Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес Үлкен-Сұлутөр ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы М.Тенизбаевтың халық алдында есебінен тезистер

Қазақстан Республикасы Президентінің

2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес

Үлкен-Сұлутөр ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы М.Тенизбаевтың халық алдында есебінен

ТЕЗИСТЕР 

Үлкен-Сұлутөр ауылдық округінің аумағы 66804,4 га территорияны құрайды. Округ бойынша халық саны 1594 адамды. 44 шаруа қожалық тіркелген, 1 ЖШС. Экономикалық белсенді тұрғындар саны- 1034 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-812, жұмыспен қамтылғандар-220, жұмыссыздар-2, зейнеткерлер саны-196 адам.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер:

2015 жылы жазбаша 22 өтініштер түскен. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 16 өтініш, 6 заңды тұлғадан түсті. 13-сі қанағаттандырылды, 8-не түсініктеме берілді, 1-н қараудан бас тартылды.

2015 жылы  бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер бойынша:

 2015 жылы ауылдық округі бойынша жер салығы жоспар бойынша 133 000 теңге, орындалғаны 133 706 теңгеге немесе 101 %, мүлік салығы жоспар бойынша 31 000 теңге, орындалғаны 31 796 теңгеге немесе 103 %, көлік салығы жоспар бойынша 1 305 000 теңге 1 476 269 теңгеге немесе 113 %, жеке табыс салығы жоспар бойынша 300 000  теңге, орындалғаны 242 536 теңгеге немесе 81 %-ға.

         «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен бөлінген 1 400 000 теңгеге  Д.Қонаев көшесінің бойына 1328 м. жерге қиыршық құм-шағыл төселінді.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражаттарды мақсатты пайдалану бағытында қоғамдастық кеңеспен бірлесе жұмыс атқарылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 2015 жылы 964600 теңге түрлі мақсаттарға жұмсалған. Оның ішінде:

-мектепке спорттық инвентарлар мен медициналық құралдарға -352700 теңге;

– мүгедек балаларды бейімдеу орталығының мамандарынан мед. ем ж/е психологиялық кеңес алуға онлайн қызметін қолдау арқылы 1 компьютер «SKYPЕ» бағдарламасын видео камерасымен орнатуға- 160 000 теңге;

-әкімшілік ғимаратындағы жылыту жүйесінің жөндеу жұмыстарына- 250000 теңге;

-201900 теңге ауылдық округтің әр түрлі мәселелерін шешуге жұмсалды.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша. «Сұлутөр» ЖШС-нің айналасына 1500 түп терек, 3000 түп қарағаш, 100 түк алма ағаш көшеттері отырғызылып, күтімге алынды. Терек, қарағаш көшеттерін өсіру бойынша  питомник ауылды көк желек көшеттермен толық қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Ауыл тұрғындар да бұл  жұмыстан шет қалмай өз аулаларын тазартып, ауыл тазалығына үлес қосуда. Көктемгі және күзгі екіайлытарында 7 тонна күл-қоқыс шығарылды, 200 түп ағаш әктелінді, 20 түп қураған ағаш кесіліп тұрмысы төмен отбасыларға таратылды. 340 аула күл-қоқыстан тазартылды

Жолдар: 2015 жылдың қазан айында 25 жол белгілері жаңартылды, 4 қауіпті жерлерде қоршаулар орнатылды. Ауылдың ішіндегі көшелерді қыста қардан тазалауды «ST-Agro» ШҚ-басшысы Е.Ермековпен келісім шарт негізінде жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы бойынша:

 Округте 44  шаруа қожалықтары, 1 ЖШС тіркелген. Олар негізінен егін егумен, мал шаруашылығымен айналысуда. Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі егістікпен мал шаруашылығы.

Ауылдық округтің жалпы жер ауданы 66804,4 га, соның ішінде егістік жерлер 7795,5 га, шабындық 1022,2 га, жайылымдар 55034 га құрайды. 2015 жылы 1270 га жерге бидай, 1020 га жерге  арпа егілді. Алынған өнім бидай 23,75 ц/га, арпа 16,3 ц/га айналды.

Бүгінгі күнде мал басының саны: ірі қара 1847 бас, қой-ешкі 19912 бас, жылқы 618 бас, құстар 2500 бас, шошқа 85 бас. Ауылшаруашылық малдардың жұқпалы індеттерге қарсы жұмыстарын 3 малдәрігер мамандары атқарады. Олар керекті жабдықтармен және автокөлігімен қамтамасыз етілген.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Атаулы әлеуметтік көмек және көп балалы отбасыларына берілген мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңын басшылыққа алып аз қамтылған  отбасыларын  анықтап, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек», «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына көмек» тағайындау, жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмысқа тарту жұмыстары  атқарылды. 2015  жылы  1  отбасына  5 адамға 179893  теңге  атаулы  әлеуметтік  көмек көрсетілді. 18   отбасына 18 жасқа дейінгі 49 балаларға арналған жәрдемақы, барлығы 832 800  теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды. 8 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

«Өрлеу» пилоттық  жобасы  бойынша  3  отбасы  қамтылып, 401660 теңге  төленді.

 «Мектепке жол» акциясы аясында жалпы аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына 200 000 теңгеге шаруа қожалық, мекемелер және кәсіпкерлері қолдауымен қайырымдылық көмек көрсетілді.

Денсаулық сақтау саласы.

Ауылда 7-і орындық бір дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, 2015 жылы 487 адам ем қабылдады. Дәрігер мамандармен толық қамтамасыз етілген. Шұғыл медициналық көмек көрсетуге бір көлікпен қамтылған. 2015  жылы ауылдық округі бойынша 23  бала  дүниеге  келіп, 4 адам қайтыс болды.

Жастарды салауатты өмір салтына насихаттау.

14-29 жас аралығындағы жастар саны- 169. Округте спорттық  және өнер үйірмелерінде спортқа баулу және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында 155-ке  жуық баламен жасөспірімдер қамтылған. Облыстық және аудандық жарыстарда мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Ауылдық округінде өткізілген барлық мерекелік іс-шараларда спорттық ойындардың түрлерінен жарыстар өткізілді. Жеңімпаздарға жүлделер табысталды.

Ауылда  әскери міндеттілер барлығы – 214 адам.  Ауған соғысының ардагері – 1 адам, соғыс ардагерінің жесірі – 1 адам.

2015 жылы көктемде 3 азамат, күзде 2 азамат  Қазақстан  Республикасының Қарулы  Күштері қатарына әскери борышын атқаруға шақырылды.