Жамбылская областьКордайский районОфициальный интернет-ресурс акимата района


Орталықтың директоры

 

 

Сейдекеш Оразқұл Мүсрепбекұлы, 1956жылы 19 сәуірде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Алға ауылында дүниеге келді. 1963-1970 жылдар аралығында Алға ауылындағы Фурманов атындағы сегізжылдық мектептің оқушысы, ал 1971-1973 жылдар аралығында Қордай ауылы, Абай атындағы орта мектебінің оқушысы. 1973 жылы Қырғыз ССР-і, Фрунзе қаласындағы Фрунзелік политехникалық институтына түсіп, 1978 жылы аталған институтты аяқтап, инженер-құрылысшы мамандығын алып шықты. 1978 жылдан 1982 жылы аралығына «Талдыкургансельстрой» трестісі, Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы Сарыозек жылжымалы механикаландырылған колонкасының (ПМК-2301) құрылыс шебері, құрылыс жұмысын басқарушысы болып қызмет атқардым. 1982-1987 жылдары аралығында Талдықорған облысы, Кербұлақ аудандық атқарушы комитетінде бас сәулетші, 1987-1989 жылдары Кербұлақ аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1989-1990 жылдары аралығында Кербұлақ аудандық атқарушы комитетінде хатшы, төрағаның орынбасары болып қызмет атқардым. 1990-1991 жылдары Жамбыл облыстық сәулет-құрылыс басқармасында Қордай ауданы бойынша бақылау инспекциясының инспекторы қызметінде істеді. 1991-1993 жылдары аралығында Қордай аудандық әкімшілігіндереферент-көмекшісі, бас референт болып қызмет атқардым. 1993-1997 жылдары Жамбыл облыстық жерге орналастыру және жер қатынастары комитетінің Қордай аудандық жер қатынастары бөлімінің төрағасы, ал 1997-2006жылдары аралығында Қордай аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі бөлімнің басшысы, өкімі, төрағасы қызметінде болдым. 2006-2014 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі, басшысы қызметін атқардым. 2014-2017 жылдары «Жерұйық» шаруа қожалығында қаржы менеджері болып істеді. 2017 жылдың сәуірінен қазан айының аралығында Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде статист маманы қызметін атқарды. 2017 жылдың қазан айынан Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры болып тағаындалды.  

Үйленген, жұбайым зейнетте, 5 бала тәрбиелеуде.