Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың Қордай ауданында орындалуы туралы

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 2017 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар туралы

 Қордай ауданында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары мен мемлекеттік бағдарламалары бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары жүйелі түрде орындалуда.

Қордай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы №151 қаулысымен комиссия құрамы қайта құрылған«Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия құру туралы».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссиясының 4 отырысы өткізілген(2017 жылдың -20 ақпанында, 24 сәуірінде, 17 шілдеде, 24 қазанда).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру мақсатында, аудан әкімінің ресми(http://korday.zhambyl.kz) сайтында«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты арнайы бөлімі құрылған.

Аталған бөлімде:

  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
  • «100 нақты қадам» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізуқағидалары;
  • Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлықпен қарсы іс-қимылдар туралы бейнероликтер;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынама;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың Қордай ауданында орындалуы туралы ақпараттар орналастырылған.

«Өзіңнен баста» атты жемқорлыққа қарсы Республикалық акциясы аясында аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен салық салу объектілері болып табылатын табыс пен мүлік туралы декларациялары уақтылы тапсырылды.

Ауылдық округ әкімдерінің халыққа (22 елді мекенде) есеп беру барысында «сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту», «сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында ауыл тұрғындарына (қатысушылар саны-1479)2017 жылдың 18-23 қаңтары аралығында түсіндірме жүргізіліп жадынамалар таратылды.

Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың ғимараттарында «Назар аудар, есіңде сақта!», «Егер сізден пара талап етсе!?», «Пара алу-бұл қылмыс» және «Пара беру-бұл қылмыс» тақырыптарында азаматтарға арналған жадынама ілінген.

Қордай ауданы әкімінің 2017 жылдың 26 желтоқсанында аппараттық кеңесінде аудан әкімдігіне бағынысты барлық мемлекеттік орган басшыларына келесі тапсырмалар берілді:

-мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында сыйлық алуға жол бермеу;

– мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен немесе алған сыйлықтарды жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыру жөнінде, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетiлген қызметтер үшiн ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиiс екендігі хабарланды.

Аудан бюджетінен 2017 жылға үкіметтік емес ұйымдар арасында өткізілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына (515,0 мың теңге) қарастырылып, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Жамбыл облысы Жас Отан қоры» Болатбек Уалихан Болатбекұлы (315,0 мың теңге) жеңімпаз атанды.

Аудан әкімімен 2017 жылдың 11 мамырында «Қордай ауданы әкімінің аппаратында, Қордай ауданы әкімдігінің бөлімдерінде, ауылдық округ әкімі аппараттарында 2017 жылдың 1 жартыжылдығында құқықтық мәдени деңгейін арттыру бағытындағы  іс-шаралар» жоспары бекітіліп, мемлекеттік қызметшілерге құқықтық оқыту жұмыстары жүргізілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту мақсатында, 2017 жылдың 17 мамырында 4 рет семинар-кеңес(Қордай, Қасық, Сортөбе, Қаракемер)ұйымдастырылып, Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаровтың және ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы С.Солтанбековтың есептері тыңдалды.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс» бірлестігі филиалының басшысы –  Төлендиев Қасымхан Естемесұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің арнайы өкілі – Малқайдаров Есенгелді Амангелдіұлы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы – Исмаил Қайрат Абилханұлымен 2017 жылдың 26 қыркүйегінде семинар-кеңес ұйымдастырылған.

Қордай ауданының 28 (аудан әкімі аппараты-1, аудан әкімдігінің бөлімдері-8, ауылдық округ әкімінің аппараттары-19) атқарушы органдары мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуде.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілген жалпы саны – 260 701, оның ішінде:

-қағаз нысанында – 9 707, қызмет көрсетілген немесе 3,7%;

-баламалы түрде – 14 523, қызмет көрсетілген немесе 5,7%;

-мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген – 213 936, қызмет көрсетілген немесе 82%;

-«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы – 6 677, қызмет көрсетілген немесе 2,6%;

-мемлекеттік копорация– 15 858, қызмет көрсетілген немесе 6%;

Теріс себептермен–6(Г.Садабаева, Б.Сазанбай, Н.Молдабеков, М.Алимбетов, А.Сырлыбаев, С.Аршабекова) мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған. Оның ішінде 1(Н.Молдабеков) мемлекеттік қызметші Қордай аудандық сотының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы                №2 –1938/17 шешімінің негізінде бұрыңғы лауазымына қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, басшы лауазымдарды қызметкерлердің өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы                                    29 желтоқсандағы№ 153 Жарлығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мемлекеттік органдардың ғимараттарында ілінген.

Аудан әкімінің 2017 жылғы22 мамырдағы №41ө өкімінің негізінде, Қордай ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау(2017 жылдың 22 мамырында) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг(2017 жылдың 25 мамырында)жүргізілген.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында, мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстарды өткізу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Аудан тұрғындарының жемқорлыққа қарсы мәдениет пен тәрбиені қалыптастыру мақсатында, Қордай ауылының орталық көшелерінде         2 билборд («Парақорлық-балалардың арманын ұрлайды», «Отправим коррупцию в глабальный нокаут»)орналастырылды.

Аудандық «Қордай шамшырағы» газетінің бетіне сыбайлас жемқорлыққа карсы тақырыпта 16(мемлекеттік тілде – 10, орыс тілінде – 6)рубрикалық материалдар жарияланған.

