Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру (13.09.2016 жыл)

Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру (13.09.2016 жыл)

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

            -E-2 санаты бойынша: жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

  • мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
  • жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
    -E-3 санаты бойынша: жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық  жалақылары

 

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
 Тенгеден бастап  Тенгеге дейін
E-2 134917 182388
E-3 102437 138248

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

 

080400,Қордай ауданы,Қордай ауылы, Төле би көшесі №106 (2 қабат, 27,28 кабинет),

анықтама үшін телефон/факс:8 (72636)2-11-68, 4-30-12 (akimat_k@mail.ru)

 

  1. Қордай ауданы әкімінің аппарат басшысы 1 бірлік Е-2 санаты, (№01-05)

            Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппаратының, аудандық әкімдіктің жұмысын ұйымдастыруды және кадр саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету. Әкімдіктің және әкімнің қарауына енгізілетін жобалар мен актілердің әкімдік Регламентімен белгіленген тәртіппен өтуін және бекітілуін қамтамасыз ету. ҚР Заңдарын, Үкімет Қаулыларын, облыс, аудан әкімідерінің және әкімдіктерінің нормативтік-құқықтық актілерін орындалуын бақылау. Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, аудан әкімідігі бөлімдері мен ауылдық округ әкімдерінің  жұмысын үйлестіру. Заңды және жеке тұлғаларды өтініш тілектері мен арыз-шағымдары бойынша қабылдау

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе  әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе құқық саласындағы немесе ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы жоғары. Мамандығы – Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы), гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе  экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас инспекторы 1 бірлік, Е-3-санаты, (№01-06-04)

            Функционалдық міндеттері: Мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру салаларына, қорғаныс, спорт және туризм,  ішкі саясат, жастар саясатына, аудан экономикасын, қаржылық, салық, коммуналдық меншік, мемлекеттік сатып алу,еңбекті қорғау құқық қорғау және инфляция  салаларына байланысты мәселелерін талдап, баяндамалар, анықтамалар дайындығын, аймақтық бағдарламалардың әр тармағы бойынша көрсетілген жұмыс жоспарларының мерзімінде орындалуын қаматамасыз ету. Ауданның әлеуметтік  жағдайына сараптама жасайды, тиісті ақпаратты-аналитикалық құжаттарды әзірлеу. Бекітілген мәселелер бойынша жоғарғы органдардың актілерін, мемлекеттік бағдарламаларын, аудан әкімінің актілерін бақылау және орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы және әкімдігі бөлімдерінің жұмыс жоспарларын және олардың мерзімінде орындалуын қадағалау. Аудан әкімінің жұмыс сапарларында және аудандық кеңестер мен мәжілістерде берген тапсырмаларының орындалуын бақылау және ай сайын тиісті ақпараттар әзірлеу. Аудан әкімі өткізетін аппараттық кеңестердің,  республикалық, облыстық селекторлық кеңеске материалдар дайындау, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау және апта сайын тиісті ақпараттар дайындау. Аудан әкімінің халық алдындағы және мәслихат алдындағы есептері туралы мәліметтерді жинақтап қорытындылау, оларда айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша іс-шаралар дайындау, олардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру. Әлеуметтік сала бойынша әкімдік мәжілісінде қаралатын сұрақтарды дайындау және әкімдік мәжілісіне ұсыну. Аудан әкімдігі бөлімдерінің жұмысын үйлестіре,  ұйымдастыра білу, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру салаларына, қорғаныс, спорт және туризм, ішкі саясат, жастар саясатына,аудан экономикасын, қаржылық, салық, коммуналдық меншік, мемлекеттік сатып алу,еңбекті қорғау құқық қорғау және инфляциясалаларына байланысты мәселелерін талдап, баяндамалар, анықтамалар дайындығын, аймақтық бағдарламалардың әр тармағы бойынша көрсетілген жұмыс жоспарларының мерзімінде орындалуын қаматамасыз ету. Барлық меншік нысандағы кәсіпорындарымен өзара  қарым-қатынас жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық саласында.  Мамандығы – гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе журналистика немесе қоғамдық байланыс немесе ауылшаруашылық ғылымдар (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе құқық  саласында (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы  жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген  мекен жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106 мекен жайда орналасқан Қордай ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.