Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру 21.02.2018 жыл

Хабарландыру мәтініне

Персоналды басқару қызметі жауапты

Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

            E-G-1 санаты бойынша: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, Е-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, Е-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-R-5, Е-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5)жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

            E-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

      E-G-3 санаты бойынша: жоғары білім;

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

        Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық  жалақылары

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
 Тенгеден бастап  Тенгеге дейін
E-R-4 73288 99106
E-G-1 122425 164899
E-G-3 69957 94109

            Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 1 қабат, №4,5 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-68, факс: 4-30-12) электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.

  1. Қордай ауданы Отар ауылдық округі әкімінің орынбасары E-G-1 санаты,  1 бірлік № 01-02.

Функционалдық міндеттері: Қоғамдық – саяси  мәселелерімен айналысады. Ауылдық  округі  әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады, әкімнің  жұмыста жоқ  кезінде  міндетін  атқарады.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маман бухгалтері E-R-4 cанаты 1 бірлік №01-05.

            Функционалдық міндеттері: Қаражаттық  қызметті бақылау. Бухгалтерлік  есеп  пен   есептілікті  дамыту және жетілдіру,  төлемақы  құжаттарын ресімдеу және  тіркеу, бюджеттен  қаражатты  аудару үшін жинақтау рұқсаттарды  тіркеу  және ресімдеу, кіріс  түсімдерді есептеу, басқа ұйымдармен есептер бойынша операция жүргізу.  Бухгалтерлік құжаттарға , кассалық және материалдық шоттарына, бухгалтерия жұмыстарының сапалы және уақытылы  орындалуына  және оның жоғарғы деген орындалуына, жауап береді. Аналитикалық есеп жүргізу, есептегі қалдықтарды бақылау, жинақ қаржыландыру жоспарының төлемдер мен міндеттемелерін орындалуына  есеп беру. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша мәжілістерге, жиналыстарға материалдарды дайындаумен айналысады.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі не орта техникалық немесе кәсіптік. Мамандығы: Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің балаға күтім жасау мерзіміне 25.04.2018 жылға дейін) E-R-4 cанаты 1 бірлік №01-02.

                Функционалдық міндеттері: Әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат және мемлекеттік жастар саясаты аясындағы бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етумен айналысады. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша мәжілістерге, жиналыстарға материалдарды дайындаумен айналысады. Бөлімдегі іс-қағаздардың нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуін бақылайды. Іс жүргізу, ақпаратты  жинақтау бойынша  жұмысты ұйымдастыру, номенклатуралық істерді жүргізу,  біліктілігін  көтеру бойынша,  өкілетті  және  атқарушы  органдардың  мемлекеттік  тілде бекітуге  ұсынатын  нормативтік  актілерді  ресімдеу  және  арыз-шағым  бойынша  жұмыстарды  қамтамасыз ету. 1 – EUOL бағдарламасының жүргізілуін қадағалау. Аудандағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым қатынас орнату. Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасты жүзеге асыру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында жоспарланған лоттарды уақытында жүргізілуін қадағалау. Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, кеңестік және әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша мәжілістерге, жиналыстарға материалдарды дайындаумен айналысады.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі не орта техникалық немесе кәсіптік. Мамандығы: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы E-R-4 cанаты 1 бірлік №01-04.

            Функционалдық міндеттері: Аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты  іске асыру, бұқаралық ақпарат құралдарына сараптамалық шолу, басылымдар жарияланымдарына контент-талдау жасау және бағдарламаларға мониторинг жүргізу, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, қоғамдық кеңес және бас редакторлар отырыстарын ұйымдастыру, аудандық басылымдарда мемлекеттік тапсырыс бойынша шығатын мақалалардың тізімін әзірлеу, материалдардың шығуын қамтамасыз ету, бөлімнің құзыретіне қатысты хаттарды, өтініштерді, заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау, бекітілген медиа-жоспарлардың орындалуын бақылауда ұстау, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік сатып алулар конкурстарын өткізу. І-ІІ жартыжылдықта мерзімдік басылымдарға жазылуды бақылайды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің іске асырылуы бойынша жұмыстар жүргізу.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі не орта техникалық немесе кәсіптік. Мамандығы: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-06.

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімінің бухгалтерлік есепке тиселі өкімдері мен шешімдерінің орындалуына іс-шара қолдану. Ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік жобалық – басқару шығындары және штаттық кестенің дұрыс орындалуын жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп құжаттарына, кассалық, материалдық шоттарға және де оның қосымшаларына жауапты.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі не орта техникалық немесе кәсіптік.  Мамандығы: Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-03.

Функционалдық міндеттері: Іс қағазын жүргізу, нотариат іс-әрекеттерін орындау, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Мамандығы: Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-04.

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі әкімі аппаратында бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктерінің актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу. Автоматтандырылған «Сайлаушы» сайлау жүйесін шақыру бойынша жұмысын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкіміне қызметіне сәйкес құжаттарды дайындау. Ауылдық округ әкімі аппаратында Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің, ауылдық округ әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру, орындалу сапасына бақылау жасау. Ауылдық округ тұрғындарына анықтама беру, шаруашылық кітаптарын жүргізу, мөрлердің сақталуына жауапты.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Мамандығы: Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Кенен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы E-G-3 санаты, 1 бірлік №01-03.

                        Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) “Б” корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе “е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе “е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би 106 мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
 
Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.