Жастар ресурстық орталығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 6 кездесу, 2 пікір сайыс, 1сұхбаттасу, 1 дөңгелек үстел ұйымдастырылған. Атап айтсақ:

-«Жемқорлық үшін Заң алдында жауапкершілік» атты кездесу (Отар ауылы 06.02.2017 ж. қатысушылар саны-40);

-«Жемқорлықтың пайдасы бар ма?» тақырыбында пікір сайыс (Қаракемер ауылы 14.02.2017 ж. қатысушылар саны-35);

-«Жемқорлық індет, жою міндет» атты кездесу (Ноғайбай ауылы 12.03.2017 ж. қатысушылар саны-69);

-«Жемқорлықсыз қоғам құруға болама?» атты пікір сайыс (Қордай ауылы 16.03.2017 ж. қатысушылар саны-40);

-«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын жүзеге асыру туралы» әңгіме сұхбат (Ноғайбай ауылы 20.03.2017 ж. қатысушылар саны-34);

-«Жастар-сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты кездесу (Қордай ауылы 27.03.2017 ж. қатысушылар саны-50);

-«Жемқорлықсыз өмір сүруге болама?» атты кездесу (Масанчи ауылы 06.04.2017 ж. қатысушылар саны-60);

-«Жастар-сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты дөңгелек үстел (Жамбыл ауылы 13.04.2017 ж. қатысушылар саны-38);

-«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» атты кездесу (Кенен ауылы 29.04.2017 ж. қатысушылар саны-30);

-«Жемқорлыққа жол жоқ» атты кездесу (Масанчи ауылы 12.05.2017 ж. қатысушылар саны-55).

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдың                                     12 айындаҚордай ауданы әкімдігіне бағынысты мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық санатына жататын3(Б.Сазанбай, С.Ануарбеков, А.Бегалиева)қылмыстық іс орын алған(2016 жылы 5 қылмыстық іс- Қ.Иманалиев, М.Жетигенов, Б.Чукенов, У.Киялов, Г.Садабаева). Атап айтсақ:

  • Қордай аудандық сотының 2017 жылғы 27 наурыздағы үкімімен – Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Сазанбай Болат Жеңісбайұлы300 000 теңге пара алғаны үшін, ҚР ҚҚ-нің 366 (пара алу) бабының                           2-ші бөлігімен айыпталып, оған осы бап бойынша жеке мүлкін тәркілеп, жергілікті басқару органдарында мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырып, 60 (60×300 000) еселенген көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған, яғни  18 000 000 (он сегіз миллион) теңге.

Нәтижесінде, Қордай ауданы әкімінің 2017 жылғы 4 мамырдағы №177 ө-ж/қ өкімімен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Сазанбай Болат Жеңісбайұлы қызметінен босатылды.

  • Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Ануарбеков Самат мемлекетке шамамен 2 180 000 теңге залал келтіргені үшін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189 бабымен, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адаммен сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу фактісі бойынша, қылмыстық іс қозғалған.
  • Қордай ауылдық округі әкімінің орынбасары Бегалиева Ақ-Марал Джанибековна 100 000 теңге пара алғаны үшін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190 бабымен айып тағылып, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адаммен алаяқтық жасау фактісі бойынша, қылмыстық іс қозғалған.

Ал, мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар сипатындағы5(Қ.Райымкулов, Н.Молдабеков, М.Алимбетов, А.Абдибаев, Д.Қарымсаков) құқықбұзушылық орын алған (2016 жылы -4 Б.Саниязов, Б.Сазанбай, Д.Жаманбаев, А.Валиева).

Мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес конкурс өткізу барысында, шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткен.

Нәтижесінде:

1)аудан әкімінің 2017 жылғы 31 мамырдағы №216ө-ж/қ өкімімен Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Райымкулов Куатбек Жумабаевич «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50 бабының 1 тармағының 4), 5) тармақшасына және 44 бабының                     6 тармағына  сәйкес, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Қордай ауданындағы шаруа қожалықтарының өсiмдiк шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, мал өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыты бойынша, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өтініштерін қанағаттандыру арқылы заң талаптарына сай келмейтін негіздермен субсидия төлеугежол берген.

Нәтижесінде:

2) Қордай ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының                2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 94ж/қ бұйрығымен, аталған бөлімнің  бас маманы Алимбетов Мухамеджанға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабының 6 тармағына,                          50 бабының 1 тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, атқаратын мемлекеттік лауазымнан шығару түріндегі  тәртіптік жаза қолданылды;

3) Қордай ауданы әкімінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 426ө-ж/қ өкімімен Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Молдабеков Нуржан Смагуловичке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабының 6 тармағына, 50 бабының                    1 тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, атқаратын мемлекеттік лауазымнан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолданылды;

4) Қордай ауданы әкімінің 2017 жылғы 27 қазан № 487ө-ж/қ өкімімен Қасық ауылдық округінің әкімі Абдибаев Айтжан Башановичке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабының 6 тармағына, 50 бабының 1 тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;

5) Қордай ауданы әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсан № 5424ө-ж/қ өкімімен Қасық ауылдық округінің әкімі Карымсаков Данияр Еркінбайыұла «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабының 6 тармағына, 50 бабының 1 тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың көпшілігі пара алу, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, қызметтік жалғандық жасау болып отыр.

Нәтижесінде, орын алған құқықбұзушылық фактілерін зерделеу барысында, лауазымды тұлғаның өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше және заң талаптарына сәйкес толық орындамағаны, сонымен қатар өз міндеттеріне немқұрайлы қарағаны салдарынан болған.

 

 

Аудан әкімі аппаратының

мемлекеттік-құқықтық жұмысы

бөлімшесінің басшысы                                        Е.Бекпатшаев