home
home home

жұмыс сапары Адалдық үшін жұмыла күресу керек

 

Осы аптада ауданға жұмыс сапарымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев, облыстық  білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Дамеш Ускумбаева және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Назима Жувандикова келіп, бірнеше іс-шараларға қатысты.

 

Аудандық жастар ресурстық орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйытқы болуымен «Адалдық елшілері» жобасының белсенді жастарымен ашық кездесу өтті.  «Адалдық елшілері» – былтыр «Қордай – адалдық алаңы» жобалық  кеңсесі аясында ауданға қарасты барлық ауылдардың ерікті жастарынан құрылған болатын. Адалдық құндылығын қалыптастыруға бағытталған кездесудің мақсаты –  қоғамда ашықтық пен әділдікті насихаттаудың үздік жолдарын қарастыру, жобалық кеңсенің жұмысын белгіленген межемен жүргізу бойынша бірқатар ұсыныс, пікірлер алмасу және аталмыш жоба мүшелерімен жұмыс жайын талқылау.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.