Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай ауданы бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау туралы хабарлама (12.08.2016 ж.)

Қордай ауданы бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау туралы хабарлама (12.08.2016 ж.)

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

            -E-4 санаты үшін: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

            -E-R-4 санаты үшін: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы
теңгеден теңгеге дейін
E-4 77452 104935
E-R-4 73288 99106

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

 

080400,Қордай ауданы,Қордай ауылы, Төле би көшесі №106 (2 қабат, 27,28 кабинет),

анықтама үшін телефон/факс:8 (72636)2-11-68, 4-30-12(akimat_k@mail.ru)

           

           

  1. Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы Е-4 – санаты, 1 бірлік № 01-08-02

            Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен наградталатындарға, «Алтын-Алқа», «Күміс-Алқа» наградаларына, облыс, аудан әкімдерінің және аудандық мәслихаттың «Құрмет грамотасымен», құттықтау хаттарымен марапатталатындардың құжаттарының дұрыс рәсімделуі мен есебін жүргізуге және «Ауданның құрметті» азаматы атағын беру жөніндегі комиссия жұмысын жүргізуге жауапты. Аттестациялық комиссияға байланысты құжаттарды рәсімдейді және дұрыс   жүргізілуіне жауапты. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерге еңбек өтілін есептеу комиссия жұмысының жүргізілуіне жауапты. Аудан әкімі аппараты, аудан әкімдігі бөлімдері, ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлерінің тиімділігін бағалау бойынша жұмыстар жүргізу. Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің жылдық еңбек демалысына шығу графигін жасау және қызметкерлердің туған күндерінің мерзімінде аталып өтуін қадағалау. Аудан әкімінің қызметкерлерді жұмысқа алу, босату, еңбек демалысына жіберу туралы және басқа да өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау. Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің, ауылдық округ әкімдерінің және аудан әкімдігіне қарасты бөлім қызметкерлерін оқытуды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру. Аудан деңгейінде мемлекеттік қызметкерлердің білімін көтеру курстарын ұйымдастыру.

Бөлімнің тоқсандық жұмыс жоспарларын дайындау және орындалуын бақылау. Ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орындарындағы тәртіп пен тазалықты ретке келтіруді бақылау.

Аудан әкімдігі бөлімдері мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының   жұмыстарын үйлестіру. Өзінің функионалдық міндетіне сәйкес бөлімге түскен арыз-шағымдармен жұмыс жүргізу.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – Гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдар саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары. Мамандығы – Гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе журналистика немесе қоғамдық байланыс немесе ауылшаруашылық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе  құқық саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы).

            Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің бас маманы Е-4 – санаты, 1 бірлік № 01-07-02

            Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппаратында дайындалатын құжаттардың ҚР Заңдарына сәйкестігін қамтамасыз ету, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, әкімдігі қаулыларының заңдылығына жауапты және тіркеуге жататын нормативтік құжаттарды сараптамадан өткізу және Әділет органына тіркеуге ұсыну. ҚР сот мекемелерінде аудан әкімдігінің, аудан әкімінің, оның аппаратының өкілі болып табылады. Аудандағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі комиссия отырысына құжаттар әзірлеп дайындау, комиссияның хатшысы міндетін атқару және белгіленген іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкідері шығарған шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары шығарған бұйрықтардың заңдылығына, дұрыс рәсімделгеніне бақылау жасау. Құқықтық сұрақтар бойынша аудан әкімі аппаратының, аудан әкімдігінің бөлімдерінің, ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлеріне кеңес беру. Айналысатын мәселелері бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкідері, аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау. Ауданнан таңдалатын алқабике кадидаттарының тізімін жасайды.   

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – Құқық саласындағы. Мамандығы – Құқық саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. 3. Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы E-R-4 cанаты 1 бірлік №01-02

            Функционалдық міндеттері: «Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қордай ауданы аумағында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың іске асырылуын талдау, мониторинг жүргізу және ақпарат дайындау;

– аудан аумағында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған, «Бизнестің жол картасы 2020», «Өнімділік – 2020, «Инвестор – 2020», «Экспорт – 2020»   (бұдан әрі – Бағдарламалар)  жүзеге асыру  байланысты  қызметті  жүзеге асыру, бағдарламалар аясында кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай және қаржылай емес қолдау көрсету шараларын жүзеге асыру;

– аудан аумағында шағын және орта бизнестін субъектілерін дамыту бойынша тұракты түрде мониторинг жүргізу және инвестициялар тарту мәселесін қадағалау;

– аймақтағы өнеркәсіп кәсіпорындары туралы мәліметтер базасын жаңартып отыру, кәсіпорындардың ай сайынғы атқарылған жұмыстары туралы мәліметтер, ақпараттар дайындап оларға талдау жүргізу;

– өнеркәсіп бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, материалдар (талдау, ұсыныстар, ақпараттар, анықтамалар, және басқа) дайындау;

– ақпараттар мен есептердің уақтылы әзірленуін және олардың дер кезінде жіберілуін қамтамасыз ету, белгіленген тәртіпте келіп түскен азаматтардың арыздары мен өтініштерін қарау;

– бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудаң әкімдігінің қарауына аймақтағы өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметі бойынша материалдар (талдау, ұсыныстар, ақпараттар, анықтамалар және басқа) дайындау;

Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулылары мен тапсырмалары, Премьер Министрдің, Қазақстан Ресубликасының Үкіметі мен министрліктерінің қаулылары мен жарлықтарын, кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі әкімдік қаулыларын, облыс пен аудан әкімдерінің шешімдері мен жарлықтарын орындау барысын бақылауды және тексеруді жүзеге асырады;

Аймақтың өнеркәсіп кәсіпорындарына ұйымдастыру-практикалық, әдістемелік, консультативтік, ақпараттық қолдау көрсету, кәсіпорындардың қызметін үйлестіру, олардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

– аймақтағы өнеркәсіп кәсіпорындарымен өзара байланысты қамтамасыз ету;

– түрлі қоғамдық шаралар: «дөңгелек үстелдер», семинар-кеңестер, тренингтер, конкурстар, көрмелер және басқа шараларды өткізу;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы – Экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе әлемдік экономика немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы немесе жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы немесе азық – түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы немесе пайдалы қазбаларды байыту немесе электр энергетикасы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  • 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
  • бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) № 086У нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  • конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

            Сертификат алу үшін келесі тестілеу бағдарламасы қарастырылған:

E-4,  E-R-4   санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясын, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге, мемлекеттік тілді білуге арналған тестілерді қамтиды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (27, 28 -кабинет) мекен-жайында орналасқан Қордай ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

Ж.Дадабаева , ( 8 /72636/ 2-11-68, 4-30-12