home
home home

«НАУҚАС САНЫ АЗАЙДЫ, БІРАҚ ЖАҒДАЙЫ АУЫР ПАЦИЕНТ КӨП» – Л. ЕРАЛИЕВА

Бүгінде науқас саны азайды, бірақ ауруханалардағыжағдайы ауыр пациентқатары өсуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева мәлімдеді.

«Коронавирус инфекциясы созылмалы ауруларды асқындырады және оның ағзаға салдары ауыр. Біз COVID-19 туралы көп нәрсе білеміз, бірақ болашақта SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа әсері де байқалуы мүмкін», – деп санайды Л.Ералиева.
SARS-CoV-2 коронавирусы суық және жылы мезгілге де төзімді, сондықтан ауру тіркелгенде инфекциялық қауіпсіздік шараларын сақтауды жалғастыру керек – маска кию, арақашықтық сақтау, қолды жиі жуу.

«SARS-CoV-2 коронавирусы тұмау вирусы сияқты мутацияға ұшырайды. Егер біз тұмауға қарсы вакцинаны мысал ретінде алсақ, онда өндірушілер әр 6 ай сайын вакциналардың құрамын уақытқа және аймаққа қарай тұмау штаммына байланысты өзгертеді.Егер SARS-CoV-2 вирусы маусымдық вирустар санатына ауысса, онда өндірушілер эпидемиологиялық белсенді штаммға байланысты Оңтүстік жарты шарда немесе Солтүстік жарты шарда вакцина құрамын өзгертеді», – деді ҚР ДСМ фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Л. Ералиеваның айтуынша, мутация жылдамдығы үнемі өзгеріп отырады және жаңа дәрі-дәрмек пен вакциналардың қаншалықты тез пайда болуына байланысты. Сондықтан мүмкіндігінше адамдар тезірек егу салдыру керек.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.