

Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі егістік шаруашылығы.

Бүгінгі күнде ауылдық округ бойынша жеке меншіктегі мал саны: ірі-қара мал – 3260, жылқы – 552, қой – 6587 бас, кұз – 10828. Ауыл округінде 100 шаруа қожалығы бар, олар егін сеуіп, мал азығын дайындаумен айналысады.

2016 жылы 413 га жерге себілген арпадан 652 тонна өнім алынды, әр гектардан 23 ц/га астық алынды. Мал азығына дайындалған табиғи шөп  15500 тонна,себілген көкөніс 758 га,867 га картоп, жүгері 418 га. Егістік жер 3268 га,  жайылым 950 га, суармалы жер 2824 га.

Сортөбе ауылдық округі Отар ауылында, Гвардейский кентінде, Тараз, Алматы, Өскемен және Астана қалаларында өткізілген жәрмеңкелерге қатысты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектер.

Округтегі 2 елді мекенге 2016 жылы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімі арқылы ақылы қоғамдық  жұмыста 7 эколог жұмыс істеді.

Есепті жылда 18 жасқа дейінгі балалы 205 отбасы мемлекеттік жәрдемақы алды, «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы арқылы 4 отбасы, барлығы 16  425,0 мың теңге жәрдемақы алды.

Қайырымдылық көмек.

Ауыл округіндегі зейнеткерлерге, мүгедектерге, ауғандық жауынгерлерге, соғыс жесірлеріне, кемтар балаларға, жетім балаларға, жалғыз басты аналарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 1 644,0  мың теңге қайырымдылық көмек  көрсетілді.

22 наурыз мерекесінде ауыл тұрғындарына наурыз көже таратылып, ұлттық ойындар ойнатылады. Тәуілсіздік 25 жылдығына орай ұйымдастырылған  марафонға150 мың теңге қайырымдылық ас берілді.

Жаңа жылда ауыл әкімінің балаларға арналған шырша мерекесі өткізілді, 50 мың теңгеге сыйлық таратылды.

«Мектепке жол» акциясы.

Тамыз айында аз қамтылған, көп балалы отбасылардың 426  балаларына «Мектепке жол» акциясы бойынша ауыл кәсіпкерлері мен шаруа қожалық басшылары 1 014,0 мың теңге көлемінде демеушілік көрсетті.

Жастарды салауатты өмір  салтына насихаттау.

Ауылдық округте 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 5385. Ауылдық округте түрлі спорттық ойындар, мерекелік іс-шаралар, спорттық ойындар өткізіліп отырады. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылына арналған іс-шаралар өткізілді; марафон «Достық», 500 адам қатысты, кикбоксинг бойынша турнир, кіші футбол, шахмат, тоғыз құмалақ, үстел теннисі, волейбол. «Бұлар батыр» кикбоксинг клубының тәрбиеленуші Дауров Рашид  Ирландияның  Дублин қаласында     әлем чемпионы атанды.

Жастарды  адамгершілікке баулу мақсатында пікір-таластар, КВН-дар, жанұя тәрбиесіне арналған конкурстар, салауатты өмір салтына баулуда  көптеген акциялар өткізілді.

Ауыл округі бойынша әскери есепте тұрған 2479 адам бар, оның ішінде  әйел азаматтар – 12, қалғаны матростар, сержанттар, аға лейтенанттар және солдаттар. Жыл бойы  5 бала әскер қатарына  алынды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша.

Бұлар батыр ауылында 1 дәрігерлік амбулатория, Сортөбе ауылында  1 ауылдық аурухана және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс атқаруда. Барлығы 112 медицина қызметкерлері бар. 2016 жылы күндізгі стационарда және стационарда 1865 ересек адам, 861 бала емделді. Ауылдық округте жыл бойы 821 нәресте дүниеге келді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны – 137, оның ішінде жеке тұлғадан түскен өтініш –135, заңды тұлғадан – 2, оның ішінде 93 өтініші қанағаттандырылды, 44-іне түсініктеме берілді.

Жыл бойы ауыл тұрғындарымен 16 жалпы жиын өткізілді.

 

Сортөбе ауылдық округінің әкімі     И.Буларов