Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Сұлутөр ауылдық округінің әкімі Е.Мырзағұловтың халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Сұлутөр ауылдық округінің әкімі Е.Мырзағұловтың халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Ауылдық округ аймағында 2 елдімекенорналасқан, тұрғындар саны – 1296  адам, оның ішінде Сұлутөр ауылында – 956 және Көктөбе ауылында –340 адам. Округ бойынша 49 шаруа қожалығы және 23 жеке кәсіпкертіркелген. Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 935, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны – 918 адам, жұмыссыздар–15 адам, зейнеткерлер– 115.

Ауылдық округ бойынша 2 білім беру мекемесі, 2 денсаулық сақтау мекемесі бар.

Бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер

2016 жылғы  мүлік салығының жоспары– 26000 теңге, орындалуы – 27454 теңге немесе 106%, жер салығының жоспары – 97000 теңге, орындалуы – 111168 теңге немесе 114%, жеке табыс салығының жоспары –254000  теңге, орындалғаны – 220 090 теңге немесе 87%, көлік салығының жоспары – 963 000 теңге, орындалғаны – 1 672 769 теңге немесе 173%.

«Өңірлерді  дамыту» бағдарламасы бойынша  2016 жылы 1 000 000 теңге бөлініп, Көктөбе ауылының Чапаев және Жамбыл көшелеріне жарықтандыру  жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражатты мақсатты пайдалану бағытында жергілікті қауымдастықпен бірлесе жұмыс атқарылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 2016 жылы 1 591,0 мың теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған. Оның ішінде:

– Күл-қоқыстарды шығаруға-177,7  мың теңге;

– Қатты қалдықтарды  тазалауға-277,7  мың теңге;

– Бояулар сатып алуға-26,0 мың теңге;

– Көшетте және әк сатып алуға-137,0 мың теңге;

– Көшелерді жарықтандыруға -321,6 мың теңге;

– Мерекелік іс-шараларға-150,0 мың теңге;

– Жобалық-сметалық құжат жасауға-121,0 мың теңге;

– Сұлутөр ауылындағы Пушкин көшесіне жобалық-сметалық құжат жасауға – 150,0 мың теңге;

– Күл-қоқысты дератизациялауға -80,0 мың теңге;

– Сұлутөр ауылындағы жарықтандыру жүйесіне техникалық қызмет көрсетуге – 150,0 мың теңге жұмсалды.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша

Сұлутөр ауылдық округі бойынша абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық сақтау мақсатында жалпы 697 540 теңге   қаражат бөлінді, оның ішінде бояу, әк және әртүрлі құрал-жабдықтарға–100 000 теңге, қоқыс тазалау жұмыстарына – 455 540  теңге, дератизациялауға – 80000 мың теңге, көшет алуға – 62,0 мың теңге жұмсалды. 8000 шаршы аумақ тазаланып, 300 тал ағаш әктеліп, бұталды. Сонымен қатар, 20 тонна күл-қоқыс шығарылып, 15 км арық тазаланды.

2 елді мекенде ауыз су жүйесі жұмыс істейді. Сұлутөр ауылының ауыз су жүйесі 1986 жылы іске қосылса, Көктөбе ауылында 1990 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі күнге Көктөбе ауылының ауыз су жүйесі тұрғындарды сумен толығымен қамтамасыз етіп тұр, ал Сұлутөр ауылының ауыз су жүйесі апатты жағдайда, тұрғындардың ауыз су қажеттілігін қамтамасыз ете алмай отыр. 2014 жылы  Сұлутөр ауылының ауыз су жүйесі «Қордай Су» КММ теңгеріміне өткізілді, ауыл әкімшілігі су жүйесінің жұмысын бақылайды, жыл сайын «Қордай Су» КММ және әкімшілік қызметкерлерінің күшімен су жинайтын тоспаға жөндеу және тазалау жұмыстары жүргізіледі, ауыл тұрғындарының арасынан  жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін жұмысшылар қабылданды.

Ауыл шаруашылығы

Барлық жер көлемі – 54002 га, оның ішінде, 7 246 га – егістік жерлер, көп жылдық егін – 53 га, жайылым – 45007 га, шабындықтар – 1075 га.

2016 жылы Сұлутөр ауылдық округінің шаруа қожалықтары жақсы жетістіктерге жетті. Егілген 1180 га  күздік бидай егістік жерден  әр гектарынан – 24ц, 440 га арпа алқабының әр гектарынан 22 ц өнім алынды және 3500 га көп жылдық шөп, 246 га бір жылдық шөп бар.

Округ бойынша мүйізді ірі қара – 1900, қой мен ешкі – 21000, жылқы – 1500 және 2200 құс тіркелген. Малдардың денсаулығын бақылап, уақытымен екпе жүргізіп, үй жануарларының қанын талдауға апарып, аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алып отырған округтің ветеринария бөлімшесі қызметкерлері керекті құрал-жабдықтармен және жеке көлікпен қамтамасыз етілген.

Округте 49 шаруа қожалығы тіркелген. Олар негізінен егін егумен, мал шаруашылығымен айналысуда.

Сұлутөр және Көктөбе ауылдарында 49 ШҚ және 23 жеке кәсіпкер тіркелген.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек

12 айда 2 отбасыға 18 жасқа дейінгі 7 балаға арналған жәрдемақы тағайындалып, 126 996 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленді. 8 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2 отбасы 10 балаға 247 833 теңге алды.

Мектепке жол акциясы

«Мектепке жол» акциясында  округ бойынша аз қамтылған  және көпбалалы отбасыларға «Жас Қанат» ШҚ басшысы – 3 балаға 30 000 теңге, №38 орта мектеп мұғалімдері – 2 балаға 20 000 теңгеге көмек көрсетті.

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Сұлутөр ауылында1 фельдшерлік пункт, ал Көктөбе ауылында 1 медициналық кабинет бар, олар медициналық қызметкерлермен толық қамтылған, барлығы 5 адам қызмет атқарады. 2016 жылы 20 нәресте дүниеге келді.

Жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау

Округ бойынша 14-29 жас аралығында 203 азамат бар. Округте жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында ашылған аула клубында теннис-шахмат үйірмесі, волейбол футбол үйірмелері жұмыс істейді. Мектеп оқушылары аудандық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Ауылдық округте өткізілген барлық мерекелік  іс-шараларда спорттық ойындардың түрлерінен жарыстар өткізіліп тұрады.

Округ бойынша барлық әскери міндеттілердің саны– 203 адам, оның ішінде офицерлер – 1, әйел азаматтар – 2, барлық әскер қатарына шақырылушылар – 98 адам, 2 шақырылушы әскер қатарына алынды.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер.

Ауылдық округі әкімі аппаратына 2016 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 15 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 15, заңды тұлғалардан – 0. 15 өтініштің 12-сі қанағаттандырылған, 3 өтінішке  жазбаша түсініктеме берілді.