home
home home

15 ақпан – кеңес әскерлерінің ауғанстан жерінен шығарылған күні

 

Ардагерлер қаруластарын еске алды

Биыл  Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толып отыр. Жарияланбаған соғысқа қатысып, жат жерде жанқиярлық ерлік көрсеткен интернационалист жауынгерлер қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Елден жырақта ерлікпен қаза болып, туған жердің топырағы бұйырмағаны қаншама. Елге аман оралғандары бүгінде елуді еңсеріп, алпысқа таяған азаматтар. Ал, оларға деген құрмет әркез артпаса кемімек емес.

15 ақпан күні Қордай ауылының орталық алаңында осы бір даталы күнге орай жиын өткен болатын. Кеудесінде медальдары толы, көздерінде сонау жылдардың ұшқыны көрінетін Ауған соғысының ардагерлері жыл сайын осы орында қаруластарын еске алады. Патриоттық шараға аудан әкімінің орынбасары Мырзағали Күзербаев, аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов және құқық қорғау органдары, мәслихат депутаттары, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Аудан әкімінің ыстық ықыласын жеткізген Мырзағали Ыстыбайұлы сөз алып, айтулы датаның күнтізбеде орны ерекше екенін атап өтті. Осыдан кейін, сөз алған аудандық Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Дәулет Қырғызбаев отты жылдарды еске алып, еліміздің болашағы – жастарға жігер беріп, енді ешқашан мұндай соғыс болмауын тіледі. Ауған ардагерлері ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, майданда ажал құшқан қарулас достарын еске алды. Бір минуттық үнсіздіктен соң жиналғандар сол бір жантүршігерлік майдан туралы естеліктерімен бөлісті.  Жастайынан қыршын кеткен жерлестерін еске алуғы жиналған қауым биыл да көп болды. -Арада отыз жылдан астам уақыт өтсе де сол бір қиын кезеңдер әлі күнге көз алдымызда, дейді интернационалист жауынгерлер.  

Айтулы іс-шарадан кейін аудан әкімі Рүстем Дәулет ардагерлерді қабылдап, кездесу өткізді. Кездесу барысында 10 жылға созылған соғыс өртінің куәгерлерімен емен-жарқын әңгіме айтылып, аудан басшысы олардың тілектері мен ұсыныстарына құлақ түрді. Соңында кездесуге келген ардагерлерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпат берілді.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.