Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Степное ауылдық округінің әкімі Ж.Спановтың халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің  2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес  Степное ауылдық округінің әкімі Ж.Спановтың халық алдындағы  есебінен  ТЕЗИСТЕР

Степное ауылдық округі бойынша халық саны 6169 адамды құрайды, оның ішінде 3564 адам Степное ауылында, 1616 адам Арал ауылында, 989 Қалғұты ауылында тұрады. Тіркелген шаруа қожалықтар – 230. Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 3470. Зейнеткерлер саны – 524.

Ауылдық округ аумағында 8 дүкен, 1 желімдеу орны, 1 «Техногранит» ЖШС жұмыс істейді.

Бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер.

2016 жылы ауылдық округ бойынша жер салығының жоспары 271,0 мың теңге,  орындалғаны 269,1 мың  теңге  немесе 99,3 %, мүлік салығының жоспары 133,0 мың теңге, түскені 124,3 мың теңге немесе 94%, көлік салығының жоспары 5056,0 мың теңге, орындалғаны  4305,5 мың теңге  немесе 85%, жеке кәсіпкер салығының жоспары 3227,0 мың теңге, орындалғаны 1 685,6 мың  теңге немесе  52%, заңды тұлғалардан жер салығының жоспары  30000 теңге, орындалғаны  49131  теңге  немесе 164%, заңды тұлғалардан көлік салығының жоспары 428,0 мың тенге, орындалғаны  139,6 мың теңге  немесе 33%.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Арал ауылының Бабахчиев көшесінің 1 км жарықтандыруына 4 135,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар толығымен орындалды.

«Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Степное ауылының орталық көшесіне 12 млн. теңгеге 1 км жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қалғұты ауылының кіреберіс 1,3 шақырым жолына 19 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражаттарды мақсатты пайдалану бағытында қоғамдастық кеңеспен бірлесе жұмыс атқарылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 2016 жылы  6 565,0 мың теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған. Оның ішінде:

– 621,0 мың теңге күл-қоқыс тазалау және шығару жұмыстарына;

– 459,7 мың теңге абаттандыру және   ағаштарды суғару жұмыстарына;

– 58,0 мың теңге Арал ауылынан Жамбыл ауылына балаларды тасымалдауға;

– 3 468,0 мың теңге Степное ауылының Абай, Аспетов, Кириллов және Школьный көшелеріне ағымды жөндеу жұмыстарына;

– 280,0 мың теңге Степное ауылының көшесін жарықтандыруының төлем ақысына;

– 356,0 мың теңге мерекелік сыйлықтар сатып алуға;

– 168,0 мың теңге ноутбук сатып алуға жұмсалды.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау.

Көктемгі және күзгі екі айлық сенбілікке 800 адам қатысты. Барлығы 2000 ағаш бұтақтары кесіліп, 2000 ағаш әктелді. Ауыл көшелері, аулалар,  саябақтар тазаланып, жалпы ұзындығы 18 км жол бойы тазаланды. 100 тоннаға жуық қоқыстар шығарылды.  Мәдениет Үйінің алаңындағы ескерткіш сырланып, ағаш, гүлдер егіліп көгалдандырылды. «Жасыл ел» бағдарламасын орындау барысында Арал ауылының кіреберіс жолына 1 га жерге 4000 жас терек отырғызылды.

Ауылшаруашылығы.

Ауыл экономикасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болғандықтан, ауыл әкімдігі аграрлық сектордың дамуына көп көңіл бөліп отырады. Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі егістік шаруашылығы. Округ бойынша 230 шаруашылық қожалықтары бар. Бұлардың көлемінде 6866 га жер бар, соның ішінде суармалы егістік жер көлімі 4324 га, 2550 га суғарылмайтын егістік жерлер. Аймақ бойынша ірі қара малдың саны 2320, қой және ешкілер саны 9600, жылқы  100,  шошқалар саны 193,   8500 құс бар.

Есепті жылы  ауылдық округтегі шаруа қожалықтары 230 га күздік бидай  23 центнерден алды, 1000 га жаздық арпа 23 центнерден, 1400 га жүгері 100 центнерден, 280 га мақсары 0,7 центнерден, 1200 га жоңышқа, 200 га көкөніс және 5 га жерге қант қызылшасын екті.

Инвестиция тарту.

Округ бойынша 2016 жылы «Қазақстан-2030» шаруа қожалығы, басшысы А.Рысымбетов, 70 га егістік жерлеріне 29  500,0 мың теңгеге  тамшылап суғару техникасын орнатты.

«Мерей» шаруа қожалығы, басшысы  М.Асанқұлов, 120 га егістік жерлеріне 27 млн. теңгеге  тамшылап суғару техникасын орнатты.

«Алтынай» шаруа қожалығы, басшысы  Н.Амангельдиева, 21 га егістік жерлеріне 8 млн. теңгеге  тамшылап суғару техникасын орнатты.

«Карбоз» шаруа қожалығы, басшысы  Қ.Джолдасбаев, 27 га егістік жерлеріне 17 млн. 500 мың теңгеге  тамшылап суғару техникасын орнатты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектер.

Округтегі 3 елді мекенге 2016 жылы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ақылы қоғамдық жұмыстарда 6 эколог, 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істеді.

Ауылдық округте арнайы құрылған комиссия арқылы әл-ауқаты төмен отбасыларының тұрмыс жағдайларын зерттеп, анықтап олардың атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақы тағайындау  үшін қажетті құжаттарды дайындап өткізіліп тұрады. Соның ішінде  123 отбасы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алды, сомасы 8 499,7 мың теңге,  туберкулез ауруымен ауыратын 3 азаматқа материалдық көмек көрсетілді, сомасы 279,9 мың теңгеге.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 3 отбасына 622,3 мың теңгеге жәрдемақы тағайындалды.

«Мектепке жол» акциясы бойынша 6 көпбалалы отбасындағы  балаларға 68000 теңгеге көмек көрсетілді және жағдайы төмен отбасы балаларына  46000 теңгеге мектеп киімдері сатып берілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша:

Степное ауылында дәрігерлік амбулатория, ал Арал ауылында фельдшерлік пункт орналасқан. Бұл мекемелерде 11 медицина қызметкерлері еңбек етеді. 2016 жылы 94 бала  дүниеге келді.

Жастарды салауатты өмір салтына насихаттау.

Округте жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында №24 орта мектебінде  жасөспірімдермен биылғы жылы қол күресі, бокс, еркін, қазақша күрестер, өнер, киім тігу үйірмелерінде 74 бала қамтылған.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен ауызша және жазбаша өтініштер барлығы -182, жеке тұлғадан-176, заңды тұлғадан-6, қанағаттандырылған-88,  түсініктеме берілген-94.

Жыл  басынан ауыл тұрғындарымен 18 жиын өткізілді.

 

Степное ауылдық округінің әкімі       Ж.Спанов