Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Атқарылған жұмыс туралы

Ақпарат

Қордай ауданында Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиясын, Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңын, «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруымен мүдделі жергілікті атқарушы органдармен, мекемелермен, білім ордаларымен бірлесе аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі айналысады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қордай ауданында 14 пен 29 аралығында 35461 жас бар, бұл бүкіл аудан халқының үштен бір бөлігін құрап отыр.
Ауданымыздағы 4 (2 мемлекеттік, 2 жеке меншік) техникалық және кәсіби орта арнаулы білім мекемелері бар.
138 жас Отан алдындағы әскери борышын өтеуде. Ауданда 16-29 жас аралығыда тіркеуде тұрған мүмкіндігі шектеулі жастар барлығы 207,1 топ мүгедектер – 54, 2 топ мүгедектер-153.
Үстіміздегі жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 145 маманға 25537,0 мың теңге көлемінде, әлеуметтік сала мамандарына, әлеуметтік қолдау мақсатында бір жолғы көтерме қаржы қаралса, тұрғын үй сатып алуға 8 маманға 25452,0 мың теңге (бір маманға 3181,5 мың теңге) қаржы қаралған.
Аталған жоба аясында қажетті мамандықтарға талдау жүргізу нәтижесінде ауданға мәдениет, спорт, мал дәрігері, әлеуметтік сала мамандарының қажеттілігі анықталып отыр.
Қордай ауданы бойынша жергілікті бюджеттен «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына 2016 жылдың 8 айында 66 жас маман жұмысқа тартылып, тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 129.
Ақылы қоғамдық жұмыстар арқылы 2016 жылы 523 жас жұмыспен қамтылды.
2016 жылдың 8 айлық көрсеткіші бойынша қайрылғандар мен кеңес алған 80 жас.
«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында 523 жас жұмыспен қамтылды.
2016 жылдың 8 айлық қорытындысы бойынша ауданда жастардың қатысуымен 62 қылмыс жасалынған.
Қазіргі таңда жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ІІБ қызметкерлерімен бірлесе рейд, кездесу, дәріс оқу сынды көптеген профилактикалық жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде.
Аудан жастары арасында діни экстремизмге қарсы аудандық мешітінің имамымен бірлесе кездесулер, дөңгелек үстелдер, сауалнамалар жүргізіліп отырады.
Ауданымызда жастардың саламатты өмір салтын ұстануға, денсаулығын сақтауға ықпал ету мақсатында жастардың спортпен жүйелі түрде шұғылданатын 46 спорт залдары мен 2 спорт мектептері жұмыс жасауда, аталмыш мекемелерде жасы 14-29 аралығындағы 12685 жас тұрақты түрде спортпен шұғылдануда. Олар 35,7 пайызды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға өсіп отыр.
Осы мақсатта 2016 жылдың 8 айлық қорытындысы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» КММ тарапынан аудан көлемінде 312 іс–шара ұйымдастырылған, сонымен қатар, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ашылған 6 аула клуб өз жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде (Қордай, Кенен, Бетқайнар, Масаншы, Сұлутөр, Қарасай ауылдық округтерінде).
Аула клубтарында 1050-ге жуық жас тұрақты түрде түрлі үйірмелерге қатысуда (шахмат, дойбы, үстел теннисі үйірмелері).
Мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру жыл сайын артуда. Өткен жылы аудандық бюджеттен 30207,0 мың теңге қаржы бөлінсе, биылғы 2016 жылға 34710,0 мың теңге бөлініп отыр.
(Жастар ресурстық орталығының қызметін қамтамасыз етуге 29 млн. 829,0 мың теңге, аудандық деңгейдегі іс – шаралар өткізуге 3 млн. теңге, «Жасыл ел» бағдарламасы 1 млн. 881 мың теңге.)
Жастарға патриоттық тәрбие беру, дарынды жастарды қолдау мақсатында аудан деңгейінде 80 іс – шара ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, жыл басында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді ауыл жастарына түсіндіру мақсатында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты аудандық ақпараттық автокеруені ауылдарды аралап, сарбаздармен кездесті.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ мүдделі мекемелермен бірлесе 2016 жылдың 8 айлық қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді дамыту, дарынды жастарды қолдау, құқықтық жұмыстар, түнгі рейдтер, кездесулер, дөңгелек үстелдер мен семинарлар сынды 189-ке жуық шара ұйымдастырса, оның 123 іс – шарасы ауылдық округтерде ұйымдастырылып өткізілген
Сондай-ақ, «100 мейірімді іс!», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Айналайын» сынды жобалар шеңберінде қоғамдық саяси маңызы бар іс- шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.
Бүгінгі таңда ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу мақсатында барлығы 30 маман (1 директор, 3 сектор басшылары, 6 кеңесші, 1 бас есепші, 19 ауылдық округте 19 жастармен жұмыс жүргізетін мамандар) қызмет атқарады.
Жастарды уақытша жұмысқа тарту мәселесі де жыл санап өсуде. Ауданда «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын жандандыру мақсатында 2015 жылы облыстық трансферттен 2 млн. 351 мың қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың мамыр, маусым айларында абаттандыру жұмыстарына 80 жас жұмысқа тартылды, 2016 жылы облыстық трансферттен 1 млн. 881 мың қаржы бөлінді.
Бүгінгі таңда Қордай ауданында бірінші басшылардың жастар алдында сөз сөйлеуі бойынша аудан әкімі, бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері 15 кездесу өткізіп, жыл соңына дейін жоспарға сай 17 кездесу қалып отыр.
Қордай ауданы әкімдігі жанынан құрылған жастар ісі жөніндегі Кеңес 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес тұрақты түрде кеңес отырыстары өткізілуде. Қазіргі таңда Кеңестің 1 отырысы өтті.
Аудан деңгейіндегі барлық атқарылған іс–шаралар туралы мақалалар 2 тілде, суреттерімен «Қордай шамшырағы», «Кәсіпкер жаршысы» атты аудандық газеттеріне үнемі жарияланып отырады, 2016 жылдың 8 айлық қорытындысы бойынша жалпы жастар туралы жарияланған мақала саны – 95.
Сонымен қатар, ғаламтор желісінде жаңадан «Қордай Жастар ресурстық орталығы» атты электронды поштасы құрылып, ауданда өткен шаралар «Қордай Жастар ресурстық орталығы» электронды поштасына, Вконтакте, инстаграм және Фейсбук сынды әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жариялануда. Бүгінгі күнге 110 мақала әлеуметтік желілерде жарияланып отыр.