Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Темір Дархан Темірұлы а.о әкімі

Өмірбаян

20160721_174547

Мен, Темир Дархан Темирұлы 1981 жылдың ақпан айының 09 жұлдызында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келдім.  Тұрақты тұратын жерім Жамбыл  облысы,  Қордай  ауданы,  Жамбыл  ауылы,  Набережная  көшесінің № 7 үйі.

1987  жылы  осы  ауылдың  Жамбыл  атындағы  орта  мектебіне 1 сыныпқа барып, 1998 жылы аяқтап шықтым. Сол жылы Бишкек қаласының, Раззаков атындағы Қырғыз техникалық университетіне түсіп, инженер мамандығы бойынша 2003 жылы аяқтадым.  Білімім жоғары. 2003 жылдан бастап 2005 жылдың қараша айына дейін өзі-өзімді әр түрлі жұмыстармен қамтып табыс таптым. Тараз қаласының Әулие-Ата университетіне 2004 жылы сырттай оқуға түсіп 2007 жылы аяқтап шықтым. Академиялық бакалавр дәрежесі бойынша бакалавр-юриспруденция классификациясына ие болдым. 2005 жылдың 1 қарашасында Қордай ауданы әкімі аппаратының қаржы шаруашылық бөліміне жетекші маман болып мемлекеттік лауазымға жұмысқа кірдім. 2011 жылдың 15 тамызында Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалдым. 2013 жылдың тамыз айында сайлау өткізіліп аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде ауылдық округінің әкімі болып тағайындалдым. Үйленбегенмін.