Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


2017 жылға жұмыс жоспары

Қордай ауданы Ардагерлер ұйымының

2017 жылға жұмыс жоспары

 

    Қордай ауылы                                                                                                                                 2017 жыл

 

Іс-шара атауы уақыты орындаушы ескертпе
I   Кезең  міндеттері және негізгі бағыттары
1 Ардагерлер ұйымы Р.К.Б  VII  сьезінің қорытындыларын және оның шешімдерін аудандық, округтік, бастауыш ардагерлер ұйымдарында  басшылыққа  алу және орындау тұрақты Аудандық ардагерлер ұйымының президиумы, округтік, бастауыш ұйымдар  
2 Ардагерлер қатарының бірлігімен топтасқандығын нығайту, ардагерлер қозғалысын дамытудағы оң үрдістерді бекемдеу. Округтік, бастауыш ардагерлер ұйымдарына Кенен ауылдық округінің округтік ардагерлер ұйымының жұмысын тәжірбиелік практикалық топқа қою. тұрақты Ардагерлер ұйымдары аудандық, округтік, бастауыш, цехтік ұйымдар  
3 Қарт адамдардың, зейнеткерлердің неғұрлым көп бөлігін қоғамдық жұмысқа тарту, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан және жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму» атты  Жолдауын іске асыруға ардагерлердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Барлық  ардагерлер  ұйымдары зейнеткерлерді қатарларына тартып, тіркеп ардагерлер ұйымдарының мүшелерін 100-200 ге дейін жеткізсін.Қордай округтік ұйымына 500 дейін қамтамасыз ету. I  жарты жылдық Ардагерлер ұйымдары аудандық, округтік, бастауыш, цехтік  
4 Патриоттық жұмысты жандандыру, жастарға Елін, Отанын сүю, қарттарын қастерлеу бойынша, адамгершілік тәрбие беруді жолға қою. Қазақ халқының дәстүр –  салтын жандандыру, үйрету үшін жастармен дөңгелек столдар, жиындарды жоспарлы түрде ай сайын өткізу. Тұрақты, ай сайын Ардагерлер ұйымдары аудандық, округтік, бастауыш  
5 Ардагерлердің құқықтарын, мүдделері мен қадір-қасиетін қорғау  тұрғысынан аудан, ауыл әкімдіктерімен, мекеме басшыларымен, қоғамдық ұйымдармен, кәсіпкерлермен өзара іс-қимылды жақсарту. Ардагерлер мәселесі бойынша өзекті мәселелерді олардың алдында жиі қойып отыру. Тұрақты, ай сайын Ардагерлер ұйымдары аудандық, округтік, бастауыш  
 

II ҰЙЫМДАСТЫРУ ІС-ШАРАЛАРЫ

 

1 Аудандық Ардагерлер ұйымының  2016 жылғы атқарған  жұмыстары туралы есебін Пленум отырысында тыңдау. ақпан

 

 

 

 

 

Аудандық Ардагерлер кеңесі

 

 

 

 

 
2 Қабілетті, белсенді зейнеткерлерді тарта отырып аудан бойынша ардагерлер ұйымының мүшелерінің санын 5000 адамға дейін жеткізу. Мүшелікке, ауызша, жазбаша және коллектив болып қабылдау жүйесі енгізілсін. Жыл бойы Аудандық, округтік, бастауыш және  цехтік ұйымдар  
3 Ардагерлер ұйымдарының құрылымдарын жаңғырту жұмыстарын одан ары жалғастыру.Ауылдарда, мектептерде, мекемелерде, денсаулық саласында жаңадан бастауыш, цехтік ұйымдар ашу жалғастырылсын.

Қордай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің  жұмысын талқылау.

Жыл бойы

 

 

 

 

 

 

 

 

мамыр

Ардагерлер ұйымдары

 

 

 

 

 

 

 

Кордай аудандық Ардагерлер ұйымы

Қордай ауыл әкімі

 
4 2017 жылы ардагерлер ұйымының 30 жылдығына дайындық және оны мерекелеу жөніндегі іс- шараларды ұйымдастыру мен насихаттау жұмыстары жүргізілсін. Жыл бойы Ұйымдастыру комиссиясы  
5

 

 

 

 

 

 

 

Соғыс және тыл ардагерлеріне, мұқтаж қарт адамдарға көмек көрсету жөнінде аудандық әлеуметтік бөлімінің атқарып жатқан жұмысы  туралы есебі. Шілде

 

 

 

 

 

 

 

Пленум

 

 

 

 

 

 

 

 
6 «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау үшін ережеге сай ардагерлерді сұрыптау жұмысы жалғастырылсын. Маусым айына дейін Барлық деңгейдегі ардагерлер ұйымдары (бастауыш, округтік)  
7 Аудандық және округтік ардагерлер кеңесінің қызметкерлеріне, қосымша табыс немесе спонсорлық жәрдемақы қаржысынан бір  айлық жалақы мөлшерінде:

1)    мемлекеттік мерекелер кезінде сыйықы

2)    емделу, мерей жас,қайтыс болу кезінде көмек көрсету

3)    апаттарға ұшырағанда материалдық көмек көрсету белгіленсін.

