Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Спанов Жүсіпбек Матайұлы а.о әкімі

IMG_20151225_090728

Өмірбаян

  Мен, Жүсүпбек Матаұлы Спанов 18 ақпан 1963 жылы  Жамбыл облысы Қордай ауданы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келдім. Білімім жоғары, мамандығым – дене шынықтыру.

1970 жылы Жаңатұрмыс ауылы орта мектебінің 1-ші сыныбына барып 1980 жылы сол мектепті аяқтадым.

1980 – 1982 жылдары Жаңатұрмыс ауылында жұмысшы болып істедім.

1982 жылдан 1983 жылға дейін Қазақ Мемлекеттік  дене шынықтыру институтында оқып, 1985 жылға дейін совет армиясы қатарында болдым. 1985 жылы оқуымды жалғастырып 1988 жылы аяқтадым.

1988-1989 жылы аралығында №1-ші Жол құрылысы басқармасында дене шынықтыру әдіскері болып жұмыс істедім.

 1989жылдан 1990 жылға дейін Алматы қаласы «Промдорстрой» трестінде комсомол комитетінің хатшысының міндетін атқардым.

 1990-1991жылдары Алматы қаласының комсомол комитетінде консультант болып міндетін атқардым.

1991-1992 жылдары  Алматы қаласының   Ленин аудандық комитетінің 1-ші хатшысы болып тағайындалдым.

1992 жылы Қазақстан Республикасының комсомол комитетінің жастар ісі жөніңдегі комитеттің бас маманы болып жұмыс атқардым. 1992 жылы Алматы қаласы Ленин аудандық комсомол комитетінің 2-ші хатшысы болып тағайындалдым.

1992-2000 жылдар аралығында Жамбыл облысы  Қордай аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқардым.

2000-2002 жылдарда Шу қаласының №10-шы колледжінде директордың орынбасары болып міндетін атқардым.

 2002 жылдан 2004 жылға дейін Қасық ауылының №23-ші Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің директоры болдым.

2004 жылдан 2012 жылдың желтоқсан айының 19-шы жұлдызына дейін Степной  ауылының №24-ші орта   мектебінің директоры болып жұмыс атқардым.              2012 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Степной ауылдық округінің әкімі болып тағайындалып жұмыс атқарудамын.

        Жұбайым: Иткеева Гульнара Тәйтенқызы – Степной ауылының №24 орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі.

      Балам: Мата Нұрғиса – Алматы қаласы Әль – Фараби атындағы  мемлекеттік университетінің ІІ-ші курс студенті.

 Қызым: Спан Дана – Қордай ауылындағы №4-ші орта мектебінің 4-ші сынып оқушысы.