home
home home

Вакцинадан кейін бірден немесе кейінірек жағымсыз реакциялар немесе асқынулар болған жағдайда, оған нақты кім жауап береді? Науқастар шағыммен қайда жүгіне алады?

Вакцинаны қолдануға тән жағымсыз көріністер көбінесе жеңіл немесе орташа айқындылық дәрежесінде болады, мұндай жағдай вакцинациядан кейінгі бірінші-екінші тәулікте дамуы мүмкін және 3 күнге дейін бұл қалыпты болып табылады.

Көбінесе қысқа мерзімді жалпы (қалтырау, дене температурасының жоғарылауымен сипатталатын қысқа тұмау тәрізді синдром, артралгия, миалгия, астения, жалпы әлсіздік, бас ауруы) және жергілікті (инъекция орнындағы ауырсыну, гиперемия, ісіну) реакциялар дамуы мүмкін.

Күрделі ИКҚК дамыған кезде денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерін тарта отырып, ИКҚК жөніндегі сараптама комиссиясы құрылады. ИКҚК-нің әрбір жағдайы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-169/2020 «Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер жағдайларын тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу және олардың есептілігін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес тіркелуге, есепке алынуға және тергеп-тексерілуге жатады.

ИКҚК тіркелген жағдайда тергеу жүргізіледі. Егер вакцинациямен (енгізу техникасын бұзу, вакциналарды сақтау және тасымалдау талаптарын бұзу) байланысты жағдай анықталса, жауапты адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.