I  тоқсан Аудандық кеңес Президиум  
 

III «ЖЕҢІС» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС

 

1 «Өмір желісі» жобасы бойынша жұмысты жалғастыру, дабыл түймелерінің пайдалануына және шұғыл шақыртулар қызметіне тұрақты бақылаулы қамтамасыз ету, жүйе жұмысы туралы жылына екі рет сауал жүргізу.Жобаны одан әрі дамыту туралы ұсыныс енгізу Жыл ішінде Аудандық, округтік, бастауыш кеңестер  
2 Майдангерлердің тұрмыс жағдайына тексеру жүргізу, олардың әлеуметтік карточкаларын облыстық және аудандық Кеңесте шоғырландыру, туындап отырған проблемаларды шешуді  жолға қою, оларды жинақтап, қорытып, атқарушы органдарға жіберу. Жыл бойы Аудандық, округтік, бастауыш кеңестер  
3 Отан қорғаушыларды мәңгі есте қалдыру мақсатында  аудан бойынша  барлық елді мекендерде:

-барлық ескерткіштердің, саябақтардың және гүлзарлардың жай-күйіне тексеру жүргізу, қажет жағдайда оларды жөндеу және жаңарту туралы ұсыныстар енгізу;

-ауданда соғыс және соғыс батырлары туралы кемінде бір кітап пен фильмді шығару.

1 мамырға дейін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жыл ішінде

Барлық деңгейдегі ардагерлер ұйымдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық Ардагерлер  кеңесі

 
4 Жеңістің 72 жылдығына орай барлық елді мекендерде «Еске алу»  вахтасын өткізу, оқушылармен, жастармен дөңгелек столдар, кездесулер өткізу. 1 мамырға дейін Барлық ұйымдар  
 

IV ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ  ТӘРБИЕ  БЕРУ

 

1 Аудандық, округтік және бастауыш ардагерлер ұйымдарының жастармен патриоттық жұмысының ең үздік қойылымына арналған аудандық байқау ұйымдастыру. Қыркүйек Аудандық кеңес  
2 Жастардың қатысуымен ардагерлердің мыналарды қамтитын көпшілік іс-шараларды өткізу:

-елдің барлық оқу орындарының оқушыларымен және студенттерімен ардагерлердің кездесуі;

-қоғамдық мұражайларды пайдалана отырып, мектептер мен елді мекендерде ардагерлердің қатысуымен ерлік сабақтарын өткізу;

Оқу орындарымен бірлесіп, мектеп оқушыларын көптеп тарта отырып барлық ауылдарда  тимурлық  отрядтар ұйымдастырып мұқтаж  ардагерлерге  жаппай көмек көрсету (ауласын тазалау,үйін жөндеуге т.б көмектесу)

Жыл бойы Ардагерлер ұйымдары, колледж мектеп басшылары  
 

V  АРДАГЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

 

1 Ағымдағы жылы соғыс және тыл ардагерлерінің тұрмыс-жағдайларын зерделеу, жалғызілікті тұрмысы нашар отбасыларды анықтау, қажет болған жағдайларда қарттар үйіне орналастыру, жәрдемақы алуларына көмектесу, материалдық көмек көрсету үшін  мұқтаж адамдарды анықтап, тізімін аудандық әлеуметтік бөліміне жіберу. Сәуір Аудандық, округтік, бастауыш кеңестер  
2 Соғыс және тыл ардагерлеріне  материалдық көмек беру үшін соғыс және тыл ардагерлеріне арнап  деректер дайындау және оны  атқарушы органдардан  талап ету. Мамырға дейін Аудандық, округтік, бастауыш кеңестер  
3 Жеңістің 72 жылдығына орай майдангерлерге және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетудің және оларға сыйлықтар тапсырудың тәртібі  туралы ұсыныстар әзірлеп, оны мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік құрылымдарға енгізу Мамырға дейін Барлық деңгейдегі ардагерлер ұйымдары  
4 Мұқтаж, соғыс және тыл ардагерлеріне бір реттік жәрдемақы төлеуге және қайтыс болған жағдайда жерлеуге көмектесу үшін арнайы фонд құрып көмектесу. Жыл ішінде Аудандық Кеңес  
5 Ардагерлерді, бірінші кезекте майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін әлеуметтік қолдаудың дәстүрлі күзгі айлығын өткізуді  жалғастыру. Қазан Барлық деңгейдегі ардагерлер ұйымдары

Ауыл әкімдері

Мекеме басшылары

 
6 Ардагерлердің денсаулық жағдайын саралау, оларды  дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайын зерделеу және орындалуын қадағалау Жыл бойы Ардагерлер ұйымдары  
7 Ардагерлерді медициналық тексеруден өткізу, оларды диспансерлік  қадағалауды ұйымдастыруды,санитарлы-курорттық  емделумен қамтылуын қадағалау. Жыл бойы Ардагерлер ұйымдары  
8 Ардагерлерге медициналық көмек көрсету бойынша  аудандық медициналық мекемелердің атқарып жатқан жұмыстары туралы есебі. Қазан Пленум  
 

VI  ИМИДЖІЛІК ІС-ШАРАЛАР

 

1 Ардагерлер қозғалысын насихаттау мақсатында аудандық БАҚ беттерінде ардагерлер бұрышын ашу, жарияланымдарын шығару жұмыстарын ұйымдастыру Жыл бойы Аудандық Кеңес  
2 Аудандық кеңес және Төре алқасы отырысының қорытындылары туралы ақпаратты үнемі БАҚ беттерінде жариялау Жыл бойы Аудандық Кеңес  
3 Ардагерлердің орталық басылымдары:

«Ардагер айнасы», «Ғұмыр Дария» газеттерінің , «Ветеран и общество» журналына жазылымды кеңес мүшелері арасына 100% қамтуды ұйымдастыру. Осы газет беттерінде аудандағы атқарылып жатқан істер туралы үнемі жариялап тұру.

Жыл бойы Аудандық Кеңес  
4 Ардагерлер қозғалысының  проблемаларына арналған ғылыми-практикалық, танымдық конференциялар, «дөңгелек  үстелдер» сериясын өткізу Жыл ішінде Барлық деңгейдегі кеңестер  

 

 

Аудандық Ардагерлер

ұйымының төрағасы                                                                                                                                             Б.Әлімбет