Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

         Е-3 санаты бойынша: жоғары білім;

*1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

         Е-R-2 санаты бойынша: жоғары білім;

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
E-R-3 санаты бойынша: жоғары білім;

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
        

Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық  жалақылары

 

Санаты

 

 

Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
 Тенгеден бастап  Тенгеге дейін
E-3 102437 138248
E-R-2 127422 172394
E-R-3 96607 129920

 

         Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Индекс 080500, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, №27,28 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-68, факс: 4-30-12) электрондық почта: akimat_k@mail.ru.

 

  1. Қордай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмысы бөлімшесінің басшысы (санаты E-3, кадрлық №01-07-01, 1 бірлік).

         Функционалдық міндеттері: ҚР Президенті мен Үкіметі актілерін орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Аудан әкімдігінің қаулылары, аудан әкімінің шешімдері, өкімдері жобаларын әзірлеу кезінде құқықтық кеңес беру және заңнама талаптарына сәйкестендіру. Бөлімшенің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы және аумақтық органдардан қажетті материалдарды алдыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссия отырысына тиісті құжаттар әзірлеу, жұмысын үйлестіру және хатшылығын қоса атқару. Қордай ауданы әкімдігі туралы жағымсыз материалдар бұқаралық ақпарат құралдарына шыққан жағдайда зерделеу. Аудандағы атқарушы орган басшыларының заңнамаға сәйкес өздері атқарып отырған жұмысы туралы есептерін, бөлімшедегі кіріс және шығыс хаттардың орындалуына ішкі бақылау жүргізуді ұйымдастыру. Бөлімшенің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ҚР Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру. Аймақтық бағдарламалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Бөлімшенің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жоғарғы органдарға ұсынылатын жедел ақпараттың мезімінде орындалуын үйлестіру. Ауылдық округ әкімдері аппараттары, аудан әкімдігі бөлімдері, аудандық Әділет басқармасы, прокуратура, ішкі істер бөлімі, кеден қызметі және сот жүйелерімен тығыз қарым-қатынас жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Құқық саласындағы.

Мамандығы – Құқық саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі басшысының орынбасары (санаты E-R-2, кадрлық №01-02, 1 бірлік).

                Функционалдық міндеттері: Бөлім басшысы жоқ кезде уақытша міндетін атқарады. Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастырады, ветеринариялық бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізеді. ҚР заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалар лицензия алу үшін облысқа ұсыныс береді. Жануарлардың эпизоотиялық ауруларының алдын алу,   диагностикасы және жою бойынша жүргізілетін  ветеринариялық – санитариялық  іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды. Ветеринариялық   заңнамалардың орындалуы жөнінде анықтамалық  талдау материалдарын дайындайды. Мал өнімдері мен шикізаттарды дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін және өткеретін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілерді тексеру. Эпизоотияға қарсы  іс шаралардың сапалы, әрі уақытылы орындалуын бақылау, малдардың аса қауіпті ауру ошақтарын жою жұмыстарынтиісті деңгейде орындалуына бақылау жасайды.Бекітілген ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалуын қадағалайды. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды,ветеринариялық талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды, мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді, ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын,  ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну, ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру және жүргізуі тиіс.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Ветеринария саласындағы

Мамандығы – Ветеринария саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қаржыландыру, бухгалтерлік есеп секторының меңгерушісі (санаты E-R-3, кадрлық №01-03-01, 1 бірлік).

         Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп-қисапқа қатысты, ауыл округі әкімінің шешімдері мен өкімдері бойынша шаралар қабылдайды.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің штаттық кестесі мен әкімшілік басқару шығыстарының сметасының тура сақталуының шарасын  жасайды. Бухгалтерлік құжаттарды, кассалық және материалдық есептерді қосымшаларымен бірге сақталуына жауап береді.  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы – Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының                       2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы  жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген  мекен жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106 мекен жайда орналасқан Қордай ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

Аудан әкімі                                                 Қ.Досаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж.Дадабаева , ( 8 /72636/ 2-11-68, 4-30-12