Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

            Е-1 санаты бойынша: жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

            1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

E-R-3 санаты үшін: жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық  жалақылары

 

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
 Тенгеден бастап  Тенгеге дейін
E-1 150741 203208
E-R-3 96607 129920

 

            Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Индекс 080500, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, №27,28 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-68, факс: 4-30-12) электрондық почта: akimat_k@mail.ru.

  1. Қордай ауданы әкімінің өнеркәсіп, транспорт, байланыс және экономика, төтенше жағдай, кәсіпкерлік мәселелері бойынша орынбасары (санаты E-1, кадрлық №01-02, 1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Аудан экономикасын, қаржылық, салық, коммуналдық меншік, мемлекеттік сатып алу, өнеркәсіп, сауда, көлік, байланыс, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен отын-энергетикалық кешенін дамыту, төтенше жағдайлар, еңбекті қорғау, құқық қорғау және инфляция,  кіші және орта кәсіпкерліктің өсуі мен дамуы мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Бекітілген сала бойынша жоғарғы органдардың актілерін, мемлекеттік бағдарламаларын, аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін бақылау және орындалуын қамтамасыз ету.

Қарамағындағы бөлімдердің, қызметкерлердің жұмысын үйлестіре, ұйымдастыра білу, құқық қорғау органдары және барлық меншік нысандағы кәсіпорындар, өтын-энергетикалық, көлік, байланыс, құрылыс мекемелерімен  өзара қарым-қатынас жасау. Заңды және жеке тұлғаларды өтініш тілектері мен арыз-шағымдары бойынша қабылдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласында

Мамандығы – Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық саясат және жоспарлау, экономиканың базалық салаларын дамыту және әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі (уақытша, негізгі қызметкердің балаға күтім жасау мерзіміне) (санаты E-R-3, кадрлық №01-06, 1 бірлік).

                 Функционалдық міндеттері: Экономикалық бағдарламалар, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді  жоспарларды әзірлеуге қатысу, сол мәселе бойынша аудан әкімдігіне және Мәслихат кеңестеріне құжаттар әзірлеу. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жылдық, тоқсандық есептерді және мәліметті дайындау. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша баяндамасына мәлімет дайындау. Дербес бөлімдердің рейтингтік бағалау көрсеткіштерін дайындау, аудан әкімінің рейтинтік бағалауын талдау.

Сектор қызметінің барлық бағыттарындағы жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру. Сектор жұмысын жоспарлау және жоспарланған жұмыстардың орындалуын қадағалау.  Сектор құзыретіндегі сұрақтар бойынша ҚР Үкіметінің Қаулылырының, ҚР Президентінің Жарлықтарын, Шешімдердің, Үкімдердің, Қаулылардың,  облыс және аудан әкімінің өкімдерінің орындалуын  және орындалу туралы мәліметті мерзімінде тапсырылуын қадағалау.         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы – Қаржы немесе экономика.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы                29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы  жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген  мекен жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106 мекен жайда орналасқан Қордай ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

Аудан әкімі                                                           Қ.Досаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж.Дадабаева , ( 8 /72636/ 2-11-68, 4-30-12