Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Хабарландырудың мәтіні үшін дербес жауапкершілік

персоналды басқару қызметінде

Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

 Е-3 санаты бойынша: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5,               Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

E-R-3 санаты бойынша: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6,             C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

        E-G-3 санаты бойынша: жоғары білім;

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

        Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық  жалақылары

 

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
 Тенгеден бастап  Тенгеге дейін
Е-3 102 437 138 248
E-R-3 96 607 129 920
E-G-3 69 957 94 109

 

            Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Индекс 080500, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, №27,28 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-68, факс: 4-30-12) электрондық почта: akimat_k@mail.ru.

 

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас инспекторы 1 бірлік, Е-3-санаты, (№01-06-04)

            Функционалдық міндеттері: Мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру салаларына, қорғаныс, спорт және туризм,  ішкі саясат, жастар саясатына, аудан экономикасын, қаржылық, салық, коммуналдық меншік, мемлекеттік сатып алу,еңбекті қорғау құқық қорғау және инфляция  салаларына байланысты мәселелерін талдап, баяндамалар, анықтамалар дайындығын, аймақтық бағдарламалардың әр тармағы бойынша көрсетілген жұмыс жоспарларының мерзімінде орындалуын қаматамасыз ету. Ауданның әлеуметтік  жағдайына сараптама жасайды, тиісті ақпаратты-аналитикалық құжаттарды әзірлеу. Бекітілген мәселелер бойынша жоғарғы органдардың актілерін, мемлекеттік бағдарламаларын, аудан әкімінің актілерін бақылау және орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы және әкімдігі бөлімдерінің жұмыс жоспарларын және олардың мерзімінде орындалуын қадағалау. Аудан әкімінің жұмыс сапарларында және аудандық кеңестер мен мәжілістерде берген тапсырмаларының орындалуын бақылау және ай сайын тиісті ақпараттар әзірлеу. Аудан әкімі өткізетін аппараттық кеңестердің,  республикалық, облыстық селекторлық кеңеске материалдар дайындау, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау және апта сайын тиісті ақпараттар дайындау. Аудан әкімінің халық алдындағы және мәслихат алдындағы есептері туралы мәліметтерді жинақтап қорытындылау, оларда айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша іс-шаралар дайындау, олардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру. Әлеуметтік сала бойынша әкімдік мәжілісінде қаралатын сұрақтарды дайындау және әкімдік мәжілісіне ұсыну. Аудан әкімдігі бөлімдерінің жұмысын үйлестіре,  ұйымдастыра білу, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру салаларына, қорғаныс, спорт және туризм, ішкі саясат, жастар саясатына,аудан экономикасын, қаржылық, салық, коммуналдық меншік, мемлекеттік сатып алу,еңбекті қорғау құқық қорғау және инфляциясалаларына байланысты мәселелерін талдап, баяндамалар, анықтамалар дайындығын, аймақтық бағдарламалардың әр тармағы бойынша көрсетілген жұмыс жоспарларының мерзімінде орындалуын қаматамасыз ету. Барлық меншік нысандағы кәсіпорындарымен өзара  қарым-қатынас жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық саласында.  Мамандығы – гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе журналистика немесе қоғамдық байланыс немесе ауылшаруашылық ғылымдар (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе құқық  саласында (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімінің қаржыландыру, бухгалтерлік есеп секторының меңгерушісі E-R-3 санаты, 1 бірлік №01-03-01

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп-қисапқа қатысты, ауыл округі әкімінің шешімдері мен өкімдері бойынша шаралар қабылдайды. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің штаттық кестесі мен әкімшілік басқару шығыстарының сметасының тура сақталуының шарасын  жасайды.  Бухгалтерлік құжаттарды, кассалық және материалдық есептерді қосымшаларымен бірге сақталуына жауап береді.

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы.

Мамандығы – Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімінің әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі 1 бірлік E-R-3 санаты, № 01-04-01

Функционалдық міндеттері: Атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы, тұрғын үй жәрдемақысы дұрыстығын бақылау. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» Заңдарының дұрыс орындалуын қадағалау.     

