home
home home

Округте жаңа жоспарлар көп  

 

Ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есепті кездесулері жалғасуда. Жамбыл ауылдық округінің әкімі Айдар Бірімқұлов округ құрамына кіретін Жаңатұрмыс ауылында тұрғындармен кездесті. Бір жыл бойы атқарған тындырымды тірліктерін халық назарына ұсынған ауыл әкімі тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға да жауап берді.

 

Былтырғы жыл жамбылдықтар үшін жемісті болды десек артық айтқандық емес. Мысалы, 2020 жылы ауылдық округ бойынша бюджеттің кіріс бөлігі жоспардағы 11285,0 мың теңгенің 12284,3 мың теңгесі жиналып, 108,9%-ға артығымен орындалған. Осының арқасында округ бюджеті толығып, биылғы шығындарды өтеуге көмегін тигізері анық.

Былтыр округ бюджеті көше жарығының электр энергиясына, Жамбыл ауылындағы Жетісу, М.Елизаров, Ақбұлақ көшелерінің электр желілерін ауыстыуға, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына және санитариылық қызметтерге, жолдарды күтіп ұсауға және тағы басқасына жұмсалды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Жаңатұрмыс ауылы Т.Рысқұлов көшесіне, Т.Рысқұлов көшесінен Қабылбек көшесіне дейінгі қосалқы көшелерге жарықтандыру орнатылды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Жамбыл ауылының Жамбыл, Желтоқсан, Жетісу, Ақбұлақ, Аққайнар, Қосқұдық, Мәдениет және Жаңатұрмыс ауылындағы Т.Рысқұлов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Округтегі пилоттық жобаның арқасында ауыл тұрғындарының табысы артып, жаңа шаруа қожалықтар, кәсіпкерлер саны өсті. Ауылдың Атымтай жомарт азаматтарының көмегімен өрт салдарынан зардап шеккен 2 отбасының үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кезек сұрақ-жауапқа жеткенде тұрғындар ауылдағы электр қуатының нашарлығы, ауыз су мәселесі, жастарға спортпен шұғылданатын алаң құрылысы, көшелерді жөндеу сынды сұрақтар қойылды. Айдар Бірімқұлов әр сұраққа жауабын беріп, биылғы жоспарлармен бөлісті.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.