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар

Мамандығы – Экономика немесе құқықтану немесе әлеуметтік жұмыс немесе автоматтандыру және басқару.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. 4. Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-02.

            Функционалдық міндеттері: Іс қағазын жүргізу, нотариат іс-әрекеттерін орындау, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-әскери-есеп столының инспекторы E-G- 3 санаты, 2 бірлік №01-11, №01-12.

Функционалдық міндеттері: Әскери міндеттілердің есебін жүргізеді. Әскери қызмет жалпы әскери міндеттілік сұрақтарының орындалуын қамтамасыз етеді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман ветеринары E-G-3 санаты, 1 бірлік №01-10.

Функционалдық міндеттері: Округке қарасты елді мекендерде жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспарын бекітілген мерзімінде орындау, ветеринариялық препараттардың талапқа сай сақталуын, профилактикалық жұмыстардың сапалы жүргізілуін және толық  мал басының қамтылуын ұйымдастыру. Округ аймақтарында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу, компютерлік базаға енгізу, жануарларға паспорт беріп, емделгендігі жөнінде толтыру. Округ аймақтарында жануарлардың энзоотиялық аурулары тіркелген жағдайда аумағын анықтап толық мәліметтер беру, оның профилактикасы, диагностикасы және жою бойынша жүргізілетін іс-шараларды жүзеге асыру, сатылатын, сатып алынатын ауылшаруашылығы жануарларын тіркеу, карантинде ұстау, сондай-ақ жануарларды сою алаңдарында сояр алдында ветеринариялық тексеру жүргізу, сойған жануарлардың ұшалары мен ішкі ағзаларын тексеріп қарауды және ветеринариялық анықтама беруді, ветеринариялық заңнамаға  сәйкес мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) күтіп ұстау, елді мекендерде мал жаятын орындарды айқындау, санитрлық тазалықты сақтау, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыру, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құжаттарын дайындау, ветеринариялық іс-шаралардың есебін жүргізіп, ветеринария саласындағы заңнамаларына сәйкес аудан әкімдігінің ветеринария бөліміне тапсырады.               Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. 7. Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман–бухгалтері E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-09.

            Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі аппаратының  әкімшілік – басқармалық сметаларын және штаттықы кестесін дұрыс сақтау бойынша, белгіленген уақытқа сәйкес жылдық және айлық бухгалтерлік есептерді сақтайды және жүйелік дайындықтар мен жол сапар қағаздарын дайындайды. Жалақы бөлумен айналысады, зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жөнінде операцияларды, банкке құжаттар дайындап, кассалық операциялар мен басқа ұйымдармен расчеттар бойынша операция жүргізеді.

Бухгалтерлік құжаттарға, кассалық және материалдық шоттарына, бухгалтерия жұмыстарының сапалы және уақтылы орындалуына және оның жоғарғы деген орындалуына, кассалық кітаптарға, мемлекеттік қызметкерлердің тұлғалық шоттарына, жұмысшылар және сала қызметкерлерінің айналым ведомостің жүргізуге жауап береді. Бухгалтерлік есеп-қисапқа қатысты, ауыл округі әкімінің шешімдері мен өкімдері бойынша шаралар қабылдайды. Бухгалтерлік құжаттарды, кассалық және материалдық есептерді қосымшаларымен бірге сақталуына жауап береді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы – Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. 8. Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-04

            Функционалдық міндеттері: Іс қағазын және мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын жүргізу. Нотариат іс-әрекеттерін орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. 9. Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепші кассирі  E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-07

Функционалдық міндеттері: Салық  есебін  жүргізеді,  салық  және   міндетті  төлемдерді жинайды.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. 10. Бетқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы E-G-3 санаты, 1 бірлік №01-07

Функционалдық міндеттері: Іс қағазын және мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын жүргізу. Нотариат іс-әрекеттерін орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы             29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы  жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген  мекен жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106 мекен жайда орналасқан Қордай ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

24.11.2016 жыл